1.3 КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ Білім алушы барлық сабақтарға қатысуға міндетті. Қандай да бір себептермен сабаққа қатыса алмаған студент/магистрант өтілмеген материалды өзбетінше игеруге міндетті. Студент бақылау тапсырмаларын орындауға және бекітілген мерзімде тапсыруға міндетті. Мерзімінен кеш тапсырылған бақылау жұмыстарының бағасы төмендетіледі. Рубеждік бақылау қорытындысы шығарылғанда студенттің сабақтарға қатысымы, өзіндік жұмыстарды орындауы және бекітілген мерзімде тапсыруы, сабақтардағы ауызша және жазбаша жауаптары, рубеждік бақылау жұмысының нәтижесі ескеріледі.Студент науқастануына байланысты немесе басқа дәлелді себептермен сабақтарға қатыспай, рубеждік бақылауды мерзімінде тапсыра аламаса, дәлел құжаттар негізінде жеке тапсыру құқығына ие болады. Мұндай жағдайда ұсынылған дәлел құжаттар негізінде рубеждік бақылау мерзімі студент/магистрант үшін жеке бекітіледі. Студент сабаққа уақытында келуі тиіс. 10 минуттан артық кешіккен студентті оқытушының сабаққа кіргізбеу құқы бар. Сабақ кезінде ұялы телефондар сөндірілуі тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер е-mail арқылы пән оқытушыларынан консультация, әдістемелік көмек алуына болады.
1.4 ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№
Курс тақырыптары
Оқу түрлері бойынша сағаттар бөлінісі*
Күндізгі
Кұндізгі қысқартылған техникалық және кәсіптік білім негізінде, 3 жыл
Кұндізгі қысқартылған жоғары білім негізінде, 2 жыл