Баға қою критерийлері Студенттердің ағымдық үлгерімін бақылау оқу пәнінің барлық тақырыптары бойынша өткізіледі және аудиториялық, аудиториядан тыс сабақтардағы білімді бақылаудың барлық түрлерін қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (емтиханға жіберілу рейтингісінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық үлгерім бағаларымен рубеждік бақылау бағаларынан (аудиториядан тыс сабақтар)құралады.
Ағымдық үлгерімді бақылау кезінде студенттердің/магистранттардың оқудағы жетістіктері әр орындалған тапсырма бойынша 100 балдық шкаламен бағаланады (ағымдық сабақтардағы жауап, үй тапсырмасының, студенттің өзіндік жұмысының орындалуы, рубеждік бақылау). Ағымдық үлгерімді бақылаудың соңғы нәтижесін шығару үшін академиядық мерзім барысында алынған бағалардың орташа арифметикалық көрсеткіші есептеледі (төмендегі кестені қараңыз).
Білім алушылардің оқу жетістіктерін бағалау критерийлері