Байланысты: УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2
Қылмыс құрамының түрлері. Қылмыстық құқық теориясында әр қылмыс құрамдары бір белгілермен біріктірілетін белгілі бір толптарға бөлінеді. Құрамның жіктелуі соңында әр қылмыстың мазмұнын білу үшін олардың құрылуының жалпы заңдылықтарын білуді міндеттейді.
Қылмыс құрамдарын жіктеуді келесі критерилерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
қоғамға қауіптіліктің дәрежесі
құрамның белгілерін сипаттау тәсілі
құрылыс ерекешліктері.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі 1) жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамы 2) жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы болып бөлінеді.
Бұндай бөліну қажеттілігі біріншіден қылмыстық жауапкершілік пен жазаны заңды бөлуді мақсаттайды. Қылмыс құрамы әрқашанда әрекеттің жазалау шектерін көрсететін санкциялармен байланысты тұрады. Бірақ бір түрлі іс-әрекеттер тек қана қоғамға қауіпті дәрежесімен ғана емес мінезімен де ерекшеленуі мүмкін.Осыны ескере отырып заң шығарушы кейбір жағдайларда,бір қылмыс бойынша бірнеше құрам бөліп шығарады және осыларды әртүрлі жазалау арқылы байланыстырады. Бұл жазалау саясатының бірлігін қамтамасыз етеді және жазалауды жекелеуге, заңдылық сақтауға жол ашады.
Негізгі құрамда бұндай іс-әрекеттің өзіне тән ерекше белгілері сипатталады, іс-әрекет ауырлататын немесе жеңілдететін жайларсыз жасалса заңда ол қылмыстық кодекстің өзіндік бабында (мысалы 106 бап) немесе қылмыстық кодекстің бабының бөлігінде (мысалы (107 бап 1 бөлігі).
Квалифицированный состав (сараланатын) - бұл ауырлататын мән-жайлар бар құрам және бұл мән жайлардың болуы негізгі құрамға қарағанда ауыр жазалауға әкеледі.(мысалы 96 б 2 б, 178 б 2 б). кейбір жағдайда жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты заңшығарушы сараланатын құрамның түрлерін бөліп көрсеткен. Олар аса ауырлататын жағдайлардағы қылмыс құрамы ( ҚК 175 б 1 б, 289 б 3,4 б).
Жеңілдететін мән-жағдайдағы қылмыс құрамы - бұл заң шығарушыны жазаның мөлшерін негізгі құрамды құратын,қылмысты жасағаны үшін көрсетілген мөлшерден көрі азайтуға әкеп соқтыратын,мән жайлары бар құрам. Мысалы: ауырлататын мән-жайларсыз адам өлтірген жағдайда ҚК 96 б 1б байланысты жаза 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады. Ал қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде кісі өлтіру (ҚК 96 б) жаза кішірейтілген - 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру. Бұл қылмыстың құрамы кісі өлтірудің жеңілдететін мән-жайлары бар құрам.
Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамы жай қылмыс құрамы және күрделі қылмыс құрамына бөлінеді.
Жай қылмыс құрамы - қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы және т.б.
Күрделі құрамда мыналар болады:
элементтердің екеуі
іс-әрекет жасау процесінің немесе қылмыс зардаптарының (созылмалы және жалғасатын қылмыстар) созылуы
альтернативтік элементтер
бірнеше жай құрамдардан қосылған
Қылмыс құрамының құрылысына қарай материалды, формалдық және келте болып бөлінеді. Өйткені тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеті бірнеше этаптарға бөлінеді: әрекетке дайындалу; әрекет жасау; нәтижеге жету.
Егер заң шығарушы қылмыс құрамында тек іс-әрекетті емес іс-әрекеттің нәтижесінен болған зардапты көрсетсе онда бұл материалды құрам (адам өлтіру).
Егер заң шығарушы қылмыс құрамында іс-әрекеттің белгілерін көрсетіп қалған зардапты тыс шығарса, онда бұл формалдық құрам болады. Бұл жағдайда құрамның толық болуы үшін көрсетілген әрекетті жасағаны жеткілікті (пара беру және алу, жала жабу, қащқындық және т.б.).
Егер заң шығарушы қылмыс құрамындағы қылмыстық іс-әрекеттің жалпы бейнесін азайтса, яғни қылмыс құрамы қылмысқа дайындалу әрекеттері немесе бір іс-әрекет жасау процесін қамтыса, онда бұл келте қылмыс құрамы болады. Яғни қылмыстың аяқталуы үшін қоғамға қауіпті зардабы. Қоғамға қауіпті әрекетке жеткізетін іс-әрекеттерін аяғына дейін жеткізу қажет емес (қарақшылық, бандитизм).