Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Субъектінің жасының белгілері



бет52/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Субъектінің жасының белгілері.
ҚР ҚК қылмыстық жауапкершіліктің 2 жас деңгейін белгілеген. Жалпы көп қылмыстар үшін жауапкершілік 16 жастан басталады. Ал кейбір қылмыстар қоғамға қауіптілігі құқыққа қарсылығын жас өспірімге де көрінетін қылмыстар үшін 14 жастан (ҚК 15 б 2 б). 14 жастан жауапккершілік белгіленген қылмыстар тізімі шектерген.
Оларға жатады: (96 б) адам өлтіру; (103 б) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; (104 б 2 б) ауырлататын мән жайда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру; (120 б) зорлау; (121 б) нәпсі құмарлық сипатындағы күш қолдану; (125 б) адам ұрлау; (175 б) ұрлық; (178 б) тонау, (179 б) қарақшылық; (181 б) қорқытып алушылық (185 б2,3,4 б) (187 б 2,3 б); терроризм (223,234,242,255,257,258,260,275,299 б)
Алдын ала тергеу органдары, прокуратура, сот жауапқа тартылатын кәмелетке толмағанның нақты жасын анықтауға міндетті. Жасы оның құжаттары арқылы анықталады. Адам жасы толды деп туылған күнін емес келесі күннен бастап саналалады. Егер кәмелетке толмағандардың құжаттары болмаса тергеу органдары оның жасын анықтау үшін сот медициналық экспертиза тағайындауға міндетті. Бұл жағдайда айыпталушының туған күні сот медициналық экспертиза анықтап жылдың соңғы күні болып есептеледі.
Айыпталушының минималды және максималды жас мөлшерін анықтау барысында оның максималды жас мөлшері алынады.
Кейбір қылмыстардың субъектісі болып (әскери мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс) тек 18 жасқа толған адамдар бола алады.
15 б 3 б былай деліген: егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.
Қылмыстың арнаулы субъектісі.
Арнаулы субъекті болып субъектінің жалпы белгілерінен басқа қосымша белгілері бар тұлға болады. Бұндай қосымша белгілер Ерекше бөлімнің баптарында көрсетілген. Қылмыстың арнайы субъектісін оның белгілерін дұрыс түсіну қылмысты саралауға қажет.
Арнаулы субъекті белгілеріне байланысты сипатталады. Олар тұлғаның құқықтық жағдайына, оның қызметтік жағдайына және демографиялық сипатына және субъектінің жәбірленушімен қатынасы.
Бұл тұлғалардың жауапкершілігі көзделген қылмыс құралдары - арнаулы субъектілік құрам деп аталады. Сол себепті қылмыс құрамында көзделген арнаулы субъектілердің белгілері болмаған қылмыс үшін жауапкершілік болмайды.Мысалы, егер сот пара алған адамды лауазымды тұлға емес екендігін анықтаса,ол іс тоқтатылуы тиіс, өйткені ҚК 311 бабының субъектісі арнаулы.
Қылымстың арнаулы субъекті болып тек қылмысты орындаушы болады. Арнаулы субъектілі қылмыстық қатысушылары ретінде белгілері жоқ тұлғалар да бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет