Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері



бет58/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері.
Бір адамның бір (жеке) немесе бірнеше қылмыс істеуі қоғамға қауіптілігі жоғары екенін көрсетеді. Жасағанның қоғамға қауіптілік деңгейі құқық қорғау мүдделеріне аса мәнді залал келтіруі бір қылмысқа қарағанда. Басқа жағдайларда бірнеше рет жасауы әлеуметтікке қарсы бағытталған қарсы әрекеттерден тұрады.
Қылмыстардың көптігі - жалпыланған қылмыстық құқықтық түсінік және ол ҚР-ң қылмыстық заңнамасында тұрмайды, бірақ ол қылмыстық құқық ғылымымен зерттелген. Ол көбінесе құқық қолдану тәжірибесінде тиімді қолданады.
Қылмыстардың көптігін заңды белгілері:

  1. бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы

  2. бірінен соң бірі ретімен жасаған қылмыстар

  3. әр қылмыстан кейін қылмыстық құқық зардабының қалуы.

Бірінші белгі - көптіктің ең жалын белгісі. Оны сандық жағынан қарайды.
Қылмыстардың көптігі болмайды егер де бүкіл (екі) әрекеттің біреуі кінәлі жасаған кезде қылмыс болып саналмаса.
Бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы, яғни олардың әр қайсысы жеке, бірлікті қылмыс болуы керек. Осылар біркелкі нысанда болуы мүмкін, бірақ бір қылмыстың белгілері болуы тиіс.
Бірнеше қылмысты жасауды біз көптілік деп санаймыз. Мысалы, кінәлі екі жай қылмыс жасауы мүмкін. Біркелкі қылмыстар өзінің мінездемесі бойынша заңды түрде бірдей немесе бірдей емес болады.
Заңды түрде бірдей деп өзінің объективтік және субъективтік белгілері қылмыстық норманың біреуіне сәйкес келсе (жеке санкциясы болса).
Ал заңды түрде біртоптық қылмыстарды көбінесе ерекше белгілері бойынша ажыратады, бірақ олар қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетіледі (бап, пункт, бөлік). Орнатылған бір топтылығын басқа қылмыстық қол сұғушылыққа жатқызуға тиісті, оның заңды белгілерінің ұқсастығына байланысты: негізгі объект, кінәнің нысаны, тәртіп ниеті, қылмыс жасау тәсілдері және т.б.
Заңды бір топтық емес деп мына қылмыстарды айтуға болады. Олар өзара ұқсас, белгілері жақын және қылмыстық нормалардың әрқайсысында көрсетілгендей (бап, бөлік, пункт).
Осы қылмыстардың сәйкес келуі көптіліктің нысанын байқауға мүмкіндік береді және соған байланысты қылмыстық заң әр түрлі қылмыстық құқықтық мән береді.
Қылмыстардың көптіліктің екінші белгісі - рет-ретімен екі немесе одан да көп қылмыс жасауын айтамыз. Ретімен жасау бұл қылмыстың бірі-бірімен бөлек жүретінін көрсетеді. Яғни әр қылмыс арасында белгілі уақыттың болуы. Уақыттың үзілуі созылмалы болмауы керек, бірақ бұл кезде бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратылуы керек.
Көптіліктің үшінші белгісі - әр қылмыстан кейін келтірген зардаптың сақталуы. Осының мәні, яғни көптілікті құрайтын тек қылмыстар немесе кінәлінің әрекетіне нақты жаза қолданған кезін жатқызамыз.
Көптілікке қатысты жағдайлар бұл бір немесе бірнеше ретімен жасалған кінәлінің әрекетін айтуға болады.
Көптіліктің нысанына жатады:

  1. қылмыстың жиынтығы (ҚК-ң 12 б).

  2. қылмыстың қайталануы (11 б)

  3. қылмыстың рецидиві (13-б)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет