Қарастырылатын сұрақтар: Жоғары заң күшіне ие, қылмыстық жазаланушы әрекеттердің шеңберін анықтайтын кодификацияланған нормативтік құқықтық акт ретіндегі қылмыстық заң түсінігі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңы.
Қылмыстық заңнаманың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкестігі туралы талап.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының құрамдас бөліктері ретінде.
Қылмыстық заң құрылымы. Қылмыстық құқықтық норма құрылымы. Қылмыстық құқықтық норма диспозициясы мен санкциясының түрлері.
Тапсырманы орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: Студенттер әр сұраққа жеке түрде жауап береді.Тапсырмалардың тақырыбы алдын ала таратылып, сол тапсырма бойынша әңгімелесу жүргізіледі, студенттерге дәріс мазмұнын, қосымша әдебиеттерді міндетті түрде алдын ала оқып шығуға ұсыныс беріледі.
Тапсырмалар. Қолдану тәжірибесінен, ақпараттық құралдардан, мысалдарды табу, келтіру.
Сабақты өткізу формасы – мини-конференция
Әдістемелік нұсқаулар. Интерактивті технологияны қолдана әкелей алғанда «өрнектелген ара» әдісінің элементтерінін қолдану.
«Өрнектелген ара» әдісінің элементтеріне кіретіндер:
Мақсатты бөлу: мақсат немесе мәтіндік материал кейбір құрамды бөліктерге немесе тақырыптарға бөлінеді.
Алғашқы топтар: топтың әрбір мүшесі тақырып алып, өзі оның сарапшысы болады.
Сарапшылық топтар: тақырыптары бірдей студенттер сарапшылық топқа жиналып тақырыптарын талдайды, оны қалай меңгеру керек, қалай жоспарлау керек, қандай түрде дәрістеу керек екендігін қарастырады.
Алғашқы топтар: Студенттер өздерінін алғашқы топтарына оралып сарапшылық топтарда үйренгендерін басқаларға оқытады.