Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


- ТАҚЫРЫП . Қылмыстық заң



бет37/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

2 - ТАҚЫРЫП . Қылмыстық заң
Дәріс жоспар
1.Жоғары заң күшіне ие, қылмыстық жазаланушы әрекеттердің шеңберін анықтайтын кодификацияланған нормативтік құқықтық акт ретіндегі қылмыстық заң түсінігі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық заңы.
2.Қылмыстық заңнаманың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкестігі туралы талап.
3.Қылмыстық заңға түсінік беру.
Дәріс тезистері
Қылмыстық заңға түсінік беру оның маңызын анықтау, оның мағынасын анықтау, заңнамада қолданылатын терминдерді түсіндіру және түсіну.Түсінік беру субъектілері болып мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ жеке азаматтар табылады. Заңды күшіне қарай түсінік беру заңды күші бар және заңды күші жоқ болып бөлінеді. Түсінік берудің әрекеттері болып грамматикалық, логикалық, жүйелік және тарихи әдістер табылады. Заң талдау мазмұнын грамматикалық түсінік беру заң мазмұнының мәтінін этимологиялық және синтаксистік талдау, сонымен қатар заңда қолданылатын сөздер, түсініктер мен терминдердің мәні мен мағынасын анықтау үшін қажет.Логикалық (талқылау) түсінік беру заң мәтінінде тура көрсетілмеген, заң шығарушы еркін әртүрлі әдістермен орнатуды өз мақсаты ретінде санайды. Жүйелік (систематикалық) түсінік беру мәні ҚК-ң ішіндегі әртүрлі қылмыстық құқықтық нормаларды ҚК еңбегін басқа да әрекет етіп жатқан қылмыстық құқықтық актілермен өзара салыстыру, сонымен қатар әртүрлі құқық салаларын салыстыру және заңнама жүйесінде осы нормаға оны белгілеу.Тарихи түсінік берудің мәні, әрекет етіп жатқан қылмыстық құқықтың нормаларды олардың ұқсастықтарымен салыстыруда.Көлемі (ауқымы) бойынша келесідей түсінік беру түрлері көрсетілген: таратылған және шектеуші. Шектеуші түсінік беруі болып, нәтижесінде қылмыстық заң барлық жағдайларға қолданылмай тек осы заңның, белгілі бір анықталған мәтіні ғана түсінік беруін айтамыз.Үйлестірмелі түсінік беру деп, заң мәтінінде тікелей көрсетілмейді, бірақ күдіктенетін жағдай болғанда қолданылатын түсінік беруді айтамыз. Субъектісіне қарай түсінік беру мәтіндік (жариялылы), соттық және ғылыми (доктринарлық).Жариялы (мәтіндік) түсінік беру деп, осы заңды қабылдаған органмен берілген түсінік беруді айтамыз.Соттық деп, сотпен қарастырылатын әрбір нақты іске түсінік беруді айтамыз.Ғылыми (доктринарлық) түсінік беру - бұл монографияларда, оқулықтарда мақалалар түріндегі ғылыми қызметкерлермен ғылыми мекемелермен берілетін түсініктеме 10-бап. Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.
2 Қылмыстық Кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығынан шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.
3. Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.
4. Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет