Жасалғаны үшін ҚК – те көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ҚК – те көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыздажасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін Кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделгенқасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмысты мұндай санаттарға бөлу қылмыстық жауаптылыққа тарту, жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату мәселелерін шешу кезінде заң бұзған (қылмыс жасаған) адамдардың істерін жік – жігіне дейін ашып қарауға мүмкіндік береді.
Онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстарға дайындалғандық үшін қылмыстық жауаптылық басталмайды. Онша ауыр емес қылмыстарға оқталғандық үшін қылмыстық тәртіп бойынша қылмыстық қудалау жүргізілмейді. Онша ауыр емес қылмыстардың бірінші рет жасалуы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән – жайлар болып табылады. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде онша ауыр емес (кішігірім ауырлықтағы) қылмыстар үшін түпкілікті жаза жеңілірек, қатаң жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен тағайындалады. Егер шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде онша ауыр емес қылмыс жасаса сот шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені шешеді. Дәл осындай жағдаяттар бойынша бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам: егер шын өкінетін болса; жәбірленушімен татуласса және жағдайдың өзгеруіне байланысты; екі жыл (кішігірім қылмыс жасағаннан кейін) және бес жыл (орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан бостылуы мүмкін. Айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күнінен бастап есептегенде, мынадай мерзімде: кішігірім ауырлығы қылмысы үшін сотталғанда – үш жыл; орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда – алты жыл өткенде орындалмаған болса, жаза өтелуден босатылады. Жазаны шартты түрде – мерзімінен бұрын босату, сотталған адамға: кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын өтегеннен кейін қолданылады, кішігірім және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бас бостандығын өтеп жүрген адамдарға сот өтелмеген жаза бөлігін жеңілірек жазаның түрімен ауыстыра алады. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; кәмелетке толмағандарға қатысты бір жылдың өтуі бойынша соттылық жойылады.
Бірінші рет кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге ҚК – тің 82 – бабында көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық жазадан босатуы мүмкін.
Ауыр қылмыс жасау мынандай: қылмыстың қайталануын қауіпті немесе аса қауіпті деп табу; мерзімнің кемінде үштен екісін (кәмелетке толмағандарға қатысты – жазаның кемінде жартысын) нақты өтегеннен кейін жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату; қылмыстық жауаптылықтан ескіру мерзімінің он жылының (кәмелетке толмағандарға қатысты – бес жыл) өтуіне байланысты босату; бас бостандығынан айыруға сотталғандарға – жазаны өтегеннен кейін алты жыл (кәмелетке толмағандарға қатысты – үш жыл) өтуі бойынша соттылығы жоқ деп тану секілді құқықтық салдарға әкеп соқтырады.
Аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін, қылмыс қайталануының аса қауіпті деп танылуы; өлім жазасының немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның қолданылуы; бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалған жаза мерзімінің бір бөлігінің түрмеде өтілуі; жазаны өтеуден мерзімінен бұрын – шартты түрде жаза мерзімінің кемінде төрттен үші (кәмелетке толмағандарға қатысты – үштен екісі) өтелгеннен кейін босатылуы; қылмыс жасаған кезінен бастап немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап он бес жылдық ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы; бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша (кәмелетке толмағандарға қатысты – үш жыл өтуіне бойынша) соттылығының жоқ деп танылуы мүмкін. Аса ауыр, қылмыс жасағаны үшін бас бостаныдығынан айыруға сотталған адамдар жазасын ерекше режимдегі түзеу колонияларында өтейді.
Жекелеген жағдайларда заң шығарушы қылмыстың бірқатар топтық белгілеріне назар аударады. Мысалы, жеке адамдарға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адамды сот, егер ол ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық/сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық/сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе де қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды; жеке адамға қарсы ауыр және өте ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге сотталған жүкті әйелдердің және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйелдердің жазасын өтеуін кейінге қалдырмайды. Бұл жерде тек қылмыс тек қылмыс санаттары ғана емес, сонымен қатар қылмыс объектісі, ал соңғы жағдайда жаза тағайындау мерзімі де ескерілетіндігін байқаймыз.