Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»


– ТАҚЫРЫП. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі



бет44/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

6– ТАҚЫРЫП. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі.
Дәріс жоспары
1.Қылмыстық құқық бойынша,қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісінің түсінігі. Қылмыстық заң,қылмыстық құқықтық қорғау объекттері және олардың иерархиясы туралы.
2.Қылмыстық құқық бұзушылық объекттерінің түрлері (тігінен жіктеу): жалпы, тектік, тікелей.
3.Қылмыстық құқық бұзушылық объекттерінің жіктемесінің Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімін жүйелендіру үшін маңызы.
Дәріс тезистері
Қылмыстың объектісі болып,қылмыстық құқық нормаларымен қол сұғылған үшін жауапкершілік көрсетілген қоғамдық қатынастар.
Қоғамдақ қатынастар - адамдар арасындағы байланыстар және олардың белгілі бір құндылықтар жайлы тәртібі. Қоғамдақ қатынастар бұл бізді қоршаған әлемнің Қоғамдақ қатынастар объективтік шындылық жалпы қарым-қатынастардың көрінуі. Басқа қатынастарға қарағанда қандай қиын формаларда болмаса да бұл қатынастар әрқашанда адамдар арсындағы қатынастар.
Бұзылған қатынастарға байланысты қорғау сипаты анықталады. Олардың арасында ең маңыздысы бұл қылмыстық құқық нормаларымен қорғалатындары. Әр қылмыстық іс-әрекет қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастаға қол сұғады, зиян келтіруі мүмкін немесе келтіреді, соның себебінен қылмыс болып саналады.
Қол сұғушылық объектісі болып тек қылмыс арқылы зиян келтірілетін немесе келуі мүмкін объект болады.
Қылмыс объектісі - әр қылмыстың қажетті құрам белгісі. Іс-әрекет қылмыс деп саналмайды, егер ол объектіге бағытталмаса немесе қылмыстық заңда көрсетілмеген объектіге бағытталса. Егер тұлға қылмыс жасап жатырмын деп санаса да оның жасаған іс-әрекеті "жалған қылмыс" болады және ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыстың объектісі қылмыс құрамының қажетті белгісі, ол қылмыстың мәнін қоғамға қауіпті деңгейін анықтайды. Объектіге байланысты біз қандай жасалғандығын анықтаймыз (адам өлтіру немесе қорлау, мемлекеттік мүлікті ұрлау немесе параалу).
Қылмыс объектісінің үлкен маңызы бар. Өйткені ол құқық жүйелері қорғайтын құндылықтарды ашады.
Советтік қылмыстық құқығының кластық мәні өз келбетін қылмыстық құқықтық қорғау объектісінен тапты, олардың тізімі ҚазССР ҚК 7 бабында көрсетілген. Ең жоғарғы мемлекеттік мүддегер,содан соң барып азаматтың және қоғамның мүддегері қойылды.
Қазіргі кезде біздің ойымызша құқық шығарушылық және құқық қолданушылық деңгейде қылмыстық құқықтың маңыздысы адамдық фактордың максималдық есебі.
Қолсұғушылық объектісі дұрыс анықтау қылмыстың әлеуметтік-саяси мазмұнын ашуға, оның қоғамдық қауіптілік сипатын көрсетеді және нақты қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс жіктеуге жол ашады және бұл кінәлі адамға әділ жаза тағайындауға қажетті шарт болып табылады.
Қылмыс объектісі ҚК Ерекше бөлімінің жүйесінің құрамының негізі.
Гуманизм позициясынан адамның өзін, оның құқықтарымен мүдделерін қорғауға маңызды болуы тиіс. Барлық қылмыстың құқық қорғау объектілері соңында адамға қызмет етеді, осыда олардың әлеуметтік мағынасы және құны.
Мемлекеттің, қоғамның мүдделерін адамзаттың мүдделеріне қарағанда маңызды деп табу қылмыс туралы қате түсінікке және қылмыстың белгісі қоғамдық қауіптіліктің қате түсінігіне әкелді.
Мысалыға социалистік мүлікке қол сұғушылық адам өлтіруден ауырырақ қылмыс болып саналған (1932 ж 7 тамыздағы заңы): ұрлық үшін жапса өлім жазасы, ал адам өлтіру үшін, ауырлататын мән-жайлардың болғанның өзінде – бостандығынан айыру.
Қоғамның демократизациялануы, адамзаттың құндылығын қабыл ету, және тұлғаның өмірін, денсаулығын, бостандығын, қылмысын, құқықтарын тану қылмыстық құқықтық объектісін ашуға, қылмыстың қоғамға қауіптілік деңгейімен мінезін анықтауға жол берді. Қандайда бір зиян іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік бекіту арқылы қоғам адамды оның қажеттілігін және мүдделерін қорғайды. Қылмыстық құқықтың мақсаты – қорғау механизмін ашу және оны әсерліету. Бұл айтылғандардың барлығы ҚР қылмыстық заңында өз орнын тапты, әсіресе Ерекше бөлімнің жүйесінде, өйткені тұлға және адам құқықтарына қарсы қылмыстар 1-ші орында тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет