Білім беру бағдарламасы Телібеков Б. А. «ҚР Қылмыстық құқығы»



бет46/99
Дата28.10.2022
өлшемі403,76 Kb.
#155500
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99
Байланысты:
УМКД ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлімі) Телибеков Б.А. 2

Қылмыстың заты.
Қылмыстың заты - қолсұғушылық объектісінің элементі, яғни соған әсер ету арқылы қылмыскер қоғамдық қатынастарды бұзады немесе бұзуға тырысады. Мысалы, жалған ақша немесе құнды қағаздарды сату немесе жасау (206 б). Объектісі қаржы ақша жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі, ал заты - ақша немесе құнды қағаз.
Кейбір қылмыстық құрамдар үшін зат міндетті түрде қажетті белгісі болады.
Қылмыстың заты барлық қылмыстарда бар емес, тек қылмыстың объектісіне қолсұғушылық сыртқы әлемнің материалдық заттарына әсер ету арқылы жасалатын қылмыстарды қажет. Мысалыға қылмыстың заты зорлау, қашқындық сияқты қылмыстарға қажет емес.
Кейбір қылмыстар жасау барысында кінәлі адам зардапты тұлғаға келтіреді. Бұл қылмыстан зардап шеккен тұлға жәбірленуші болып аталады.
Басқаша айтқанда жәбірленуші-бұл қылмыс арқылы мүліктік, моральды немесе материалдық зиянды келтірілген тұлға.
Виктимология-жәбірленушінің қылмыс жасалу барысындағы рөлін, басқа қылмыстар жасауға жәбірленушінің әсер етуін зерттейді.
Қылмыстың затын тікелей объектімен араластыруға болмайды. Қылмыстың заты қоғамдық қатынастардың құрылымының элементі, яғни тікелей объектінің бір бөлігі сияқты. Тікелей объектіге қылмыс арқылы әрқашан зардап келтіріледі, ал затқа зардап келтірілмеуі де мүмкін. Мүлік, ақша және басқа да құндылықтар контрабанда барысында ұрланған жағдайда өз құрамдарын жоғалтпайды. Бірақ кейбір қылмыстар жасалу барысында затқа да зардап келуі мүмкін, мысалыға мүлікті жою немесе зақым келтіру барысында.
Қылмыстың затын қылмыс қаруларымен қылмыс жасау құралдарымен араластыруға болмайды. Егер қылмыс заты бұл қылмыс арқылы әсер ететін немесе әсер етуге тырысатын зат болса қылмыс жасау құралдары қылмыс затына не арқылы зиян келтірілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар бір зат оның атқарған рөліне байланысты бір жағдайда қылмыс құралы, ал екінші жағдайда қылмыс заты болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушіге үйіндегі құндылықтарды тонау үшін алдау арқылы есірткі зат беріп, оны есін түсінбейтін халге жеткізіп, үйін тонаса онда есірткі зат қылмыс жасау құралы болады. Ал егер есірткі зат жасалып, сатылып немесе сатып алынып жатса онда ол қылмыс заты болады. (ҚК 259 б).
Қылмыс затының қылмыстық құқықтың мәні келесіде:

  • бұл қылмыс құрамының қажетті белгісі (175, 176, 177, 178, 179 ҚК)

  • қылмысты саралауда өзгертетін белгі рөлін ойнайды (287 және 288 ҚК)

  • қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажырататын критерий (325 б)

  • дұрыс саралауды белгілейді (определяет)

  • жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет