«Есірткі-адамның қасы, аурудың басы» Мақсаты: Білімділік: «Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы»



бет1/2
Дата23.08.2017
өлшемі151,17 Kb.
#25632
  1   2

«Есірткі-адамның қасы, аурудың басы»
Мақсаты:

Білімділік: «Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы» екендігін, есірткілердің дәуірлерден айырмашылығын, олардың аттары, түрлері, ауру белгілерін ажырата білуге үйретіп, алдын алу жолдарын қарастыру.

Дамытушылық: Ойын элементтерін пайдалана отырып, жылдам ойлау алу, тапқырлық, білгірлік, алғырлық таныту, есте сақтау қасиеттерін жетілдіріп , ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды достық ұйымшылдық , ынтымақтастық қасиеттеріне баулып, есірткімен күрес жолында белсенді болып өсуге тәрбиелеу.



Көрнекілігі:

Қанатты сөздер: «Есірткіге жол жоқ!», «Есірткі-жас өмірді улаушы»,

«Есірткі-адамзаттың соры»
Барысы: І . Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Жаңа сабақ


Жоспары:


  1. Есірткі туралы түсінік беру

  2. «Шылым шегудің пайдасы» көрініс

  3. Ситуациялық сұрақтар

  4. Пародия

  5. Есірткінің зияны туралы Үкілім Мұратбаеваның «Тағдырыңның кілті сенде»

  6. Қорытынды


Құрметті қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі «Есірткі-адамның қасы, аурудың басы» атты ашық тәрие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: жастар мен жасөспірімді жат қылықтардан аулақ болуға шақыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Ал енді балалар мен сендерге ең бірінші, салауаттылық-халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі дегім келеді. Есірік туғызатын ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу және денеміздің сау болуы, игі іс-әрекеттер міне бұлар салауаттылықты көрсетеді.

Адам психикасы-медицинаның өте күрделі әрі аз зерттелген саласы, әсіресе, наркологиялық тұрғыда.Әдетте, жұртшылық алкоголизм мен нашақорлықтың жеке бастың аса ауыр күйзелісінен ушығатын дерт екендігін біле бермейді. Ең дұрысы, ондай жандарды ұға, түсіне білген жөн. Нашақорлыққа салынатындардың дені-жұмыссыздар, босқындар, қаңғыбастар тағысын тағылар... Бір нашақорды емдеп, қатарға қосу үшін шамамен 1000 АҚШ доллары керек.

Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Есірткі заттарды ішуге әбден дағдыланған аурулар оларды 12-18 сағаттан кейін тағы ішпесе болмайды. Өйтпеген жағдайда есінейді, денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсады, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолдарының бұлшық еттері шымырлап, ішек қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-сұйық тер парлай бастайды. Грек тілінен аударғанда «нарко»- жасанды ұйқы,«мания» - есі кету,есіру деген ұғым береді.

Елбасымыздың Жолдауында:«.....есірткі дертіне ұшыраған қоғам қауіпсіз бола алмайды» делінген. Қоғам қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жүзеге асыру керек.

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті

Иіскеген жастардың

Жан-тәнін түгел кесіпті

Сақ болайық, ағайын,

Қатерлі жау есірткі!
Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т.б.Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды.

Мәселен , осы мәселемен араласып жүрген Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрі Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің хабалауынша , 2001 жылы Қазақстанда 41031 нашақор болса, қазіргі күні ол 54705 тен асып отыр екен.

«Жұт-жеті ағайынды» - деген сөз бекер айтылмаса керек. Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге нашақорлар әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады.Марихуананың буына масайраған жандар кісі өлтіруден де тайынбайды.

Есірткілер қандай зиян әкеледі?

Есірткілер зат алмасу процесіне еніп, ең бірінші серотин өндіріп шығаратын ми жасушаларын өлтіреді. Серотин мидың көңіл-күй өзгерісін қадағалайтын зат. Ол адам ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Ішкі тамырға есірткі қолданудың салдарынан психика, жүрек-қан тамырлар және жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек ауырады, иммунитет төмендейді, тістер бұзылады, тамырлары ауырады, ой-өрісітің деңгейі төмендейді. Есірткіні мөлшерден тыс қолданудың қауіпі зор, оның салдары өлімге алып келеді, ал есірткі қолданғаннан болатын психиканың бұзылуы кей кезде өзіне –өзі қол жұмсауға әкеліп соғады.

Сіз білуіңіз керек!

Есірткілерді сирек қолдануды өз бетімен тоқтату өте қиын. Оңайы- оларды қолдануды бастамау. Егер есірткімен сонда да «таныстық» болса, психиатр дәрігерге немесе наркологқа неғұрлым ерте көрінсеңіз, соғұрлым бұл өлім әкелетін уға құштарлығыңыз бен үйренуіңізден арылу оңай болмақ.

Мемлекет нашақор ауруларға көмек беруге кепілдік береді, оның ішіне тексерілу, кеңес беру, диагностика, емдеу және медициналық-қоғамдық ақтау кіреді. Сонымен бірге, қоғам есірткіні енді бастағандарға және одан құтылуға тырысатындарға төзімді. Бірақ, қоғам емдеуден бас тартатындарға қатал, басқа біреулерді есірткі саудасына итермелейтіндерге аяусыз.



Нашақорлық –еліміздің дамуына орасан зор кедергі келтіретін індет, сондықтан біз осы індетпен табанды түрде Қазақстанның болашағы үшін аянбай күресуіміз керек.
Тәжікстан Пакистан



Есірткі бизнесінің

әлемдегі ірі орталықтары


Ауғаныстан Қырғызстан






Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет