«Есірткі-адамның қасы, аурудың басы» Мақсаты: Білімділік: «Есірткі дегеніміз – қазіргі заманымыздың кесел ауруы»



бет2/2
Дата23.08.2017
өлшемі151,17 Kb.
#25632
1   2
«Есірткі – жас өмірді улаушы»./ оқушыларға сөз кезегі беріледі/

1 окушы

Қазіргі нашаның көп тарағаны – героин, яғни ақ ұнтақ. Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады, сол ләзатты өмір бойы іздеуімен өтеді. Нашақор тамырға енгізеді. Ол организмді тез улайды. Одан адам қалай тез өліп кеткенін де білмей қалады.



2 окушы

Нашақорлықты басқаша «мидың қатерлі рагі» деу керек. Егер ол асқынып кетсе лағдарысқа ұшырайды. Онда «мен» деген нәрсе болмайды, «әке-шешем мен үшін жүгіріп жүр-ау , ертең ел –жұртқа қалай қараймын?» , яғни болашағына есеп бермейді. Мақсаты тек біреу «қайда бар, кімде бар, қалай ақша тапсам, қалай алсам?» деп, есірткіні ғана ойлаумен болады.



3 окушы

Есірткіні алғаш қолданар алдында ойлан! Ол ешқандай жақсылық әкелмейтінін ұмытпа. Егер сен қызық ретінде есірткі сатып алған болсаң, онда тез құтылуға асық. Танысың қанша жерден үгіттесе де, қарсылық таныт!



Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар. Саралап алсақ , осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсер тигізуде.

Көрініс: «Шылым шегудің пайдасы»

Саханаға қарт пен жас бала шығады

Бала: Ата мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?

Ата: Шылым шегудің «үш пайдасы» бар, балам. Біріншіден, шылым шеккен адам ешқашанда қартаймайды.

Бала: Қалайша?

Ата: Себебі ол қартайып үлгірмейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді, балам. Екіншіден олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

Бала: Қалайша?

Ата: Себебі, балам, шылым шегетін адамның өкпесі таза болмайды, күндіз-түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің жөтелін естіп, үйге жақындай алмайды. Үшіншіден, шылым шегетін адамды ит қаппайды.

Бала: Қалайша?

Ата: Себебі олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді.Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма , айналайын?

Бала ойланып қалады.

Азаматтар темекіні тастаңдар!

Көрдіңдерме балалар. Темекінін сізге қаншалықты зиян екенін, қанша құрамында улы зат бар екеніне көз жеткізіп отырмыз. Әр темекі адам өмірін 15 минутқа қысқартады екен.

«Арақ – арыңа нұқсан, темекі – тегіңе нұсан» демекші, темекі сенің бүкіл өміріңе нұқсан келтіреді, ұрпағыңа кесірін тигізеді. Сол үшін мұндай оғаш қылықтардан аулақ болуымыз керек. Оғаш қылықтар дегеніміз: арақ, темекі, есірткілер.

Арақ 1428 жылы Генуядан келген. І Петрдің тұсында Ресейге арақ келген. Маскүнемнің қоғамға тигізер зардаптары: адамдық бейнеден кетеді, қоғамда орны жоқ, тұрмыс жағдайы, ой өрісі төмен.

Арақ – атаңның асы емес.Адамды арақ жетелейді сорына, Кедейлік пен дерт ілесер соңына деген салауатты өмір салтын насихаттайтын мақалдар бар.

Темекнің шығу тарихы:

Гиспаньола аралында тұратын үндістер мендуанаға ұқсас шөпті жаққанда шыққан түтінді танауларымен ішіне тартып, содан мас болған. Олар оны табако деп атады. Темекі Еуропада ерекше тез тарады. 1560 жылы француздың әйел патшасы Екатерина Медичеге басының сақинасы ұстағанда дәрі-дәрмек ретінде берген.

Темекіні осыдан емді шөп ретінде пайдаланған.



«Антистресс» сақинасын пайдаланған адам зиянды әдеттердің бірі - шылым шегудің алдын алады.Бұл сақинаны аптасына бір –екі рет әр саусағыныңзға 1 минуттан айналдырып шығасыз. Бұл жаттығуды 1 сыныптан бастасақ, балалардың зиянды әдеттерден аулақ болуына көмектесеміз.

Антистресс сақинасы:

Ситуациялық сұрақтарға өз ойларын айту.


  1. Қыз бен жігіт – өте жақсы достар. Қыз өз достарымен бірге тұрғанда, жігіт қызды түнгі клубқа шақырады. Қыз түнгі клубқа барудан бас тартты. Ал бұл кезде дос қыздары сен неге бармайсың, ол сенің жақсы досың ғой деп қызды қайрайды.Бұл жерде қай қыздың ойы дұрыс деп ойлайсың?




  1. Екі қыз жақсы дос. Қыздың біреуі шылым шегеді. Ал оған дос қызы үнемі қарсылығын білдіреді. Бұдан қорытынды шықпаған соң, «егер сен шылым шегуді қоймасаң мен сенімен дос болудан бас тартамын» деген шарт қояды. Қыздың қойған шарты дұрыс па? Егер сіздің досыңыз шылым шегетін болса, мейлі ұл, не қыз болсын оның шылым шегуін тастауына қандай ықпал жасайсыз?




  1. Кепка киген, үстінде футболкасы бар ересек бала жанжағына қарап алып, көшеде кетіп бара жатқан кішкене баланы шақырады. Бала оған тақалып: не айтасыз? Дейді. Ол баланы «үй шатырында телескоп бар, бүкіл қаланы көргің келе ме?» деп қызықтырады. Екеуі шатырға шықты. Шатырда шынымен де бір нәрсе тұр. Ол дүрбі болды. Бірақ баланы ол қызықтырмады. Кетейін деп: – мен үйге нан әкелуім керек-деп бұрылып еді, 3-4 бала алдынан шыға келді. Әй-шәйға қарамай, қол аяғын байлап тастады. Шамалыдан кейін не болғанын түсінбеді. Ұйықтап тұрса басы ауыратын сияқты. Маңайында ешкім жоқ. Түс көрген екенмін деп ойлады. Үйіне келді. Әрі қарай не болды деп ойлайсыңдар? Сенің өз ойың.



  1. Кинодан кеш қайтып келе жатқан бала соңғы подъездің есігі алдында тұрған бір топ баланы көрді. Олар баланы шақырды. Ойында ешнәрсе жоқ, ішінде көршісі тұрған соң таянады. Олар темекіні беріп: -жігіт емессің бе , сор –деп бұйырды. Сорып қалып еді, түтін бірден тұншықтырып, шашалып қалды. Барлық бала күліп: Мынау қыз ғой-деді. Баланың намысшыл екенін білетін көршісі қорғаған болып: жоқ менің көршім нағыз жігіт! Деп арқасынан қақты. Оған мақтаншақ бала тағы бір – екі сорып-сорып жібереді.

Баланың қалтасына 3-4 – еуін тағы салып жіберді. Ары қарай не болды деп ойлайсың, сен сол баланың орнында болсаң не істер едің?
Нашақорда жақын жоқ,

Апиында ақыл жоқ.

Құмартып наша шеккенің

Ар-намысты төккенің

Нашар жігіт – нашақор!

– деп бекер айтылмаған. Есіңізде болсын! Сіздің денсаулығыңызға тек героин мен кокаин ғана емес есірткі қосылған темекі де зиян. Олай болса келесі кезекті пародияға кезек берейік.


Қорытынды:

Денсаулықты сақта, түзу өсесің

Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің

Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет

Сақта өзіңді, жақсылыққа жетесің


  • Сонымен оқушылар бүгінгі сабақта жат қылықтың аяғы неге апарып соғатынына көздеріңді жеткізгім келді. Жақсы әдетті айтып, салауатты өмірдің өз қолымызда екенін түсіндіруге тырыстым, біздің көшпенді тіршіліқ кешкен ата-бабамыз салауатты өмір сүрді, ұрағының аман сау , азып тозбауын қадағалады. Сол дәстүрді сақтап, бүінгі ұрпақ біздер қоршаған ортаны, денсаулығымызды күтіп , терең білім алып , саналы азамат болуға ұмтылуымыз керек.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен бақытты өмір» деген нақыл сөзбен қорытындылағым келіп отыр.
Барлық оқушылар бірге: ««Есірткі-адамзаттың соры»
Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда , ей, жастар,

Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.




САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет