435
имплицитно:
ат басындай алтын
– досл. «золото ве личиною с голову лошади»,
тай тұяқ алтын
– досл. «золото величиною с копыто жеребенка»,
түйенің
көзіндей тостаған
– досл. «чашка величи ною с верблюжий глаз»,
қозы
көгеніндей жер
– досл. «дистанция, рав ная привязи ягненка»,
бие бауындай жер
– досл. «расстояние, равное привязи кобылицы» и т. д.
Модель В+С, где присутствуют образ и основание сравнения:
қойдан жуас
– досл. «смиреннее овцы»,
қойдай жуас
– досл. «как овца, смиренный, кроткий»,
жегін аттай жортақы
– досл. «приспособлен ный, словно ломовая лошадь»,
жүндей жұмсақ
– досл. «мягкая, подоб но шерсти»,
түбіттей майда
– досл.
«мягкий, пушистый, как пух» и т. п. В данном случае основание сравнения С
выступает в качестве прилага тельного.
Модель В+С. Основание сравнения выступает в качестве глагола:
жабыдай
жалтаңдау
– досл. «оглядываться боязливо, словно жабы»,
ала тайдай
бүлдіру
– досл. «нарушать покой, как пегий стригун»,
ала тайдай бөліну
– досл.
«отделяться, словно пегий стригун»,
құтпан айғырдай азынау
– досл. «ржать,
подобно косячному жеребцу»,
тарпаң тайдай қылтылдау
– досл. «быть
изменчивым, как тарпан»,
құлындай шыңғыру
– досл. «издавать пронзительные
звуки, словно жеребенок».
3. Трехкомпонентные зоофразеологизмы. Встречаются в казахском языке
довольно редко. Модель В+С+А:
шапқан аттай желіккен дау-жанжал
– досл.
«разгоревшийся скандал, напоминающий скачущую ло шадь»,
қамшының
сабындай қысқа өмір
– досл. «жизнь короткая, слов но ручка камчи»,
айғырдың
ту құйрығындай қалың шаш
– досл. «жест кие густые волосы, подобные волосам
на хвосте жеребца».
При анализе зоофразеологизмов по структурным типам выяснилось,
что среди однокомпонентных, двухкомпонентных и трехкомпонентных
компаративных конструкций наиболее многочисленными являются
двухкомпонентные.
Известия АН КазССР. Серия филологическая, 1989. № 4. с. 23-26.
(Соавт.С.К.Сатенова))
ЭТНОЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ ТАРИХИ ЛЕКСИКОЛОГИЯ
Этнолингвистика
– этностың инсандық болмысын һәм дүнияуи
табиғатын, оның даму заңдылықтарын басқа емес, тек тіл феномені арқылы
танып-білудің ғажайып мүмкіншіліктерінен, яғни «этностаным» мен
«тілтаным» арасынан туындаған жаңа да дербес сала. Тіл білімінде оған:
«
Этнолингвистика
– это раздел макролингвистики, изучающий отношения
между языком и народом и взаимодействия лингвистических и этнических
436
факторов в функционировании и развитии языка» (
Ахманова О.С. Словарь
лингвистических терминов. М., 1966, с. 539),
– деген анықтама беріледі.
Жалпы тіл білімінде бұл сала және оның мақсат-мүддесі теориялық
тұрғыдан көптен бері-ақ белгілі болса да, іс жүзінде, әсіресе түркі тілдерінде
кең қолданыс таба алмай келе жатқандығы мәлім. Қазақ тіл білімінде бұл
проблемамен алғаш (1970-жылдардан бері) шұғылдана бастаған ғалым
Ә.Қайдар болды деп айта аламыз. Содан бері бұл салада ірілі-ұсақты жүздеген
еңбек дүниеге келіп, қазақ тілінің өз табиғаты мен ерекшелігіне сәйкес қазақ
этнолингвистикасының бағыт-бағдары, мақсат-мүддесі айқындалып, ғылыми
тұжырымдамасы (концепциясы) жасалды. Көптеген кандидаттық және
докторлық диссертациялар қорғалды, қорғауға дайындалып жүргендер де
баршылық. Міне, осы қыруар игілікті істердің ұйытқысы да, бағдарлаушы,
басқарушы көшбасы да академик Ә.Қайдар екендігі ғалымдар қауымына көптен
белгілі. Бұл саланың Қазақстан топырағында дүниеге келіп, қалыптасуына оның
жеке басының және көптеген шәкірттерінің қосқан үлесін, этнолингвистикалық
объектілер (нысандар) мен зерттеу әдіс-тәсілдерін, мақсат-мүдделерін ғылыми-
практикалық мәнін арнайы зерттей келіп, «
Основы этнолинвистики
» (Алматы,
1995, c. 180) атты кітап жазған әйгілі ғалым, проф. М.М.Копыленко академик
Ә.Қайдар төңірегінде «қазақ этнолигвистикалық мектебі қалыптасты» деп
түйеді.
Шынында да, кейінгі 20-25 жыл беделінде жалпы осы проблемаға және
оның нақтылы мәселелеріне қатысты жазылып жатқан диссертациялар мен
басқа еңбектердің жалпы саны (М.М.Копыленконың көрсетуі бойынша) бір
мыңнан асады. Осылардың біразы академик Ә.Қайдар ұсынған тақырыптар
мен этнолингвистикалық проблемалар болып саналады
(М.М.Копыленко еңбегі
қаралсын)
.
Қазақ тіл білімі саласында этнолингвистикалық ізденістердің етек алып,
оған ғылым ізденуші жастардың ден қоюында, оқырман қауымның қалауынан
шығып, оларға деген сұранымның арта түсуінде өзіндік біраз сыры бар деп
ойлаймыз.
Біріншіден,
этнолингвистикалық зерттеулерден өзінің тұрақты мақсат-
мүддесіне байланысты таза лингвистикалық категориялардың өздерін емес,
этностың өзін түсінуге қажетті тілдік (лексика-фразеологиялық, т.б.) фактілердің
ішкі мазмұнын терең де жан-жақты ашуға бағышталатынын көреміз. Демек, бұл
мақсаттың рухани-мәдени танымдық мәні зор деген сөз.
Екіншіден,
этнолингвистикалық зерттеуге тіл байлығымыздағы кез-келген
құбылыс, дерек, тақырып (фразеология, мақал-мәтел, ономастика, жұмбақ, өнер,
төрт түлік мал, т.б.) объект бола алады. Өйткені ол фактілердің барлығы этнос
болмысын тануға қатысты және оларды әдеттегі лингвистикалық формальдық
тұрғыдан ғана емес, одан әлдеқайда тереңірек, жан-жағын үңгілей түсіп, індете
437
зерттейді. Мәселен, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді этнолингвист
ғалым әдеттегідей қоғамда қалыптасқан ауыс мағынасында ғана емес, сонымен
қатар сол мағынаның қалыптасуына негіз болған о бастағы әр алуан мотивтерін
(уәждерді) анықтауға тырысады. Демек, тіл деректері тек өзінің коммуникативтік
қызметі деңгейінде ғана емес, сонымен қатар кумулятивтік, яғни рухани, мәдени
қазынаны өз бойында сақтаушы мұра, бұлақ ретінде сырын ашады.
Үшіншіден,
тіліміздің лексика-фразеологиялық байлығын алфавит
тәртібімен түзілген әр алуан лексикографиялық (сөздік, энциклопедия т.б.)
еңбектер арқылы меңгеру мүмкін емес. Этнолингвистикалық зерттеулердің
ең басты ерекшелігі – барша деректердің тақырыптық, мағыналық, логикалық
жүйе негізінде берілуінде т.т.
Міне, осы тәрізді тәсілдерге байланысты этнолингвистикалық зерттеулер
тілдің ішкі дүниесін толық ақтарып көрсету арқылы оның не бір тамаша
танымдық мүмкіншіліктерін де пайдалана алады.
Міне, осылардың барлығы академик Ә.Қайдар ұсынып, оларды біртіндеп
кеңейтіп, тереңдетіп, дамытып келе жатқан этнолингвистикалық ілімнің негізгі
принциптері болып саналады.
Академик Ә.Қайдардың бұл сала бойынша жазған еңбектері де біршама:
Қазақ этнолингвистикасы
// Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, «Ана-
тілі», 1998, 8-29 б.;
Доспехи и вооружение воина-батыра в казахском эпосе и их
этнолингвистическое объяснение
(бұл да сонда, 30-40 б.б.);
Этностық болмыс
ұғымдары
// Ана тілі, 1990;
Культ слова у тюркских народов
// Тезисы ХХІХ
ПИАК, Ташкент, 1986, c. 63-65;
Жеті қазына
// Ана тілі, 1990., т.б.
Қорыта келгенде айтарымыз: бұл проблемамен ұзақ жылдар бойы, әсіресе
кейінгі кездері бірыңғай шұғылданып, шәкірттер дайындап, өз мектебін
қалыптастырған академик Ә.Қайдарды қазақ этнолингвистикасының негізін
салушы ғалым
Достарыңызбен бөлісу: |