445
бұл кезеңде, яғни XIII–XIV ғасырлар аралығында,
Қазақстанның кең-байтақ
жерін негізінен түркі тілдес халықтар мекендеді. Солардың арасында қазақтар
автохтонды тұрғындар болып саналды. Осы кезде жергілікті халықтармен мидай
араласып кеткен монғол ру-тайпалары, о баста бұл өлкелерге басқыншы, жаулап
алушы болып келсе де, өзіне тән этностық дәстүрді, мәдениетін, тілін, дінін
дамыта алмады, қайта жергілікті субстрат тарапынан ассимиляцияға душар
болды. «Үстем тап өкілі», «төре тұқымы», «ақсүйектер әулеті» деген аты, атағы
болмаса, олар дінінен айрылып,
мұсылман дінін қабылдап, тілінен айрылып,
жергілікті тілдерге, соның ішінде қазақ тіліне көшкені мәлім. Тарихшылардың
зерттеулеріне қарағанда
8
, Моғолстан құрамына өткен алғашқы монғол ру-
тайпаларының өздері түркі тілдерінде сөйлеген. Әрине, тіл заңдылығына
сүйенсек, мұндай жағдайға таңғалуға болмайды. Өйткені о баста қаптап келген
шапқыншы қолдың бәрі бірдей бұл өлкеде тұрақтап қалған жоқ еді. Олардың
түркі тілдес қалың қауымның арасына сіңіп кетуіне бірінші себеп осы болса,
екінші себеп: олардың өмір сүру, тіршілік ету тәсілдеріндегі, салт-сана, әдет-
ғұрпындағы ұқсастық, сәйкестіктер. Монғол
шапқыншыларының арасында
түркі тілдес ру-тайпалардың да аз болмағандығы белгілі.
Алайда монғол-түркі тілдерінің Қазақстан топырағындағы ұзақка созылған
қарым-қатынасы мен тығыз байланысының дәл осылай аяқталуына қарап,
бұл тілдердегі алыс-беріс, ауыс-түйісті жоққа шығара алмаймыз. Өйткені
ассимиляция процесі қандайы болмасын, ол бір жақты,
бір бағытта ғана
болмайды. Монғол тілдері мен түркі тілдерінің сол дәуірдегі өзара тығыз
қарым-қатынасы екі жаққа бірдей ықпал жасады. Сондықтан да бұл тілдердің
лексикалық қорында кездесетін көптеген ауыс-түйіс, ортақ дүниені заңды түрдегі
субстрат, суперстрат құбылыс деп қараған жөн. Бұл мәселені түркологтар да,
монголистер де өз тарапынан, не бірлесе отырып арнайы зерттеген емес
9
.
Ал қазақ тіліне келетін болсақ, оның монғол (халха, ойрат, бу рят т.
б.) тілдерімен Шынғысхан дәуірінен кейін (XVII–XVIII ғғ.) де ойроттар
(қалмақтар) мен жоңғар басқыншыларының қазақ жеріне салған ылаңына
байланысты қарым-қатынаста болғанын біз тарихтан жақсы білеміз.
Осындай объективті жағдайлар мен толып жатқан тарихи-әлеуметтік
оқиғалар тіл үшін де із-түзсіз өте шықпайтыны белгілі.
Монғол әсерін
лексикалық байлығымыздың барлық саласынан, атап айтқанда, Қазақстан
топырағындағы көптеген жер-су атауларынан да, кісі, ру-тайпа аттарынан
8
Юдин В. П.
О родоплеменном составе могулов Могулистана и Могулии и их эт нических
связях с казахским и другими соседними народами // Изв. АН КазССР. Сер. общественная. 1965,
вып. 3, с. 57–58.
9 Түркологтардың бұл саладағы кейбір зерттеулері негізінен Сібір тілдеріне, атап
айтқанда, якут, алтай, тува, тоф, хакас, шор т. б. тілдеріндегі монғол элементтеріне арналған.
Мәселен:
Дарваев П. А.
Монгольско-алтайские (ойротские) лексические вза имоотношения.
Автореф. дис... канд. филол. наук. Элиста, 1983.
446
да, тұрмыс-салтқа, әскери басқару, заң т. б. ұғымдарға байланысты да кездестіруге
болады.
Бұл ауыс-түйістер негізінен қазақ-монғол тілдерінің кейінгі дәуіріндегі
тарихи қарым-қатынасына тән, бұл тілдердің көне дәуірдегі араласуынан,
өзара сіңісуінен пайда болған түбір дәрежесіндегі ортақтықтан мүлдем
басқаша құбылыс. Әрине, екі дәуірдің арасында белгілі байланыс, жалғастық
болуы мүмкін, бірақ екеуіндегі нәтиже, қайталап айтамыз, екі басқа: біріншісі
генеологиялық, туыстық мәселесіне қатысты да, екіншісі – тіларалық лексикалық
ауыс-түйіске барып саяды. Басқаша айтқанда,
біріншісі алтай теориясының
міндеттері де, екіншісі қазақ тілі тарихи лексикологиясының зерттеу объектісі
болып саналады. Ал бұл салада, кейбір жалпылама пікірлерді айтпағанда, күні
бүгінге дейін арнайы зерттеулердің жоқ екенін жоғарыда ескерттік.
Осыған орай айта кететін бір жағдай: моңғол тілдері мен түркі тілдері
(соның ішінде қазақ тілі) арасында көптеген түбір, түбірлес сөздер мен туынды
түбірлер кездеседі. Тарихи лексикология саласында ізденуші кейбір ғалымдар
қазақ тіліндегі тұлғасы беймәлім, мағынасы күңгірттене, қолданысы сиректей
бастаған сөздердің монғол тіліндегі сөздермен сәйкестігін байқаса болды, «бұлар
қазақ тіліне ауысқан монғол элементі» деп пішіп-кесетіні бар. Мұндай 1 «тәсіл»,
біздіңше, ғылыми дәлелге жатпаса керек. Салыстырып отырған лексикалық
элементтердің сәйкестігі түбірге қатысты болса, онда мәселе екі тілге ортақ
элемент жайында болуы керек те, ал түбірлес
емес туынды тұлғаға қатысты
болса, оны тілара ауыс-түйістік деп қараған жөн. Бұл арада монғол тілдері мен
қазақ, не басқа түркі тілдеріне тән сөз жасау модельдердің өзіндік табиғатын
тап басып тани білуде салыстырма-тарихи әдістің атқаратын қызметі орасан
зор. Бұл тәсілдің ерекшелігі – ол салыстырылып отырған тілдердің фактілерін
тарихи тұрғыдан қарастырады.
Монғол мен қазақ т. б. түркі тілдерін тарихи-салыстырма әдісімен
зерттегенде есте болатын тағы бір жағдай: бұл ру-тайпалардың арасында
ерте кезден-ақ өзара қарым-қатынас жасаудың қажеттігінен туған екі тілділіктің
болуы. Мәселен, құба қалмақ заманында оқтын-оқтын болып тұрған талас-
тартыстарда да, бейбіт өмірдегі той-жиындарда да
қазақ пен қалмақтар бір-
бірімен еркін сөйлесіп, түсінісе білген. Ол жайында ел аузында сақталған аңыз-
әңгімелер дәлел бола алады. Мәселен, «Манастағы» Көкетайдың асындагы
шешендер айтысын еске алуға болады. Соғыста қолға түсіп, бодан болу,
басыбайлы күң, құл болу, қыз алып, қыз берісу т. б. – бәрі де тілге қатысы бар
факторлар.
Достарыңызбен бөлісу: