435 имплицитно: ат басындай алтын


Тарихи лексикологияның зерттеу объектілері және басқа ғылым



Pdf көрінісі
бет3/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Тарихи лексикологияның зерттеу объектілері және басқа ғылым 
салаларына қатыстығы.
Тарихи лексикологияның зерттеу объектісі дегенде 
екі түрлі жағдайды ескергеніміз жөн. Біріншіден, ол алдына қойған мақсатына 
және тіл фактілерін талдау тәсілдеріне байланысты іштей сараланып, тікелей 
өзіне қатысты проблемаларды әр қырынан қарастыратын этимология, 
семасиология, ономасиология, диалектология, этнолингвистика сияқты 
тарауларды қамтиды. Екіншіден, оның тіл білімінің осы салаларында қол жеткен 
табыстар мен талдау әдістерін пайдалана отырып, этностың шығу тарихын 
(этногенезін), этнос тілінің пайда болуын (глоттогенезін), халық тілінің базистік 
структурасын, туыс, туыстас және басқа тілдермен болған қарым-қатынасын, 
әр түрлі экстралингвистикалық факторлардың тіл дамуына тигізген әсерін т. б. 
тіл фактілері мен оның заңдылықтары негізінде қарастырып, тұжырым айтуға 
мүмкіндігі мол. Сондықтан да тарихи лексикологияның өзіндік объектілері мен 
қатыстық объектілері арасыңда тығыз байланыс, мүдделестік бар.
Біз мақаламызда осылардың кейбіреулерін ғана сөз етеміз.
Тарихи лексикология және этногенез.
Қазақ тілі тарихи лексикологиясына 
қатысы бар проблеманың бірі – қазақ халқының этногенезі мен глоттогенезі. 
Бұлар этнос пен этнос тілінің тарихи бір мезгілде, бір географиялық ортада 
және белгілі бір әлеуметтік жағдайда қалыптасуына байланысты құбылыстар. 
Тілдік факторлар этностың халық болғанға дейінгі және одан кейінгі тарихын 
айқындауға бірдей қажет. Бұл арада қазақ тілінің базистік лексикасына тән 
байырғы сөздер мен сөз тұлғаларынан тыс толып жатқан тілдік деректердің 
атқаратын қызметі зор екенін ескерткіміз келеді. Қазақ халқының негізін құрушы 
көптеген ру-тайпалардың этнонимдері мен «қазақ» этнонимінің этимологиялық 
табиғаты, көне тарихымыздың куәгері ретінде қазақ топырағында сақталып 
келе жатқан жер-су атаулары, өлке-өлкені мекендеген ру-тайпалардың тілдік 
ерекшелігі ретінде сақталып бізге жеткен диалектизмдер, көне дәуір мен орта 


440
ғасырлардың тасқа қашалған сыналы жазулары мен жазба ескерткіштері – 
осылардың бәрі де этнос пен этнос тілінің тарихын айқындауға қажетті тілдік 
деректер.
Этногенез проблемасына байланысты тіл деректерін пайдалану дегенде, біз 
ең алдымен этнонимдерге жасалатын этимологиялық талдаударды айтқан болар 
едік. Мәселен, қазақ этнониміне байла нысты айтылып жүрген жоба-жорамалдар
көп-ақ. Олардың жалпы саны қазірдің өзінде-ақ жүзден асады. Бұлардың 
арасында ғылыми этимология да, әр түрлі аңыз-риваяттар мен мифологиялық 
топшылауларға негізделген халықтық этимология да баршылық. Бұл мәселені 
тарихшылар мен тіл мамандары бірлесе отырып зерттегенде ғана дұрыс нәтиже 
шығуы мүмкін.
Арғын
деген этноним жайында да осыны айтуға болады. 
Махмұд Қашғаридың «Диуанында» кездесетін ру тобының атауы
 арғу
мен қазақ 
және басқа түркі халықтарының құрамына енген этникалық компонент
 арғын
1
этнонимінің төркіндестігі
-н (-ун //-ын)
элементінің табиғатына байланысты 
екенін тілшілер жақсы біледі. Ол түркі, монғол тілдеріне ортақ элемент болып 
саналады
 (бай > баян, ной > ноян).
Тарихи лексикология этногенез проблемасына байланысты пікір айтқанда 
ең алдымен ол объективті тарихи фактілердің өзіне сүйенуі керек. Тарихи-
лингвистикалық деректер негізінде бір ру-тайпаның екінші ру-тайпамен тарихи 
қатынасын, өзара әсер-ықпалын анықтауға болатынын көптеген мысалдармен 
дәлелдеуге де болады. Мәселен, түркі ру-тайпаларының ұзақ даму тарихында 
пікір айтып жобалауга болатын дәуір – хун дәуірі. Осы дәуірде Қазақстан 
территориясын түркі тілдес ру-тайпалардан басқа индоиран тілдерінде 
сөйлеуші тайпалар
 (сақ, юечжи, соғды
т. б.) да мекендеп келгені мәлім. Осы 
өлкеде қалыптаса бастаған этникалық процесс біздің ж. с. бұрынгы I ғасырда 
Орталық Азияның түкпірінен қоныс аударып, Батысқа қарай жөңки көшкен 
хундар Қазақстан жерін мекендейтін осы ру-тайпалардың этностық келбетін 
өзгертпей қойған жоқ. Белгілі
 
деректерге қарағанда хун бірлестігінің өзі тегі 
жағынан құрама, тілі жағынан біркелкі болмаған. Кейбір ғалымдардың пікірі 
бойынша
2
хундардың басым көпшілігі түркі тілдес тайпалардан тұрған, олардың 
Батыстағы одақтасы – үйсіндер болған
3
. Хундар мен үйсіндер одағы біздің 
эрамыздың басында Батысқа қарай жылжып, ең алдымен Жетісу территориясын 
басып алады да, бұл өлкеде жасайтын жергілікті сақ, юечжи т. б. тайпалардың 
біразын ығыстырып тастап, өздері қалған шығыс иран тайпаларымен араласа 

Потапов Л. П.
Происхождение и формирование хакасской народности. Абакан, 1957, 
с. 154–155.

Бернштам А. Н.
Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок VI–VIII 
веков. Восточнотюркский каганат и кыргызы. М., Л., 1946, с. 82;
 
Соның өзі. 
История гуннов. 
Л., 1951, с. 55–56.

Зуев Ю. А.
К этнической истории усуней //Тр. ИИАЭ АН КазССР. Алма-Ата, 1960, № 
8, с. 6–7.


441
бастайды. Қазақстан жеріндегі көне тұрғындардың түркіленуінің алғашқы 
дәуірі осы кезден басталады деп көрсетеді ғалымдар
4
. Ал Орта Азия мен 
Қазақстан жеріндегі иран тілдес ру-тайпалардың түркілер мен монғолдарға 
айналуының екінші толқыны сол хундар мен үйсіндердің тағы да Батысқа қарай 
жылжи түсуінен және бұл жолы олардың 
кангюй
тайпасының Сыр бойындағы 
үлкен мемлекетін ығыстыруынан басталған еді. Сөйтіп, тұрғындары негізінен 
түркі тілдес тайпалардан құралған Қазақстан I ғасырдың екінші жартысынан 
кейін көне түркілердің қол астына өтіп, түркі қағанаттарына тәуелді елге 
айналады. VIII ғасырда Қазақстанның біраз жері қарлұқ тайпаларының 
бақылауында болады. IX–XI ғасырларда Қазақстанда саяси гегемония
оғуз, 
қимақ
және
қарлұқтардың 
қолына, одан кейін, IX ғасырдың I жартысынан 
бастап, Орталық Азиядан шыққан
 қыпшақ
руларының одағына өтеді. Одаққа 
енген қалың қыпшақ ру-тайпалары Қазақстан мен Дешти-қыпшақты ба сып 
өтіп, бүкіл Евразия аймағына түгел тарайды. Ал осы этностық бірлестіктер 
мен одақтардың құрамында болған ру-тайпалардың көбісі XV ғасырда қазақ 
халқының қалыптасуына негіз болғандығы тарихтан белгілі. Демек,
қазақ
этносының дербес халық болғанға дейінгі тарихы өте күрделі интеграция 
және дифференциация процестерін басынан өткерген. Бұл процестерді та
басып, дәл айтып беру қиын. Бірақ сол хун дәуірінің өзінде-ақ түркі тілдерінің 
біртұтас іргетасы қаланып, негізі жасалған еді. Ата түрк (пратюрк) дәуірін осы 
кезге мезгеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Енді осы дәуірді бейнелейтін тілдік 
фактілерді анықтау тарихи-лексикологияның үлесіне тимекші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет