435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет14/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Этимологияның түрлері.
Жоғарыда аталған төрт ғылыми принциптің 
дұрыс-бұрыс қолданылуына байланысты жалпы этимология 
ғылыми
және 
қарапайым
(ғылыми емес), не 
халықтық
болып екі топқа бөлінеді.
Халықтық этимология ғылыми негізге емес, әр түрлі жорамал-жобаға, жеке 
адамдардың өз тұжырымдарына, ел аузындағы аңыз-риваяттарга байланысты 
болғандықтан неше алуан болып келеді. Ғылымда оларды мазмұн-мағынасына 
қарай 
жалған этимология
(«ложная этимология») және 
көпшілік қолды 
этимология
(«попу лярная этимология») деп өзара екі топқа бөліп қарайды. 
Олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері тағы бар.
Этимологияның түрлері мұнымен ғана шектелмейді. Зерттеу объектісіне, 
атап айтқанда: сөздің түрлеріне (түбір сөз, туынды түбір, біріккен сөз, қос сөз, 
қайталама қос сөз т. б.), сөз таптарына (есім сөздер, есімшелер, сан есімдер, 
етістіктер, еліктеуіш создер, одағайлар, үстеулер т. б.), лексика-тематикалық 
салаларға (этнографизмдер, диалектизмдер, топонимдер, антропонимдер, 
этнонимдер, архаизмдер, профессонализмдер, шеттен кірген сөздер т. б.) байла-
нысты этимология әр түрлі метод-тәсілдерді талап ететін өзара бірнеше топқа 
тағы жіктеледі. Этимологияның зерттеу объектісі тек сөз ғана емес. Сөздердің 
табиғи бөлшегі болып саналатын неше алуан грамматикалық форманттар да, 
жеке сөзден тұратын тұрақты тіркестері де (мақал-мәтел, афоризм, жұмбақ, 
фразеологизмдер) этимология обьектісі бола алады. Өйткені бұлар да тілдік 
единицалар санатына енеді және құрамына енген сөздермен бірге өзгереді, 
ескіреді, мағына, тұлға жағынан күңгірттеніп, түсініксіз элементтерге 
айналады. Тұрақты тіркестердің жалпы мағына-мазмұнын айқындау үшін кейде 
күңгірттенген сыңарларының тілдік табиғатын анықтау қажет болады.
Этимологияны кез келген сөзге жасауға болатынын біз жоғарыда ескерттік. 
Дәл сол сияқты кез келген тұрақты сөз тіркесіне де этимологиялық талдау 
жасауға болады. Ондай талдаулар мақал-мәтел фразеологизмдердің тұрақталып, 
семантикалық монолитке айналуына себепкер болатын жеке компоненттерін 
айқындауға ғана емес, сонымен бірге олардың жалпы мазмұнын, жасалу 
мотиві мен этнолингвистикалық негізін, логикалық ойды бейнелейтін ұлттық 


457
образдардың ерекшелігін анықтауға бағышталады. Мәселен, қазақ тіліндегі
 
жеті түнде, түн баласына
деген фразеологизмдердің фразеологизм болып 
қалыптасуының өзі олардың құрамындағы
 жеті
мен
 бала
сөздерінің біз үшін 
беймәлім сыры мен сипатына байланысты. Сондай-ақ 
шошқа тағалау, түйе 
үстінен сирақ үйіту, есек құрты мұрнынан түсу
сияқты фразеологизмдердің 
құрамындағы сөздер бізге айқын бола тұрса да, олардың жасалу мотивін 
бірден дәлелдеу оңай емес. Бұларды анықтау үшін де этимологияның 
араласуы қажет және ол зерттеудің басқаша тәсілін, әдісін талап ететіні сөзсіз.
Этимологияның қандай түрі болмасын, оның алдына қойған мақсаты
анықтауға тиісті деңгейі, тереңдігі, түбегейлі тұжырымы болуы шарт. Алайда 
ол жалпы түркология көлемінде арнайы зерттеліп, тиянақты шешілген 
мәселе емес. Бұл жайында кейінгі 15–20 жыл беделіндегі әңгіме көбінесе 
түркі тілдерінің (жалпы) этимологиялық сөздігін және кейбір жеке (чуваш, 
тува, азербайжан, қазақ т. б.) тілдердің этимологиялық сөздіктерін жасауға 
байланысты болып келеді. Осыған орай Э. В. Севортян жасаған (оны 
шәкірттері жалғастырған) «Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі» түркі 
түбірлерінің «баба тіл» дәуіріне тән фоно-морфо-семантикалық қалпын 
(«праязыковое состояние») анықтауды этимологиялық талдаудың түпкі 
мақсаты етіп қойған болатын. Бұл, әрине, ғылыми деңгейі жоғары, мазмұны 
терең этимологиялық зерттеулер санатына жатады. В. И. Егоров жасаған 
«Чуваш тілінің этимологиялық сөздігі»
17
болса, ол, мысалы, алдына ондай 
міндет қоймайды. Бұл сөздік негізінен чу ваш тіліндегі лексиканың шығу 
тегін, басқа түркі тілдерге қатыстығын, мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерін 
анықтауды мақсат етеді. Сол сияқты, «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық 
сөздігі»
18
де сөз тарихын, оның тұлғалық, мағыналық дамуын, шеттен 
кірген сөздердің табиғатын анықтаумен шектеліп, оларды түбір дәрежесінде
қарастыруды өз міндетіне алмайды.
Бұл этимологиялық зерттеулер сөздерді сөздік аясында, соның мақсат-
міндеттерінде сай деңгейін білдірсе, жеке этимологиялық ізденістерде бұл 
деңгей әртүрлі болып келеді. Кейбір арнайы зерттеулер кейінгі кезде сөздердің 
бүгінгі қалпын ғана емес, олардың сонау алтай, көне түркі («пратюркский»), 
көне қыпшақ («пракыпчакский») т.б. дәуірлердегі қалпын анықтауға, жеке 
сөздердің құрамындағы «тірі» және «өлі» түбірлерді бөліп алып қарастыруға, 
тіпті бір буынды түбірлердің өзін жіліктеп, ілкі түбір, туынды түбірлерге 
жіктеуге, оларды о бастағы мағына беретін ең қарапайым лексема, фонема 
дәрежесінде қарауға талаптануда. Бұл, әрине, түркі этимологиясының 
шарықтау шегі болса керек. Бұл мақсатты орындау үшін бір тілді ғана емес, 
бүгінгі түркі тілдерінің бәрін тегіс зерттеу қажет, барлық жазба ескерткіштерін 
17 
Егоров В. Г.
Этимологический словарь чувашского языка. Чебоксары, 1964.
18 Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Алматы. 1966. 240-6.


458
бір ізге түсіріп, түркі тілдерінің базистік лексикасының негізі болып саналатын 
бір буынды түбірлердің корпусын (моделін) жасауымыз керек сияқты
19
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет