435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет13/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

зорла-, зорлық, зорығу
сияқты) басқашалау мағыналарға ие болып тұр.
Семантикалық принциптің заттар мен құбылыстарға ат қойып, айдар 
тағуға (номинацияға) байланысты әр түрлі мотивтерді анықтауға да қатысы бар. 
Осыған орай бір заттың, не құбылыстың біреу емес, бірнеше атаумен аталуы 
да кездейсоқ құбылыс еместігі этимологияда ескерілуі керек. Мәселен, қазақ 
тілінде бір аурудың (орысшасы «сибирская язва») адам мен малдың түріне 
байланысты бірнеше атауы бар екен:
 түйнек, күйдіргі
(адамға қатысты), қойда 
– топалаң,
жылқыда –
жамандат,
сиырда –
қараталақ, қарасан, 
түйеде –
 
ақшелек, қарабоз,
ешкіде –
 кебенек,
шошқада –
 сіреспе, қағылу
т. б. Мұндай 


455
номинация мен мотивациялар сөз мағынасын ашу үшін этимологияға аса қажет 
фактілерге жатады.
Семантикалық талдауға қатысты тағы бір құбылыс: ол бір түбірден тараған 
бірнеше туынды түбірлерді білдіретін заттары мен құбылыстарын көзбен көріп 
(визуально), өзара салыстыра қарау арқылы заттық, материалдық ұқсастығын 
анықтау. Мысалы:
саға, сағалдырық, сағақ, сақал, сағана, сағанақ
сияқты 
түбірлес сөздерді суретін салып, өзара салыстырып көрсеңіздер, заттанған 
мағынаның нақтылы көрінісін, қолданыс аясын байқау қиын емес.
Тарихи принцип.
Тарихи лексикология мен этимологияның шендесетін 
тұсы осы тарихи принципті ұстануға байланысты байқалады. Өйткені этимология 
объектісі болып отырған сөздеріміз – шығу тегі, уақыт-мезгілі, территория және 
тарих жағынан тіл біткеннің бәріне емес, тек белгілі бір тілге ғана қатысты 
дүние. Ал тіл болса әрқашан белгілі бір этностың генеологиясымен, азаматтық 
тарихымен, өмір сүрген ортасымен, қоғамдық даму дәуірімен, материалдық 
және рухани мәдениетімен, шаруашылық-кәсіп түрлерімен, салт-сана, әдет-
ғұрпымен тікелей байланысты. Демек, сөздердің этимологиялық зерттелуі сол 
сөздердің өз топырағында, өз мекені мен өніп- өскен, пайда болған мезгіліне 
сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Бұл жағдай байырғы түркі-қазақ сөздеріне де, 
шет тілдерден қабылданған кірме сөздерге де қатысты.
Этимологияның 
жоғарыда 
келтірілген 
басқа 
(фонетикалық, 
морфологиялык, семантикалық) принциптері осы айтылған тарихи негіздерге, 
этнолингвистикалық факторларға сүйенбесе, одан өзіне қажетті дәлел-дерек таба 
алмаса, қаншама шебер қолданылса да, нәтижесіз болуы мүмкін. Этимологтардың 
зерттеулерінде халық тарихына қатысты тілдік жазба деректерді, ауыз әдебиет 
мұраларын, археологиялық куәлерді, тарихи жазбаларды т. б. материалдарды 
орынды қолдануы да осы принциптің мақсатына үйлеседі. Осыған орай 
этимолог Г. А. Климовтың «...этимолог үшін ең алдымен этимологиялық 
зерттеулерде кездесетін заттар (реалийлер) мен ұғымдардың хронологиясын 
айқындайтын археология мен этнография деректері қажет-ақ»
16
деген пікірін 
орынды деп санаймыз. Шынында да тіліміздегі сөздердін байырғы түркі сөзі 
екенін, әлде шеттен кірген сөз екенін ғылыми негізде мұқият айқындап алмай 
жатып, олардың әр түрлі фоно-морфо-семантикалық өзгерістері жайында 
долбар, болжам айту ғылыми этимологияға жатпайды.
Тағы бір пікір: шын мәнісіндегі ғылыми этимологияның жоғарыда 
айтылған тарихи принципке сүйене отырып, сол тілде сөйлеуші халықтың 
этногенезін (түп-төркінін) анықтауға үлкен үлес қосатынын мойындағанымыз 
жөн. Осы мәселеге байланысты ғалымдар халықтың шығу тегі – этногенезі мен 
16 
Климов Г. А. 
К семантической реконструкции (по материалам кавказской эти мологии) 
// Теория и практика этимологических исследований. M., 1985, с. 17.


456
оның атауын – этнонимін бір деңгейде қарастыруды ұсынады, өйткені оларды 
өзара бірлестікте зерттегенде ғана белгілі нәтиже шығуы мүмкін. Этимоло гия 
этногенетикалық проблемаларды шешуге көмектессе, экстралингвистикалық 
(археологиялық, этнологиялық, антропологиялық, тари хи) деректер негізінде 
жүргізілген этногенетикалық зерттеулер этимологиялық ізденістерді дұрыс 
жолға салады.
Міне, тіл менен халық тарихының, кеңірек айтқанда, экстралингвистикалық 
факторлардың, өзара астарласа, байланыса келіп, бір тұтас этнолингвистикалық 
проблемада тоқайласуы осы. Тарихи лек сикология мен этимологияның тарихи 
принципінің бірлестігі осы орайда айқын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет