435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет21/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Этностық болмыс ұғымдары
Этнолингвистика
– тіл білімінің жаңа саласы. Ол белгілі бір этностың 
(немесе бүгінгі ұлттың, халықтың, ұлыстың) ғасырлар бойы қалыптасқан дүни-
етанымын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, наным-сенімін, тіршілік-тұрмыс ерек-
шелігін, рухани және материалдық өмірін сол этностың тіл байлығы арқылы 
танып-білуді, тілдік фактілер негізінде белгілі бір жүйеге келтіруді, анықтауды 
мақсат етеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл сала ана тіліміздің «жадында» сақталып 
келе жатқан мың сан тілдік деректерді «тірілту» арқылы халықтың мәдени та-
рихын жаңғыртып, оның этностық бейнесін, өзіндік болмысын сөз құдіретімен 
суреттейді, ұлттық «мүсінін» тұрғызады.
Қазақ тіл білімінде бұл сала бойынша академик Әбдуәли Қайдаров ширек 
ғасыр бойы тынымсыз ізденіп, еңбектеніп келеді. Ол өзі сондай-ақ осы сала-
да көптеген шәкірттер (Р.Шойбеков, Ғ.Әнесов, Ж.Манкеева, Р.Иманалиева, 
С.Сәтенова, Б.Омаров, Т.Өмірзақов, А.Мұқатаева, Ғ
.
Тұрабаева, Е.Қосбасаров, 
Ү.Серікбаева, А.Жылқыбаева, т.б.) дайындау арқылы да қазақ этнолингвисти-
касының негізін салып отыр. Таяуда Тіл білімі институтының жанынан Этно-
лингвистика бөлімі ашылды. Ғалым көп жылдан бері 
«Қазақтар: этнолингви-
стикалық сөздік»
деп аталатын 4 томдық үлкен еңбек жазумен шұғылданып 
келеді. Сөздіктің бірінші томы 
«Табиғат»
– өсімдік, хайуанаттар дүниесіне, 
аспан әлемі мен табиғат құбылыстарына, екінші томы 
«Адам»
– этностың ті-
келей өзіне, адам болмысына, ал үшінші томы 
«Қоғам»
– этнос өмір сүріп келе 
жатқан ортаға, қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға, ондағы сан алуан құбылы-
старға бағышталған. Төртінші 
«Кілт»
деп аталатын томда ана тіліміздің ұшан 
теңіз байлығын қамтыған алдыңғы томдардан қажетті деген сөзді, мағынаны не-
месе іздеген заттың, құбылыстың, ұғымның атауын бірден тауып алудың тетігі 
көрсетіліп, әдеби, тарихи, ғылыми, т.б. пайдаланған бұлақтар мен ақпараттар 
жайында жүйелі мәліметтер беріледі. Айта кетер жайт – аталмыш сөздіктің 
жасалу принципі мен мақсаты, құрамы мен жүйесі, мәні мен мазмұны жайын-
да газетіміздің келесі бір санында автордың өзіне сөз бермекпіз. Ал бүгін осы 
сөздіктің жөн-жобасымен таныстыратын үзінді-фрагменттер жариялап отыр-
мыз. Мақалада кездесетін жақша ішіндегі пайдаланған әдебиеттердің сілтеме-
лері автордың қысқарту жүйесі бойынша беріліп отыр. Толық мәлімет 4-томда, 
яғни 
«Кілт»
кітабында берілмекші.
Қазақ лингвистикасы қазіргі қалыптасу дәуірінде ең алдымен ана тіліміздің 
есепсіз сөз байлығын белгілі жүйе бойынша тарата, тарқата отырып түгел жи-
нап алуды мақсат етеді. 
Этностың ең басты рухани қазынасы – сан алуан сөз байлығымыз- ды 
хатқа түсіріп оны бүгінгі және болашақ ұрпақтың қажетіне жарату, игілігі-
не айналдыру үшін қалың жұртшылықтың қамқорлығы, көзі ашық, көкіре-


474
гі ояу жандардың, зерек те зерделі зиялылардың қолғабысы қажет-ақ. Дана 
халқымыз: «Кен асылы – жерде, сөз асылы – елде» деп бекер айтпаған. Осындай 
ізгі мақсатпен газетіміз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет