435 имплицитно: ат басындай алтын


Күн: қыстың күндері күн қораланса, ол – боранды  аяздың нышаны;  ай



Pdf көрінісі
бет20/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Күн:
қыстың күндері күн қораланса, ол – боранды 
аяздың нышаны; 
ай:
жаңа туған ай шалқасынан жатса, халық «жатысың өзіңе 
қолайлы бол са да, шаруаға қолайсыз екен» деп жобалаған; 
балара:
балараның 
тым ерте ұшуы – көктемнің шүйгін болуынан дерек береді; 
қарлығаш: 
қар-
лығаш өте төмендеп, жер бетіне жақындап ұшса, көп ұзамай жаңбыр жауады; 
қасқыр:
қасқыр оттан қорқады, мылтық иісінен сескенеді, сондықтан да ол 
отқа, мылтықты аңшыға жақындамайды; 
қой, қозы: 
қозы енесін, енесі қозысын 
көп қойдың ішінен дауысы мен иісі арқылы таниды; 
сүмбіле:
сүмбіле ұзын бол-
са, көктем де ұзаққа созылады; 
түтін:
түтін қыстың күні мұржадан тік шықса, 
аяз болады; 
құлақ:
оң құлақ шыңылдаса, біреудің мақтағаны; 
көз:
оң көзің тар-
тса, қуанасың
түс: 
түсіңде жыласаң, өңіңде қуанасың т.б.
3. Этнографиялық мәнге ие единицалардың көбі тілімізде тіркес ретін-
де қолданылатын күрделі сөздер мен қалыптасқан фразеологизмдер және 
мақал-мәтелдер түрінде кездеседі. Осыған орай айта кететін бір жағдай: бүгінгі 
фразеологизм, мақал-мәтел деп жүрген тұрақты тілдік единицалардың басым 
көпшілігі бір замандағы күнделікті қарапайым тіршіліктің, құбылыстың, шару-
ашылықтың, кәсіпшіліктің, өзара қарым-қатынастың нәтижесі ретінде қалыпта-
сқан тілдегі көрінісі. Олар бара-бара тұрақталып, мағыналық өзгерістерге ұшы-
рауы салдарынан этнофразеологизм және мақал-мәтел дәрежесіне көтерілген. 
Олардың дүниеге келуі о баста малға, аңға, өсімдіктерге, аспан әлеміне, табиғат 
құбылысына байланысты болса да, бүгінде бәрі айналып келіп адамға тіреледі, 


471
адамның іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, жақсы-жаман қасиеті-
не, ішкі-сыртқы көрінісіне бағышталған. Осы сияқты этнофразеологизмдер-
ге, мәселен, мыналарды жатқызуға болады: 
есек құрты мұрнынан түсу; түйе 
үстінен сирақ үйту; жауырды жаба тоқу; жатып атар; ақ түйенің қарны 
жарылу; қуырдақтың үлкенін түйе сойғанда көрерсің; қозыдай көгендеу; қозы 
көш жер; ат шаптырым жер; таяқ тастам жер; шай қайнатым уақыт; қо-
лынан қой жарысы келмейтін; құлағына алтын сырға; шашбауын көтеру; бет 
моншағы төгілу; құрыққа сырық жалғау; қызыл көрген құзғындай; қызғыштай 
қору; шілдің боғындай бытырау; майлы күйедей жабысу; мәйегі аузынан шығу; 
мұрнын тескен тайлақтай; құлаққа ұрған танадай; мұрындық болу; өгіз аяң; 
жылқы мінез; салы суға кету; сең соққан балықтай; сиыр құймышақтату
сүліктей сору; тамырын басып көру
т. б.
Этнолингвистика объектісіне жататын этнографиялық лексиканың құра-
мындағы бір заттың не құбылыстың төңірегіне неше алуан этнографиялық 
ұғымдар мен түсініктердің, сол зат пен құбылыстың неше түрлі көріністері мен 
варианттардың шоғырлануы байқалады. Бұл да этностың ұзақ өмір жолындағы 
дүниетанымынан, тәжірибесінен дерек береді. Мысалы, қазақ тіліндегі жел де-
ген қарапайым сөзді алайық. Бұл ең алдымен жел біткеннің жалпы атауы. Ал 
енді осы желдің қазақ даласында қанша түрі бар және олардың қандай ерек-
шеліктері бар? Бұлардың бәрін жинап, хатқа түсіру, анықтау бірде-бір сөздіктің 
міндетіне жатпайды. Олар көбіне көп этнографиялық ұғымдармен астарласып 
жатады. Алдымен «қазақ» желдерін санап шығайық: аңызақ жел, жайдақ жел, 
баяу жел, қоңыр жел, салқын жел, самал жел, саумал жел, құйын жел, жатаған 
жел, жеңіл жел, жоғарғы жел, қарсы жел, көлденең жел, ықтырма жел, қума жел, 
қарыма жел, қайтыс жел, ескек жел, еспек жел, ебі желі, теңіз желі, тау желі, 
қызыл жел, сары жел, боранды жел, ыстық жел, суық жел, ызғырық жел, тентек 
жел, теріскей жел, үскірік жел, өкпек жел, майда жел, алтын күрек, керімсал т. б. 
желдер. Қазақстанның әр өлкесінде кездесетін осылардың әртүрлі өзіндік ерек-
шеліктері байқалады. Мы салы, қума жел Еділдің төменгі жағында өзен ағысын 
бойлай қуа соғатын жел (орысша «выгон»); оны кейде арқа желі, не қай тыс желі 
деп те атайды. Ебі желі Шығыс Түркістандағы Еби Hұp көлінен басталып, Іле 
өзенін бойлай Балқашқа дейін соғатын жел.
Айта кету керек, дәл осындай шоғырлануды кез келген этнографизмнің 
төңірегінен табуға болады. Олардың бәрін бір жерге жинап, жүйеге келтіруді де 
біз этнолингвистиканың міндеті деп білеміз.
Енді бір көңіл аударатын мәселе – этно графиялық лексиканың жүйелілігі 
жайында. Қаншама мол, бай болса да тілдегі этнографизмдер бас-аяғы жоқ, рет-
сіз дүние емес. Тіл табиғатының бір ғажабы – әрбір сөздің, әрбір ұғымның ұшан-
теңіз, шалқып жатқан сөз теңізінде өзіндік тиісті орны, қолданылу шегі, кезек 
тәртібі, өзара қатыстығы, бағыныңқы-басыңқылығы болуында. Сондықтан да 


472
біз этнолингвистикалық байлықты жалпы сөздік қорынан іріктеп алып қараған-
да, ең алдымен оның жүйелілігіне ерекше назар аударуымыз керек. Өйткені бұл 
байлықты басқаша тәсілмен түгел меңгеру мүмкін емес.
Осыған орай біз өзіміздің көп жылдан бергі ізденуімізде этнография мен 
лингвис тика ғылымдарында қолданылып жүрген топтастыру принциптерін 
ескере отырып, қазақ тілінің өз ерекшелігіне сәйкес «Табиғат-Адам-Қоғам» 
деген идеографиялық классификацияны қабылдаған едік. Бұл класси фикация 
бойынша «Табиғат» бөлімі 4 тараудан (жануарлар дүниесі, өсімдіктер дүни-
есі, аспан әлемі, табиғат құбылыстары), «Адам» бөлімі (адамның ішкі-сыртқы 
көрінісі, табиғаты, іс-әрекеті, дене мүшелері, тілі, ішетін тамағы, киетін киімі, 
ауру-сырқауы, өмір тіршілігі, тұратын үй-жайы, шығу тегі болып) 11 тараудан, 
«Қоғам» бөлімі (қоғамдық қарым-қатынас, семья, шаруашылық, кәсіпшілік
материалдық және рухани мәдениет, дін, әдет-ғұрып, ойын-сауық, әдеп, заң, 
оқу-тәрбие, дүниетаным, өлшем т. б.) 20-дан астам тараудан тұрады.
Бұл классификация бойынша қоғам, адам өмірінде, табиғатта қамтылмай 
қалатын бірде-бір құбылыс болмаса керек. Оның бәрін бір мақала көлемінде 
тәптіштеп айтып шығу, әрине, мүмкін емес. Олар сан жағынан өте көп. Тек адам-
ның өз басына ғана байланыс ты этнографизмдердің саны 2 мыңнан, өсімдік пен 
жануарлар дүниесіне байла нысты 4 мыңнан астам екен. Кәсіпшілікке байланы-
сты мыңдаған сөздердің тек саятшы өнеріне ғана қатыстысы, Ә. Марғұланның ай-
туынша, 1500-ден астам екен. Құдандалыққа байланысты тілімізде 20-дан астам 
құданың түрі, 500-ден астам әртүрлі кәде, ырым-сырымдар бар екен. Тілімізде әр 
түрде қайталанатын 400-ге таяу ұлттық ойындардың атауы бар екен т.т. Бұлардың 
сыртында тұрған қат-қабат этнографиялық ұғымдар бар екенін жоғарыда айттық.
Қорыта келгенде, халық этнографиясына қатысты сөз байлығы тілімізде 
ұшан-теңіз. Оларды этнолингвистика – тіл мен этно графия фактісі ретінде толық 
меңгеру, этно лингвистика проблемасы ретінде зерттеу бүгінгі ұрпақтың абырой-
лы міндеті. Олардың біразы күні бүгін зерттелмесе, ертеңгі күні кеш болатыны 
ақиқат. Біздің қоғам табиғаттағы мүлдем азайып кеткен, не біржолата жойылу қа-
упі төнген өсімдік, жан-жануарлардан бастап, құрт-құмырсқа, бақа-шаянға дей-
ін қамқорлыққа алып, «Қызыл кітапқа» енгізіп отырғанда, ана тіліміздегі ұмыт 
болып, жоғалып бара жатқан асыл сөз маржандарына да дәл сондай қамқорлық 
аса қажет. Атаусыз зат болмайтынын, затсыз ат қойылмайтынын ескерсек, қазақ 
топырағында пайда болған дүниенің баршасына қазақ тілінің де тікелей қаты-
сы бар екеніне ешкімнің дауы жоқ. Олай болса, тілші, әдебиетші, этнограф, та-
рихшы, мамандар бо лып, ақын-жазушы қауымы мен қалың оқырман болып ана 
тіліміздің қымбат қазынасын әр қырынан жарқыратып көрсетуге ат салысу ке-
рек-ақ. Ана тіліміз үшін де бір «Қы зыл кітап» арнасақ артық болмас еді.
«Білім және еңбек», 1985. № 10. 18-22 б.


473


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет