435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет28/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

ҚОҒАМ
§ 6. Кәсіпшілік...
Қарықтап егу
(қауын-қарбызды топырақты жал қылып үйіп, түбінен су 
баратын арық тартып егу тәсілі; бұл тәсіл оңтүстік қазақтары арасында кеңінен 
тараған; бұлайша егудің ерекшелігі: қауын-қарбыздың түбі ылғи ылғалды бо-
лып тұрады да олардың өзі құрғақ жерде жатып шірімей, бұзылмай, қүн сәулесін 
өзіне мол алып, дәмді болып өсіп-жетілуіне мүмкіндік алады
 
(Ө.Айтбаев))...
Ыспа
(өзен тасығанда бір жағадан екінші жағаға қайықпен өту үшін жөр-
мелеп ұстауға қажетті қазық не діңгекке тартылған сым, трос 
(Ш.
Жалғасбаев,
 
7)
)...
Өрелеу
(бүркітті алғашқы рет аңға салардан бұрын тірі бастырып баптау-
да тірі түлкінің ұзап қашып кетпеуі үшін және одан тәжірибесі аз бүркіттің көз 
жазып қалмауы үшін оның алдыңғы және артқы бір аяқтарын жіппен байлап 
жүрісін тежеу).
Ырғақ
(бүркіттің уысы толмайтындай жөргемделіп, екі ағаш қадаға керіл-
ген арқан; қолға жаңадан түскен бүркіттің ұйқысын алу үшін қолданылады; бүр-
кітті байлап, осыған отырғызады (
Саятшылық
,
69-70)
)...
Ала жіпті қырқу
(алғыр құс, қыран бүркіттерді томағасын тартып ағытқан-
да қаша жөнелген аңдарды ала алмай, көз жазып қала беретін жағдайда жасала-
тын аңшылардың ырымы: ақ, қара жүннен иірілген ала жіпті қырқу)...
§ 7. Рухани мәдениет
Күң соңынан күл шашу
(қанша басыбайлы болса да тұрмыс 
ауыртпалығына шыдай алмай, құлдың да, күңнің де қашып кететіндері 
болған. Оны «Құл қашарманымен, күң кетерменімен қорқытады» деген мәтел 


479
дәлелдейтін сияқты. Кеткен күңді жаман болса, іздемей-ақ, «артыңа қайтып 
оралма!» деп соңынан күл не топырақ шашатын да әдет болған).
сауын айту
(ертедегі қазақ дәстүрі бойынша көп ел шақырып ас беретін, 
той жасайтын не мәжіліс өткізетін дәулетті де, беделді адам жан-жаққа жар 
салып, сол асқа (тойға, мәжіліске) қымыз алып келуді хабарлауы; сауынға саба-
саба қымыз әкелген елдің ыдыстарына сойылған малдың жіліктерін салып 
қайтару ырымы болған 
(С.Мұқанов, 11, 106)
).
Қынаменде
(қызды ұзатарда қалыңдық пен күйеудің құрметіне арналып 
қыз үйінде ойналатын ойын-тамашаның, жасалатын әдеттің аты; онда қыз 
аулының қыз-келіншек, бозбалалары «қызды бермейміз!» деп, күйеу жағынан 
табанда тоғыз 
аяқ,
тоғыз табақ тауып беруін талап етеді; «тауып бере алмасаңдар, 
кәдемізді беріңдер!» деп күйеу жолдастарын әр түрлі шарт қойып, өлең 
айтқызып, домбыра тартқызып, билетіп, тағы басқаша қинай бастайды. Осы 
ойынды сырттан қарап, тамашалап тұрған үлкендер күйеу жағына жанашырлық 
білдіріп, біраздан соң «қинама енді!» деп басалқылық айтатын болған. 
Ойынның атын осы сөздердің қысқаруынан шыққан деп түсіндіріліп жүр).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет