435 имплицитно: ат басындай алтын


Іргіл сөз (іркіс-тіркіс, қисынсыз, жүйесіз, мән-мағынасы жоқ сөз...). Түс



Pdf көрінісі
бет27/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

Іргіл сөз
(іркіс-тіркіс, қисынсыз, жүйесіз, мән-мағынасы жоқ сөз...).
Түс
(адамға тән физиологиялық құбылыс...).
Түс жору
(түсте көрген оқиғаны, әр алуан құбылыс, заттарды халық 
санасында қалыптасқан, белгілі дәрежеде дәстүрге айналған белгі-ны-
шанға балау, түсте көрген адамның өңінде неге айналатынын жорамал-
дау)...
Түс жорыту
(адам түсінде көргендерін екінші біреуге айтып, оның 
не болатынын, нендей жағдайға байланысты екенін анықтау. Кейде жақ-
сы түсті, әсіресе жаман түсті жорытудан әдетте бас тартады, өйткені жа-
ман түстің көңілге кірбің туғызатын жағдайсыздығынан қорықса, жақсы 
түсті елге айта беруден қызғанады, тіл-көзден сақтанғысы келеді; түс 


478
жорытуды әдетте кәріқұлақ үлкендер мен сенімді жақын адамдарға ғана сеніп 
айтады; жақсы түсті сол түске қатысты адамына сату әдеті бар: 
«
түсімді сатам!», 
«сатып алдым!
» 
деген шартты түрдегі пәтуаласудан кейін 
«
Түс
 
қабыл болсын!», 
«
Әумин!
»
деп, алақан жайып, бет сипау әдеті болған. Жаман түсті жорушы түске 
қатысты адамды ренжітпеу үшін «Түс түлкінің боғы емес пе!», «Түске не кір-
мейді, тіске не енбейді

деген сөздермен жұбату айтатыны да болады...)
*Түсіңде жыласаң – өңіңде қуанасың.
§ 5. Тамақ
Шілде быламық
(жаңа босанған әйелдерге қырық күн бойы берілетін та-
мақ; халық ұғымында оны босанған әйелдің белін бекітеді деп есептейді).
Қалжа мойын
(халық дәстүрі бойынша қалжаға сойылған қойдың мойнын 
қалжа етімен бірге асып, оны қалжа асына шақырылған әйелдер пышақсыз таза 
етіп мүжіп алған соң өзегінен жіп өткізіп, есіктің алдына елге
 
көрсетіп іліп қоя-
тын болған; бұл ырым жаңа туған жас нәрестенің мойыны тез бекіп, түзу өседі 
деген наным-сенімге байланысты істелген).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет