ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Жүрек перкуссиясы,аускультациясы
ОРЫНДАҒАН: Көшекбаев Б.Ж
ТЕКСЕРГЕН: Алтаева А. А
ЖҮРЕК ПЕРКУССИЯСЫ және АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ
Перкуссия (латынша percussio “тері арқылы”) қазақша соғып не қағып қарау дегенді білдіреді. Бұл әдіс Гиппократ заманында белгілі болғанымен кеңінен қолданылмаған. Алғаш перкуссияның клиникалық зерттеудегі маңызына көңіл бөлген австриялық ғалым дәрігер Л. Ауэнбруггер (1722-1801) болатын. Оның латынша жазылған “Кеудедегі жасырын жатқан ауруларды адамның кеуде клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс” трактаты 1761 жылы жарық көрген.Л. Ауэнбурггердің ойлап тапқандай, саусақтардың басымен соғып перкуссиялау тікелей перкуссия деп аталады.Қазіргі кезде кеңінен тарағаны 1935 жылы Г.И.Сокольский ұсынған әдіс. Ол жанамалы перкуссиялық әдіске жатады, тек плессиметр мен балға қолданылмайды, соққы қол саусақтарымен жасалады. Әдетте сол қолдың ортаңғы саусағын денеге жанастырып (плесстметр ролінде), оң қолдың ортаңғы саусағымен (перкуссиялық балға ретінде) соғып отырады.Бұл перкуссиялық әдістің артықшылығы: ол құрал жабдықтар іздемей — ақ, кез келген уақытта тексере беруге мүмкіндік туғызады.
Аускультация (латынша auscultatio – «қазақша» тыңдаймын деген сөз) – организмдегі өзіне — өзі пайда болған дыбыстарды тыңдау болып табылады. Бұл әдіс Гиппократтан бастау алады. Оның еңбектерінде әр түрлі дыбыстардың, соның ішінде жүрек соғысын анықтаған. Бірақ ол мәліметтер бүгінгі күнге толығымен жетпеген.Аускультация әдісін негізін қалаған француз дәрігері Рене Теофил Гиацинт Лаэннек (1781 – 1826). Ол алғаш рет стетоскопты (stethos — кеуде, scopeo — қараймын) қолдануды ұсынған.Дәрігер жүректі тыңдағанда әр жағдайда, яғни тік тұрғызып та, жатқызып та тыңдауға дағдылануы керек. Науқастардың кейбір қлыптарында, жүрек ақауларында пайда болатын дыбыстар жақсы естіледі. Мысалы: қолқа қақпақшасы қызметінің жетіспеушілігінде пайда болатын протодиастолық шуыл, науқастың тік тұрған қалпында жақсы естіледі.
Жүрек аускультациясының ережелері:
-шусыз, тыныштық жағдайда
-науқас жатқанда, тік тұрғанда, қажеттілігіне байланысты
– жүктемеден кейін;
-дерт түріне байланысты а) сол жанында (митральды қақпақша); б) еңкейтіп (аорта қақпақша).
Жүрек аускультациясы жасаудағы іс-әрекеттерінің реттілігі Жүрек аускультациясы. Аускультация 5 тыңдау нүктесінде жүргізіледі:
Митральды қақпақшаны тыңдау:
-жүрек ұшы түрткісін пальпация арқылы анықтау;
-сол жерді тыңдау (қалыптыда 2 тонда тыңдалады, 1 -ші тон жақсы естіледі); Аорта қақпақшасын тыңдау -төстің оң маңы ІІ қабырға аралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі); Өкпе бағанасы қақпақшасын тыңдау -төстің сол маңы ІІ қабырғаралықты табу; -осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі); 3-жармалы қақпақшасын тыңдау:
-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізін табу; -осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 1-ші тон жақсы естіледі);
Аорта қақпақшасын тыңдау
-төстің оң маңы ІІ қабырға аралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);
Өкпе бағанасы қақпақшасын тыңдау
-төстің сол маңы ІІ қабырғаралықты табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2-ші тон жақсы естіледі);
3-жармалы қақпақшасын тыңдау:
-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 1-ші тон жақсы естіледі);
Аорта қақпақшасын қайта тыңдау:
-төстің сол қырына 3-4 қабырғалардың жанасқан жерін табу;
-осы жерді тыңдау (қалыптыда 2 тон тыңдалады, 2 тон жақсы естіледі); Жүректің І және ІІ тонын ажырату І тон жүрек ұшында және 3-жармалы қақпақша нүктесінде жақсы есітіледі;
ІІ тон жүрек негізінде жақсы есітіледі; І тон төмен, ұзақ және үлкен үзілістен кейін тыңдалады;
ІІ тон биік, қысқа және кіші үзілістен кейін тыңдалады; І тон ырғағы жүрек ұшы түрткісі мен ұйқы артериясының соғуына сәйкес келеді, ал ІІ тон ырғағы сәйкес келмейді; І тон –систолалық, І тон – диастолалық; І тонның 4 құрастырушысы бар, ал ІІ тонда- 2 құрастырушы дыбыс.
Пальпация, перкуссия, аускультация - түрлі ауруларды диагностикалау процесінде бүкіл әлемде дәрігерлер пайдаланатын физикалық емтихан әдістері. Бұл әдістер талдау биохимиялық және басқа да түрлері бірлесіп, аспаптық тергеу, пайдаланылатын технологиялар пайдаланылады, үлкен саны бар. Ол объективті сараптама диагностикасы шешуші рөл атқарады деп қызықты.
Достарыңызбен бөлісу: |