Жбб м. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернат кмм «Сырласу» аналар мектебі отырысынан ақпарат



Дата27.12.2016
өлшемі29,71 Kb.
#5452
ЖББ М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-интернат КММ

«Сырласу» аналар мектебі отырысынан ақпарат

22.04.2016 күні «Сырласу» аналар мектебінің отырысы болды. Онда 9-10 сынып қыздарымен «Қызым саған айтам ... » тақырыбында сырласу өтті. Мақсаты: Қыз балалар бойында әдеп пен сыйластық, тазалық пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, білімді де білікті қыз бала тәрбиелеу. Отырыс ұстанымы: Түзу тәлімнің тетігі – сырласу.



Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын, Көрінер толған айдай жүзі жарқын. Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес, Халқының сақтай білген ізгі салтын.

Елбасымыз «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ », деген болатын.

«Ұлтыңды сақтаймын десең-қызыңды тәрбиеле,руыңды сақтаймын десең-ұлыңды тәрбиеле» осы бір нақыл сөзде қаншама мағына бар десеңші деп сөзді аналар мектебінің төрайымы Хамзадина Л. бастады.
Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовқа көзі тірісінде «XXI ғасырдың қыздары туралы пікіріңіз қандай?» деген сұрақ қойып, қарт қаламгердің пікірін білген екен. Әлдеқашан бақилық болған әз ағаның қазіргі қазақ қыздары жайлы айтқан толғамы көңілге қонбады.

 – Қазіргі қыздардың түрі, түсі бұрынғы ғасыр қыздарына ұқсағанымен бұлар ұлттық үлгіден ауытқып бара жатыр. Қазір көптеген қыздар ана тілінен алыстап, ұлттық дәстүр, салт-санадан мақұрым болып барады. Олар үйде де, көшеде де, аудиторияда да, мекемеде де қазақша сөйлеспейді. Қазақ кітаптарын оқымайды. Радио, теледидардың қазақ тіліндегі хабарларын тыңдамайды. Қазақ тілінде ән салынып, қазақ күйлері тартылып жатса, ол каналды өшіре салады. Қазақтың тамаша ұлттық салт-дәстүрлерінен мүлде хабарсыз. Оны білгілері де келмейді. Бір сөзбен айтқанда қазіргі қазақ қыздарында ұлттық рух жоқ.

1. Осы әз ағаның сөзіне сіздердің ойларыңыз?
2. Сіздердің кездеріңіздегі қазақ қыздары қандай еді? Аналарымыз өзінің жас кезіндегі кейпін қалай сипаттап берер екен.

3. Қазіргі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма?

4. Әр ата-ана қызының иман жүзді болғанын қалайды, бірақ қазіргі заманда иман жүзді қыз бала тәрбиелеуде қиындықтар бар, соны қалай жеңуге болады?

Осы сұрақтар маңайында аналар мен қыздар арасында әңгіме өрбіді. Қыздар да өз ойларын бүкпесіз айтып,аналармен ой бөлісті.Аналар қыз қылығы туралы біраз әңгіме айтты.

 Қызға 40 үйден тыйым (нәзік жандыларға арналған пост) таратылды.
Қорытынды :
Елбасымыздың : «Әйел-бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей-еліміз толық түзелмейді» деген сөздері ананың есінде қалыпты. Өз басым қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне, әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қараса екен деп армандаймын. 

Бүгінгі кешімізде болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды. Жиналғандар да бұл кедесуімізге куә болып, өз ойларын ортаға салды. Енді осы кешімізге қатысып отырған қонақтарымыз өз ойларын қорытындылау үшін таңдалған бір ғана сөзді байланыстыра отырып, пікірлерін қорытындыласа дейміз.

Сөздер: тәрбие, бақыт, сенім, ұлт, кітап, арман, байлық.

Қыздарға!


Өмір қатал көтермейді ойынды,
Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.
Тағдыр жолың жіңішкелеу өмірде,
Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.

Қаракөздеріміз бұрымды шашымен, инабатты мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз арымен әрқашан басқалардан ерекшелене білсе екен деймін. Заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяңдық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбайтын қыз бала тәрбиелеуде кеш қалмайық!

Бүгінгі кешімізге арнайы келген қонақтарымызға , аналарға,қыздарға үлкен рахметімізді айтамызсөзді Мағзат Расылханқызы қорытындылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет