Этно лингвистика
Этнолингвистика дегеніміз не? Қазақ тіл білімінде ғылымның бұл саласы
бұрын-соңды арнайы сөз болған емес. Сондықтан да бұл біздер үшін әрі жаңа,
әрі тың проблема болып саналады. Ана тіліміздің ұшан-теңіз байлығын, ғасыр-
лар бойы толассыз толығып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, мұра болып келе жатқан
асыл қазынасын мүмкіндігінше толық меңгеріп, ел игілігіне айналдыруды мақ-
сат ететін ғылым салаларының бірі – осы этнолингвистика болса керек.
Сонда, этнолингвистиканың мақсаты не, зерттеу объектісіндегі ортақтық
неге байланысты? Ғылым дүниесі қандай қажеттікпен этнография мен лингви-
стиканың ортасынан жаңа ғылым саласын тудырып, оған «этнолингвистика»
деп ат қойып, айдар тағып отыр? Этнолингвистика терминіне тілшілердің беріп
отырған жұпыны ғана анықтамасы мынау: «Этнолингвистика – это «раз дел
макролингвистики, изучающий отно шения между языком и народом и взаимо-
действие лингвистических и этнических фак торов в функционировании и раз-
витии языка» (О. С. Ахманова. Словарь лингвистических терминов. М., 1966,
529-6). Этнографтардың бұл жайындағы түсінігі де біржақты сияқты. Олар бұл
терминге байланысты зерттеу объектісін негізінен этнос деп қарайды да, тілді
екінші орынға қояды.
Біздің пікірімізше, мәселені дәл осылай қою дұрыс емес сияқты. Этнолинг-
вистика, егер оның түп-тамырына тереңірек үңілсек, этнография мен лингви-
стиканың жай қосындысы емес, бір шаңырақ астында әрқайсысы өз бетінше тон
пішіп, өзінің жырын жырлайтын шартты түрде ғана қосарласқан дүние де емес.
Бұл ғылым саласының бір кереметтігі де, бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық
маңызы да – оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірін-
сіз бірін толық түсінуге болмайтын объект екендігінде. Ол объект-этнос және
оның тілі. Өйткені тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүруі мүмкін емес.
Этнос деп отырғанымыз – белгілі бір тарихи дәуірде және өлкеде қалып-
тасып, өзінің өзгеден ерекшелігін тани білген, тілінің, дінінің, табиғатының,
психологиясының тұтастығын мойындаған, басқа да өзіндік қасиеттерін сезіне
білген қауым. Этнос белгілі бір қоғамдық формацияда ру, ру-тайпа бірлестігі
болып саналса, феодализм дәуірінде – ұлыс не халық, капитализм, со циализм
дәуірінде ұлт ретінде дамуы мүмкін. Бұл бәрімізге белгілі қағида.
Ал этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз
оның сонау балаң кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір-тіршілі-
гін, дүние танымы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақталған фактілер
мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бүгінгі таңның игілігіне асы-
ру болып табылады. Өйткені, кез келген этностың (бүгінгі ұлыстың, ха-
лықтың, не ұлттың) тілінде оның басып өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі
жатыр. Оның кейбір нұсқасы бүгінгі ұрпаққа тас мүсіндер мен жартастарға
464
қашалған жазулар арқылы, ескі архитектуралық ескерткіштер мен ғимараттар
арқылы жетуі мүмкін. Бірақ бұлар өт кен мәдени, рухани өмірдің мың да бір елесі
ғана, ал этностың шын мәнісіндегі болмысы мен дүниетанымы оның тек тілінде
ғана сақталады. Әр түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қоғамдық
қатынастар, әдет-ғұрып, салт-сана мен дәстүрлер жайлы мағлұматтардың бәрі
де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз
тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы ғана
келіп жетуі мүмкін екен. Сондықтан да тіл фактісі ретінде сөздік қорымызда
кездеспейтін ондай заттар мен құбылыстарды, ұғымдар мен түсініктерді этнос
өмірінде мүлдем болмаған, не із-тозсыз жоғалып, этнос жадынан шыққан дүние
деп қарауымыз керек.
Міне, этностың өз тілімен бірге туып
,
біте қайнасқан біртұтас дүние екенді-
гі осы орайда айқын көрінеді. Басқаша айтқанда, этностың өз тілі өзін жаратушы
да тұтынушы этностан ажыраған жағдайда өмір сүре алмайды. Ал этностың өзі
болса, белгілі бір жағдайлар салдарынан ана тілін ұмытып, екінші бір тілді қа-
былдауға, сол тілде ғана қарым-қатынас жасауға мәжбүр болса, онда ол өз
тілінсіз де өмір сүре алады; тіпті басқа тілде де оның жазу-сызуы, әдебиеті,
өнері, мәдени-экономикалық тұрмысы дамуы мүмкін. Бірақ тілінен айрылған
этностың жоғалтатыны да аз емес: алдымен ол өзінің бүкіл басып өткен
өмірімен қоштасып, генеалогиялық тегін ұмытады екен, азаматтық тарихын
жадынан шығарып, рухани және мәдени байлығынан марқұм болады екен.
Өйткені этносқа тән бұл категориялардың бәрі де тек тілде ғана, этностың ана
тілінде ғана сақталатынын жоғарыда айттық. Өз тарихын, өз тегін, өз тілін,
өз елдігін, өзінше дүниетанымын, ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық,
этикалық нормаларын, әдет-ғұрпын біле білмеген этнос мүшесі де, мәңгүрт
те бірдей. Этностың бұл ерекшеліктерін, әрине, екінші, үшінші тіл арқылы
да білуге болады. Бірақ ешкім де, ешқашан да оны жетік біле алмайды. Өйт-
кені олар жүре үйренетін білім емес, ананың ақ сүтімен бойға даритын, балаң
жүрекпен сезіну арқылы, жан-тәнімен қабылданатын, белгілі ортада ғана қа-
лыптасатын этностық қасиеттер.
Осындай жалпы әңгімеден соң, енді қазақ этносының, қазақ тілінің өзіне
келейік. Бүгінде қазақ халқы советтік отанымыздағы терезесі тең социалистік
ұлттардың бірі де, қазақ тілі ең бір дамыған, кемелденген ұлт тілдерінің сана-
тына жатады. Қазақ халқының шебер де шешен сөйлейтін қасиетін, соған сай
оның тілінің де ерекше көрікті, көркем, оралымды да ұтымды екенін елдің
бәрі мойындайды. Қазақ тілін өткен ғасырда зерттеген әйгілі түрколог – ға-
лым ака демик В. В. Радлов: «Қазақтардың тілі әуезді де әсем, шебер де ше-
шен, әсіресе, сөз сайысына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі, тауып
сөйлейтін тапқырлығы таң қалдырады» деген еді. Осы тіліміз бүгінде толысу,
толығу, есею, кемелдену үстінде.
465
Кез келген тілдің қоғамда, өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның
басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қаты-
нас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қыз меті. Оның екінші
қызметі көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерек ше әсер
ететін, ләззат сыйлайтын, эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине, қа-
ламгерлердің шеберлігіне, сөз саптау мәнеріне тікелей байланысты. Ал тілдің
үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда, аккумулятивтік қызметі деп
аталады. Яғни ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық
сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде
түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиеті.
Этнолингвистика бізді көбіне-көп тілдің осы қасиетін зерттеуге, этнос
тілінің байлығын мүмкін болғанынша толық қамти отырып, оның ішкі мазмұны-
на терең үңіліп, қыр-сырын анықтай түсуге бағдарлайды. Өйткені тіл фактілері
мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі
тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек.
Этнографиялық лексика жалпы тіл байлығымыздың сүбелі де құнарлы са-
ласына жатады. Онда мағынасы күңгірттеніп, қолданыстан шығып қалған, өткен
өмір мен ескірген әдет-ғұрыпты бейнелейтін көнерген сөздер мен сөз тіркестері
көптеп кездеседі және олар қағазға қатталмай, халықтың көкірегінде жатталып,
жадында сақталып келе жатқан дүние. Сондықтан да болар, этнографиялық лек-
сиканың тіліміздегі қолданысында белгілі пассивтік білместік, ала-құлалықтар
жиі кездесіп отырады.
Ал біздің тіл қорымызда мал шаруашылығы мен егін шаруа- шылығына,
аңшылық, саятшылық, балықшылық т. б. кәсіптерге, қол өнерінің сан алуан түрі-
не байланысты мыңдаған ұғым мен заттардың атаулары бар және кез келген ата-
удың сыртында тұрған, соған байланысты этнографиялық ұғым, наным-сенім,
әдет-ғұрыптар тағы бар. Күнделікті болып жататын өзара қарым-қатынасы-
мызды әркім өз ойын, өз өмір-тіршілігіне қатысты, мамандығына байланысты
пікірін түсіндірумен ғана шектеледі. Бірақ тілдің тереңінде жатқан этнографи-
ялық ұғымдардың көбі, мамандардың немесе жазушы-журналистердің қаламы-
на іліккендері болмаса, ауызекі тілде, ресми тілде, ғылым тілінде, коммуникация
тілінде өте сирек ұшырайды.
Осыдан келеді де тіл арқылы сақталып бізге жеткен этнографиялық бай-
лығымызды білудің қауым үшін қажеті бар ма, қажеті болса, оны қалайша және
қай дәрежеде білуіміз керек деген орынды сауал туады. Этнографиялық тіл
байлығын жетік білуден не ұтамыз, не ұттырамыз?
Әрине, білгенге не жетсін. Ана тіліміз арқылы сақталып келе жатқан ке-
ремет бай этнолингвистикалық мұрамызды түгел меңгеру мүмкін емес және
оны елдің бәрі бірдей біле берудің қажеті де болмас. Бірақ оларды халқымы-
здың мәдени, рухани ескерткіші ретінде сақтап, келесі буынға түгел жеткізу
466
бүгінгі ұрпақтың абзал міндеті сияқты. Ол үшін халық жадында сақталып келе
жатқан осы мұраны жинап, реттеп, хатқа түсіріп отырмасақ, көненің көзі, кәрі
құлақ қарттар дүниеден көшкенде, көш орнын сипалап таба алмай қалуымыз
ғажап емес. Ал этнографиялық мұраны жоғалту деген сөз – өткен өмірден құра-
лақан болумен барабар. Бұл мұрамызды зерттей отыра білу, біле отыра бола-
шаққа қалдыру, қайталап айтамыз, «өткенді уағыздау», «тозығы жеткен дүниені
жаңғырту» деген сыңаржақ көзқарастармен үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
Ал енді бұл саладағы қолға алынуға тиісті игілікті істеріміз деп нені білеміз,
оларды қалай орындаймыз және олар кімдердің міндетіне жатады деген мәселе-
ге келейік.
Сөз етіп отырған этнолингвистика проблемасына жататын ұшан-теңіз
мәселеге арнайы тоқталудан бұрын айтарымыз: бұл тәрізді игілікті іске бүкіл
қауым болып, әсіресе ақын-жазушылар, әр саладағы мамандар, зерделі де зе-
рек зиялылар болып түгел ат салысуы қажет те, соған мұрындық болу тілші,
этнограф, әдебиетшілер мен өнер зерттеушілердің абыройлы міндетіне жата-
ды. Бұл салада қол жеткен тамаша табыстарымыз бен игілікті бастамаларымыз
да жоқ емес. Осы ретте біз қазақтың қолөнеріне (С.Қасиманов, Д. Шоқпаров),
музыкалық өнері мен аспаптарына (Б.Сарыбаев, О. Хаймулдин), мал атаулары
мен мал ауруларына (Ш.Жанәбілов, Г. Себепов, А. Жақыпов, X. Қашағанов, Ж.
Бердімұратов), хайуанаттар мен балыққа (Қ.Кыдырбаев, Күленов т.б), халық
календары мен астрономиясына (М.Исқақов, А Машанов) халық медицинасы
мен дәрілік өсімдіктеріне (С.Сұханбердин, М. Қожабеков, Б. Атшабаров т б.)
діни әдет-ғұрыпқа (М.Тоқжігітов, Ақназаров), қыран құстар мен аңшылыққа
(Ж.Бабалықов, А.Тұрдыбаев, Е. Тұрысов, Ғ. Нұрпейісов) байланысты басылып
шыққан материалдар мен кейбір этнографиялық мәліметтердің қауым үшін
маңызды екенін атап айтқымыз келеді. Халқымыздың жалпы мәдени, руха-
ни мұрасын өз еңбектерінде арнайы сөз етіп, оның тамаша үлгілерін уағызда-
ушы академик-жазушы С. Мұқанов, мәдениет қайраткері Ө.Жәнібеков тәрізді
адамдардың есімдерін ілтипатпен атамасқа болмайды. Ал этнограф мамандар-
дың бұл саладағы зерттеулері өз алдына бір төбе. Осыған орай қазақ халқының
этнографиялық байлығын ел арасынан жинап, жан-жақты зерттеп, ғылымға үл-
кен үлес қосқан және қосып келе жатқан революциядан бұрынғы Ш. Уәлиханов,
Ы. Алтынсарин, Р. Карутц, А.И.Добромыслов, Н. И. Гродеков, А. Харузин, А.
Диваев, А. Алекторов т. б. этнографтар мен совет дәуіріндегі Ә.Марғұлан, X.
Арғынбаев, Е. Масанов, М. Мұқанов, В. Востров, И.В.Захарова, Р. Д. Ходжае-
ва т. б. қазақ этнографтардың еңбектерінің маңызы зор. Тек революцияға дей-
ін ғана қазақ этнографиясы бойынша ірілі-уақты 1000-нан астам еңбек жарық
көрген екен. Осының бәрі, әрине, этнолингвистика проблемасын шешуге толық
негіз бола алады. Тілші мен әдебиетшілердің де бұл саладағы еңбегі аз емес.
Бірақ әр маман этнографиялық фактіге өз тұрғысынан қарайды да өз мақсатына
467
сәйкес пікір айтады. Мәселен, этнографтар таза этнографиялық құбылыстарға
көңіл аударады да, тілдік деректерді ескере бермейді. Әдебиетшілер болса, этно-
графиялық фактілерден көркемдік, сюжет, фабула, образ іздеумен шұғылданса,
тілші қауымы тек тілдік фактілер ретінде қарастырып, олардың этнографиялық
мазмұнын, мәнін ашу ға көп бара бермейді. Ол, әрине, мүмкін емес. Ал шын
мәнісіндегі этнолингвистикалық зерттеу осы мамандардың бас қоса отырып, өз
тәжірибесін, ой-пікірін ортаға салуды талап ететін сияқты.
Сондықтан, әр саладан қанша еңбек дүниеге келіп жатса да, этнографиялық
мұрамыз түгел қамтылып, зерттеліп, жүйеленіп, ел игілігіне әлі ұсынылған жоқ.
Өмір тәжірибесі, көргені мен көңілге түйгені мол жазушы-журналистеріміздің
көркем шығармаларын этнография тұрғысынан бір сүзіп шыққан адамға, ел
арасына барып, көпті көрген кәрі құлақ қарттармен, қолынан өнер тамған ше-
бер, зергерлермен, әртүрлі кәсіп иелерімен сұхбаттасып сыр тарта білген та-
лапкерге асыл қазына әлі де молынан кездеседі. Ал І.Жансүгіров, Б.Майлин,
М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, С.Бегалин, Қ.Есенберлин,
С.Бақбергенов, Т.Әлімқұлов, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртазаев т.б. осы сияқты белгілі
жазушыларымыздың шығармаларынан тұрмыс-салтымызға, әдет-ғұрпымызға,
аңшылық-саятшылыққа, кәсіпшілікке, өсімдік, хайуанаттар дүниесіне т. б. тір-
шілік салаларына байланысты тамаша этнографиялық этюдтерді жиі кездестіру-
ге болады. Мұның сыртында бай фольклор текстері мен өткен ғасырлардағы
ақын-жыраулардың қалдырған мұралары тағы бар. Бұларда да этнографизмдер
өте жиі ұшырасады
,
амал нешік, олардың бәрі сол айтылған, жазылған жерінде
қала береді де, ел есінде мықтап сақталмайды. Керек кезінде оларды іздеп тауып
ала қоятын арнайы сөздік, немесе жүйелі түрдегі анықтама (справочник) әлі дү-
ниеге келген жоқ.
Ал қолда бар екі томдық, он томдық (9–10 томдары баспадан енді шығады)
түсіндірме және екі тілдік (қазақша-орысша, орысша-қазақша), диалектологи-
ялық, терминологиялық сөздіктеріміздің жайы басқаша. Бұлардың бәрі де этно-
графиялық лексиканы бір шама қамтығанмен, оны арнайы сөз етпейді және кез
келген сөздер мен сөз тіркестерінің номинативтік мағынасынан тыс, оның сыр-
тында тұратын қат-қабат этнографиялық ұғым-түсініктерді түгел ашпайды және
ол туралы толық мәлімет бермейді. Себебі бұлардың бәрі аталмыш сөздіктердің
ғылыми принципі мен мақсатына жатпайды. Осының салдарынан халық үшін
ең бір қымбат, етене жақын дүниелер, тілдік фактілермен өрілген өмір көріні-
стері, рухани, материалдық мәдениетіміздің көп сырлары, неше алуан түрлері
т. б. назардан тыс қалып, біртіндеп ұмытыла бастайды.
Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалдар келтірейік. Олардың өзін де
бірнеше топқа бөліп қарауға болады.
1. Жеке сөз бен сөз тіркестерінің негізгі номинативтік мағынасының
сыртында қандай түсінік, қосымша мағына және этнографиялық ұғым бо-
468
луы мүмкін? Тіл байлығымыздағы сөз бен сөз тіркестерінің бәрі бірдей этно-
графиялық мағына беретін этнографизм дер емес. Бірақ тұла бойы тұнып тұрған
этностың өзіне ғана тән қасиетін сипаттау үшін дүниеге келген таза этногра-
физмдер де тілде аз емес. Мәселен: тіліміздегі
Достарыңызбен бөлісу: |