435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет12/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

семантикалық принцип.
Сөздің мағынасын анықтауда семантикалық 
принцип – этимологтардың арқа сүйер, аяқ тірер критерийлерінің бірі. Сөз 
мағынасыз болмайтыны баршаға мәлім және ол мағына сөздің дыбыстық, 


454
морфологиялық (немесе фономорфологиялық) тұлғасына тікелей қатысты 
болғандықтан, тілдік коллективтің тарихи дамуының, оның өзіндік ой өрісі мен 
дүниетанымына қатысты күрделі құбылыстар қатарына жатады. Осы арада 
тілдердің жалпы семантикалық даму зандылықтары мен әрбір тілдің өзіндік 
ерекшеліктері айқын көрінеді.
Этимология тұрғысынан сөздің тура (номинативті) мағынасы мен ауыс 
(келтірінді) мағынасын дәл айыра білудің, олардың ара қатынасын, эволюциялық 
өзгерісін анықтаудың маңызы зор. Бұл – бір қарағанда оңай көрінгенімен
тереңірек зерттеген адамға табиғаты күрделі құбылыс. Ал этимологияның 
дұрыс шешім табуы ең алдымен сөздің семантикалық статусын, оның о 
бастағы мәнісін тап басып, дәл анықтауға байланысты. Семантикалық талдауды 
сөздердің әр түрлі (түсіндірме, екі тілдік, диалектологиялық т. б.) сөздіктерде 
келтірілген мағыналарына ғана сүйеніп, оның тарихына тереңірек үңілмесек, 
одан жаңсақ қорытынды шығуы да мүмкін. Этимологиялық ізденістердің бір 
кемістігі осы тұста байқалып жүр. Мәселен, қазақ тіліндегі көпшілікке таныс
 
берен
мен
 қарқара
сөздерін алайық. Осы сөздер (
берен мылтык, берен сауыт, 
берен қылыш;
сондай-ақ
 қарқара
тауға да, әйелдердің бас киіміне де, құсқа да 
қатысты) әр түрлі ыңғайда қолданыла береді. Неге солай? Бұл сұрақтың жауабын 
біз – тек мағынасына байланысты дер едік.
Осы принципті қолдануға байланысты этимологтың назар аударатын 
тағы бір мәселесі: сөз мағынасының бағыт-бағдарын, атап айтқанда, жалпыдан 
жалкыға (конкреттікке), бүтіннен бөлшекке немесе керісінше дамуын анықтау. 
Фоно-морфологиялық өзгерістердің де сөз мағынасына қатысты екенін 
жоғарыда айттық. Шығу тегі бір сөздің даму процесінде мағына жағынан іштей 
жіктеліп, тіпті apaсы қашықтай келе, екіұдай мағыналы жеке сөздерге айналу 
(омонимизация) заңдылығы да семантикалық принциптің назарынан қалмауы 
керек. Дәл осындай құбылыс кейбір тегі бір гомогенді түбірлердің дамуына 
немесе әр түрлі тұлғалардың қабылдануына байланысты да байқалады. Мәселен,
 
жас
деген сөздің бір өзі тарихи даму процесінде 5–6 түрлі мағынаға ие болған: 
«возраст», «моло дой», «свежий», «сочный», «зеленый, неспелый», «влажный», 
«слезы» т. б. Сондай-ақ
 зор
түбірі «үлкен, дәу» мағынасын білдірсе де

тұлғалана 
келе (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет