«№9 ОРТА МЕКТЕП» КММ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕЛЕР.
«ТІЛДІҢ ТАЛАЙ, ТАЛАЙ
ҚЫЗЫҒЫ БАР»
(сабақта қолданылатын ойындар жинағы)
Құрастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жетпісова Райхан Жәнібекқызы
Петропавл қаласы 2016ж.
Тілдің талай-талай қызығы бар
«Өнер алды – қызыл тіл» дейді ғой халық. Сол өнердің де, білімнің де алды, негізі, қоғамдық қарым-қатынастың құралы болып табылатын тілде талай-талай қызық, алуан түрі сыр бар. Сырт қарағанда оны бірден байқай қою оңай емес. Өйткені сөйлесіп түсініскенде, сырласып пікірлескенде айтылып жатқан сөдрердің бәрін талдап, тексеріп жатпаймыз. Біздің ана тіліміздің сөздік қоры бай, мағынаға мол, оралымды тіл екенін көреміз.
Тілдік құбылыс пен заңдар да қызық. Тіл де қоғаммен бірге жасап, жаңарып, өсіп-өркендеп отырады. Өткен өмірге тән кейбір сөздер ескеріп, қолданудан қалса, жаңа өмірге байланысты жаңа сөздер пайда болады. Тіліміз қазір осындай жаңа сөздермен толығып, ажарланып келеді.
Тіліміздегі сөздердің жасалуы, айтылуы мен жазылуы, сөз бен сөздің байланысы, т.б. толып жатқан құбылыстар белгілі бір заңдылықпен болады.
Тіліміздің сан алуан сырын, қызық құбылысын, қоғамдық қызметін саналы түрде, грамматиканы оқып, үйрену арқылы, халықтың ауыз әдебиетін, сөйлеу тілін, әдебиетімізді жақсы білу арқылы терең меңгере аламыз.
Ана тілін ардақтап, бағалай білу, ұқыптап үйрену жайлы талай ұлыларымыз ұлағатты сөздерін келешек ұрпағына өсиет қып айтып та кеткен.
«Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз».
А.Байтұрсынов
«Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интелегент емес».
М.Әуезов.
І БӨЛІМ. ФОНЕТИКА ЖӘНЕ ЛЕКСИКА
СӨЗ ЖӘНЕ СӨЗ ТІРКЕСІ
ОЙЛАН, ІЗДЕН, ТАП
Сөз бен сөз тіркесінің айырмашылығы қандай?
Сөз тіркесі болудың шарты қандай? Мысал келтіріп айтыңдар.
Төменде берілген сөздерге тіркесіп айтуға болатын сөздер тауып, сөз тіркесін жасаңдар.
бару, ... су, ...кезі, ... ат, ... қорғау, ... шаруашылығы, ... май.
Төмендегі сөздерді тіркесіп айтуға болатын сөздер ойлап, сөз тіркестерін жасаңдар.
Қызыл ..., серуенге ..., жаңа ..., мектептің ..., жазып ..., ғарышқа ....
а)зат пен оның сапасы бір-бірімен байланыста айтылған.
ә)құбылыс пен іс-әрекет өзара байланыста айтылған сөз тіркестерін ойлап жазыңдар.
С-дан БАСТАЛАТЫН 8 СӨЗ
Берілген басқы әріп бойынша төмендегі бос торкөзге сол әріптен басталған сегіз сөз тауып жазыңдар. Ол сөздер төмендегідей заттардың атауы болсын: 1. Сұйық зат. 2. Зат немесе құбылысатауы. 3. Дақыл атауы. 4.Жемістің атауы. 5. Қарудың аты. 6. Жоғары оқу орнының оқушысы. 7. Өсімдік атауы. 8. Студентке төленетін айлық.
КІМ СӨЗ ЖАСАЙ АЛАДЫ?
Төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркесіп сөз жасаңдар.
р, о, б; 2) а, ш, а, ғ; 3)т, р, е, м; 4)а, б, л, ы, қ; 5)қ, ы, а, з, қ.
Ал бұларды берілген күйінде тіркестіріп айтса, сөз жасала ма?
Төмендегі дыбыстардың тіркесінен сөз жасауға бола ма? Болмаса мәнісі не? 1) ұ, м, н; 2) п, у, б; 3) ж, д, а; 4) ө, ғ, ә.
БҰЛ ҚАЙ СӨЗДЕР?
Төмендегі бос көздерге жазылмай қалдырылған дыбыстардың әріптерін жазып, сөз құрандар. Сонда бұл қай сөздер?
ДЫБЫС ПЕН ӘРІП
Ойын басқарушы төмендегі сұрақтарды бір-бірлеп оқиды. Балалар ойланып алып, жауап береді. Барлық сұраққа дұрыс жауап берген балаларды ойын басқарушы алға шығарып, мадақтайды.
1.Бір дыбыстан ғана құралған қандай сөздерді білесіңдер?
2.Дыбыс емес, таңба
Оқылмайды, жазылады,
Біраз сөзден табылады,
Ол қай әріп еді,
Ойлап көрші,есінде бар ма?
3.Бірінші дыбысы ашық дауысты, төртінші дыбысы қысаң дауысты болып келген бес дыбыстан құралған екі буынды сөз қай сан есім?
4.Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан әріжіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Кім мысал келтіреді?
5.Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар?
Қауын, жуан, миуа, қияқ, жуу.
6.Бес дыбыспен айтылып, алты әріптен жазылатын сөз қай киімнің аты?
Алфавиттің басында тұрады,
Кей сөзден жаңа сөз тудырады.
Алфавитте соңғы әріп,
Сөз табында жалғаулық.
Ойлаңдаршы, балалар,
Айтар екен кім тауып?
Фонетикада жіңішке езулік,
Сөз табында не зат есім, не етістік.
СӨЗЖҰМБАҚ
Ш-дан басталып, ш-ға аяқталатын қай малдың, қай дыбыстың аты?
Ж-дан басталса, жыл мезгілі,
Қ-дан басталса, онда ол құс - белгілі.
А дыбысымен айтылса, негізгі мүше,
А егер де е-ге алмасса,
Есептік сан есім, сұрауы – неше?
Көп қолданатын жазу құралы –
Егер ол сөз р-ға бітсе;
Білдіреді ол малдың түсін –
Р-ға бітпей, з-ға бітсе.
К-дан басталсам,
Маған қарап сабақ айтады,
П-дан басталсам,
Маған балалар «жүгін артады»
Басы – қатаң, аяғы – қысаң,
Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.
Саған да ол керек болар,
Өзең, көлге жақын тұрсаң.
Басы – ашық, аяғы – үнді,
Өрнек салады алуан түрлі.
Сабаққа аса қажет құрал –
Күнде өзіңмен бірге жүреді
.
Қалай қарай оқыса да, бірдей мағына беретін, басқы және соңғы дыбыстары бірдей сөздерді кім көп тауып жаза алады?
е –е
к – к
қ – қ
м – м
н – н
с – с
т – т
ы – ы
Құрамында 4а келетін қай тау аты?
ТӨМЕНДЕГІ СӨЗДЕР НЕЛІКТЕН ҚЫЗЫҚ?
Ата қазақ азат – таза
Аға қалақ кексе – ескек
Ана қабақ
Апа қадақ қысым – мысық
Ара қарақ
Ала надан ақсақ – қасқа
Есе наған
Ене кесек шоқ – көш
Еге кезек сат –тас
Еле кебек
Іні ыссы сан - нас
ӘРІПТЕР МЕН ӘДЕБИЕТ
Жамбылдың қай өлеңдерінің аты және Б.Майлиннің қай әңгімесінің аты үш әріптен ғана құрылған?
А.Тоқмағамбетовтың екінші дүниежүзілік соғысы кезінде жазған шығармаларының үшеуінің аты «М» әрпінен басталады. Ол қай шығармалары?
С.Бегалиннің балаларға арналған бір өлеңінің аты - бес дауысты, алты дауыссыз дыбыс әріптерінен құралған сөз. Ол әріптерді алфавит тәртібімен жазғанда төмендегіше болады: -а, а, а, л, р, с, т, х, ш, ы, я.
Т
Т
Т
Т
Т
Т
|
|
А
|
Т
|
|
|
А
|
Т
|
|
|
А
|
Т
|
|
|
А
|
Т
|
|
|
А
|
Т
|
|
|
А
|
Т
|
|
|
А
|
Т
|
|
|
А
|
Т
|
|
|
А
|
Т
|
|
|
А
|
Т
|
КІМ КӨП СӨЗ ОЙЛАП ЖАЗА АЛАДЫ?
Бастаушы ойынды төмендегідей шартпен орындауды тапсырады: бірнеше сөздер ойлап жазу керек; бірінші сөзде келген әріптер келесі сөздерде қайталанбайтын болуы керек. Мөлшерді уақытта көп сөз ойлап жазған балалар озады. Мысалы: мектеп, қағаз, ән т,т.
БҰЛ ҚАЙ ӨЗЕНДЕР?
а) екі дыбыс, үш әріппен жазылатын;
ә)құрамында екі –а- келетін Ресейдегі қай өзендер?
БУЫН. ТАСЫМАЛ.
АЗ БУЫНДЫ, КӨП СӨЗДЕР
Берілген торкөздің санына сәйкес буын саны бар сөздер тауып жазу керек. Кім бұрын, дұрыс орындаса, сол жеңеді.
ЕСЕП-СҰРАҚ
Бір буында қанша дыбыс болады? а) ең азы; ә) ең көбі;
Мына -з, с, т, н, б, м,- дыбыстарынан буын құрала ма?
«Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», деген өлең жолындағы сөздерді әр шақпаққа бір буыннан келтіріп буындап жазып шық, мұнда неше буын бар екенін айт.
Ы.Алтынсариннің «Өзен» деген өлеңінің бірінші тармағындағы қандай сөздер –а- дыбысының қатысуымен жасалғанын кім айта алады?
Берілген дыбыстарға тиісті дауысты дыбыстар қосып буын құрап, сөз жасаңдар:
а) с, т, к;
ә) к, л, б;
б) м, ш, н;
в) м, к, т, п;
Сызықшаның орнына керекті әріптер қойып, ұқсас буынды сөз құрандар.
а) Берілген екі әріп бойынша:
Ұ – Ы –
Ұ – Ы –
Ұ – Ы –
Ұ – Ы –
ә) Берілген бір әріп бойынша:
- - - м - -
- - - м - -
- - - м - -
- - - м - -
- - - м - -
ОЙЛАП ТАБЫҢДАР
Сөз буындарының ашық, тұйық, бітеу болып бөлінуі неге байланысты? Мына сызбаның қайсысы қай буынды бейнелейді? Әрқайсысына бір мысалдан айтыңдар:
а) ә)
б)
Ая, ұя, ою, ұю, үю, ию сөздері неше буынды сөздер? Қандай буынға жатады? Үш дыбыстан құралған тұйық буынды бірнеше сөз ойлап жазыңдар. Олардың соңғы дыбыстары туралы не айтуға болады?
БІТЕУ БУЫНДЫ ТОҒЫЗ ҚҰС АТЫ
Әрқайсысының аты екі бітеу буыннан ғана құралған тоғыз құстың атын кім тез тауып берсе, сол озады.
ЕҢ АЗ, ЕҢ КӨП
Буындары і дыбыс арқылы жасалған ең аз буынды 10 сөз, ең көп буынды 5 сөз тауып айту керек.
КІМ БҰРЫН?
Бастауышы буындары төмендегідей дауыстылардың қатысуымен жасалған сөздер ойлап жазуды тапсырады.
1.-А- буынды 7 сөз ойлап табу.
1)бас киім: - а – а – а –
2)өсімдік: - а – а – а –
3)құс: - а – а – а –
4)жазба еңбек: - а – а – а –
5)ағаш: - а – а – а –
6)керегенің бір элементі: - а – а – а –
7)өте жұқа зат аты: - а – а – а –
2.Буындары қысаң дауыстылар арқылы ғана жасалған зат есім сөздер.
- ы – ы - - ы –
- ы – ы - - ы –
- ы – ы - - ы –
- ы – ы - - ы –
3.Буындыларының басы ашық, соңы қысаң дауыстылармен жасалған әр түрлі сөздер:
а – ы – ы –
- а – ы – ы –
- а – ы – ы –
- а – і – і –
- е – і -- і
е – і – і
ӘРҚАЙСЫСЫНА 10 МЫСАЛ
5-7 минут ішінде жуан, жіңішке және аралас буынды сөздердің әрқайсысына 10 мысал тауып жазу.
Бал=
|
ға
|
|
ға
|
|
ға
|
|
ға
|
|
ға
|
|
ға
|
|
ға
|
|
ға
|
|
ға
|
|
ға
|
ЕСЕП
«ға» буынына аяқталған 2 буынды сөз (зат есім) тауып жазып, 3-5 минутта торкөзді толтыру керек.
«ғақ» буынына аяқталған 2 буынды сөз ойлап жазыңдар. Кемінде 10 сөз болсын.
Берілген басқы және соңғы дыбыстарды пайдаланып, төмендегі торкөзге керекті сөздер жазыңдар, Олар неше буынды сөздер?
Шақпақ санына қарай әр түрлі буынды сөздер тауып, төмендегі баспалдақты толтырындар.
К
|
е
|
м
|
е
|
к
|
К
|
|
|
|
к
|
К
|
|
|
|
к
|
К
|
|
|
|
к
|
К
|
|
|
|
к
|
К
|
|
|
|
к
|
К
|
|
|
|
к
|
К
|
|
|
|
к
|
К
|
|
|
|
к
|
К
|
|
|
|
к
|
Достарыңызбен бөлісу: |