ОҚУ-Әдістемелік әзірлемелер. «Тілдің талай, талай қызығы бар»



бет4/7
Дата26.08.2017
өлшемі0,97 Mb.
#28898
1   2   3   4   5   6   7



  • СЫН ЕСІМДЕР ТІЗБЕГІ

    1. 1.Заттың сапасын білдіретін сын есім.

    2. 2.Малдың түсін білдіретін сын есім.

    3. 3. Заттың аумағын білдіретін сын есім.

    4. 4.Заттың көлемін білдіретін сын есім.

    5. 5. Заттың сипатын білдіретін сын есім.

    6. 6.Заттың дәмін білдіретін сын есім.

    7. 7.Заттың иісін білдіретін сын есім.

    1. 1





    1. 7





    1. 4











    1. 5















    1. 2

    1. 3













    1. 6





    1. ЖАСЫРАНҒАН БУЫНДАРДЫ ТАБЫҢДАР

    2. Толық жазғанда сын есім сөздер шығатын болсын.



    1. Пақ



    1. Пақ



    1. Пақ



    1. Пақ



    1. Пақ





    1. Тық



    1. Тық



    1. Тық



    1. Тық



    1. Тық

    1. ҚАЙСЫСЫ СЫН ЕСІМ?

    2. Төмендегі сөйлемдерде қармен жазылған сөздердің қайсысы сын есім мағынасында қолданылғанын табыңдар.

    3. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

    4. Соқыр, мылқай танымас тірі жанды.

    5. Үсті-басы - ақ қырау, түсі суық,

    6. Басқан жері сықырлап, келіп қалды. (Абай)

    7. Жазғытұры қалмайды қыстың сызы.

    8. Сыз жерге тырма, сызықты түзу сыз.

    9. Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?

    10. Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған.

    11. Сұрақ: Сөйлем ішінде қай? қандай? Деген сұрауларға жауап болатын сөздердің бәрі сын есім бола бере ме?

    12. КІМ ЖАҚСЫ БІЛЕДІ?

    13. Мына түстер қай малға тән екенін айтып, тиісті бағанға қосу белгісімен көрсетіңдер.

      1. Малдың түсі

      1. қой

      1. ешкі

      1. сиыр

      1. жылқы

      1. түйе

      1. ала

      2. ақ

      3. қара

      4. қара ала

      5. көк ала

      6. қызыл

      7. қызыл ала

      8. сары ала

      9. жирен

      10. боз

      11. торы

      12. қара кер

      13. ақтан кер

      14. құла кер

      15. қоңыр

      16. шабдар

      17. бөрте шұбар

      18. тарлан

      19. бурыл

      20. тарғыл

      21. сұр

      22. күрең

      23. қасқа

      24. құба

      25. ақ бақай













    14. САН ЕСІМ

    15. СҰРАҚ ЖӘНЕ ТАПСЫРМА

    1. Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім?

    2. Сан есімдердің қай түрі олардың түбірі болып есептеледі?

    3. Қосарлану арқылы жасалатын сан есімдерді атап, мысал келтіріңдер?

    4. Белгілі бір сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын сан есім қай түрі ?

    5. Мына сан есімдер қай мақалдарда қолданылады?

    1. а)алтау, төртеу; ә)алтау, бесеу; б) бір-ақ, қырық (қыңыр) бір.



    2. КІМ ЖЫЛДАМ ЖАЛҒАСТЫРА АЛАДЫ?

    3. Төмендегі сөздерге ылайықты сөздерді тіркеп, кім жылдам жазып жалғастыра алады?

    4. Бір шымшым, бір жайым, бір қайнатым, бір салым, бір асым, бір жұтым, бір ұрттам, бір білем, бір ауыз.

    5. Керекті сөздер: айран, су, өлең, құйрық, бұлт, шай, ет, қамыр, тұз.



    6. ҚЫЗЫҚ ҰҚСАСТЫҚ

    7. Бірлігі мен ондығының буын саны бірдей және бірінші буындарындағы екі дыбысы ұқсас болып келетін сандар, қай сан есім? Басқа сан есімдерде мұндай ұқсастық кездесе ме?



    8. ЖАҢЫЛМАЙ КӨРСЕТ

    9. (Үндемес ойыны)

    10. Ойынға қатысушылардың қолдарында сан есімнің алты түрі жазылған 6 парақша болады. Бастаушы төмендегідей сан есім аралас мәтінді оқиды.Мәтінде сан есімнің қай түрі аталса, оқушылар сан есімнің сол түрі жазылған үлестірмелі жұмыстарын жоғары көтеріп көрсетеді. Сан есім түрлерін дұрыс тауып, жаңалмай көрсеткен бала ұтады.





    11. САН ЕСІМДЕРДІ СЕПТЕУ

    12. (Сөз ойыны)

    13. Бір бала сан айтады, екінші бала оның айтқан сан есіміне ұйқасып келетін күлкілі сөз тауып айтады.

    14. Бірінші бала: - Бір.

    15. Екінші бала: - Сыныпқа тез кір.

    16. Бірінші бала: - Екі.

    17. Екінші бала: -Берікпен күресуге бекі.

    18. Бірінші бала: -Үш.

    19. Екінші бала: -Менімен жарысқа түс.

    20. Бірінші бала: -Төрт.

    21. Екінші бала: - Ол – жанып тұрған өрт.

    22. Бірінші бала: -Бес.

    23. Екінші бала: -Айгүл жалқауларға өш.

    24. Бірінші бала: -Алты.

    25. Екінші бала: - Жақсы оқу – оқушы салты.

    26. Бірінші бала: - Жеті.

    27. Екінші бала: - Бұл Айнұрдың беті.

    28. Бірінші бала: -Сегіз.

    29. Екінші бала: -Қойларымыз семіз.

    30. Бірінші бала: -Тоғыз.

    31. Екінші бала: -Оркестр табында бар қобыз.

    32. Бірінші бала: -Он.

    33. Екінші бала: - Бүгін біздікінде қон.



    34. КІМДІКІ ДҰРЫС?

    • Сан есімдер көбінесе анықтауыш болады, - деп еді Айдар.

    • Иә, атау тұлғада тұрып еш уақытта анықтауыш болмайтын сан есім бар, - деп таласты Бейсен. Қайсынікі дұрыс?



    1. БІР ЖӘНЕ МЫҢ

    2. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойындар. Керекті жалғауларын өздерің табындар.

    1. ... кісі ... кісіге олжа салар.

    2. Білекті ... жығар, білімді ... жығар.

    3. ... жаудан ... жансыз жаман.

    4. ... түсін танығанша ... атын біл. (Мақал)

    5. ... бір кісі ... .

    6. Мен ... жұмбақ адммын, оны да ойла.

    1. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

    2. ... жалғыс алыстым, кінә қойма. (Абай)



    3. ОЙЛАП КӨРІҢДЕР

    4. Төмендегі сөздер жеке тұрғанда қандай ұғым білдіреді, сан есіммен және басқа сөздермен тіркесіп сөйлем құрамында келгенде қандай ұғым білдіреді?

    5. Елі, сүйем, қарыс, уыс, құшақ, құлаш, тұтам, кісі, бойы, адым, табан.

    6. Бір елі ауызға екі елі қақпақ (Мәтел)

    7. Соғысты біз сүмейміз ел жылатқан,

    8. Ол – кісі қанқұмардың қарғыс атқан,

    9. Елім – бай, бақшам – жеміс, жер-уым – мол,

    10. Бір сүйем тілемейміз жерді жатқан. (Жамбыл)

    11. («Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырынан»)

    1. Етектейтін еріннің

    2. Екі елісі қалыпты

    3. Қиған қамыс құлақтан

    4. Бір тұтамы қалыпты;

    5. Жалбыраған жалынан

    6. Жалғыс қарыс қалыпты;

    7. Бір құлаштай құрықтан

    8. Бір уыстай қалыпты.

    1. («Ер Тарғын жырынан»)

    2. Қара арғымақ қартайса

    3. Қара адым жер мұң болар.



    4. ЕСІМДІК

    5. БҰЛ ДА ҚЫЗЫҚ

    6. Есімдік деген сөздердің құрамында қанша әріп болса, есімдіктерінің түрлері де сонша.



    1. 1.Жіктеу есімдігі.

    2. 2.Сілтеу есімдігі.

    3. 3.Сұрау есімдігі.

    4. 4.Өздік есімдігі.

    5. 5.Белгісіздік есімдігі

    6. 6.Болымсыздық есімдігі.

    7. 7.Жалпылау есімдігі.







    1. 1

    1. Е







    1. 2

    1. С



    1. 3





    1. І



    1. 4





    1. М





    1. 5





    1. Д







    1. 6





    1. І





    1. 7



    1. К





    1. БҰЛ ҚАЙ ЕСІМДІКТЕР?

    2. (Жұмбақ сұрақ)

    1. Етікші аспабымен бірімен ұқсас есімдік – есімдіктің қай түрі?

    2. Басқанын бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.

    3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды.

    4. Көпшіл және көңілшек,

    1. Ештемені бөліп жармайды.

    2. Көптік ұғым беріп,

    3. Көпшілікті қарамайды.

    1. Біреулері көрсетіп, нұсқап тұрады, біреулері мәлімсіз есімдердің орнына қолданады.

    2. Құрамындағы сөздің көбін көршісінен сұрап алыпты. Алдына бір буын қосыпты да, есімдіктің бір түрі боп тұра қалыпты.

    3. Тәуелдегенде: л орнына н келеді, олай етпесе, сөз мағынасы өзгереді.







    1. ӘЗІЛ АРАЛАС СҰРАҚТАР

    1. Жылтың-жылтың деген қос екенін білесіңдер, ал –қылтым, -ғылтым, -шылтым, -шілтім ше?

    2. Мына бір екі сөз (аң, қай) қай сөз табына жатады? Бірге жазылса, қай сөз табы болар еді? Егер бұлар жеке-жеке жұрнақ қызметінде қолданылса, қай сөз табына тән жұрнақ болады?

    3. Мендегі және сендегі н-ды ң-ға, оларды л-ды н-ға алмастырса, мен қалай болам, сен қалай боласың, ол қалай болады? Олар қай сөз табына ауысады?

    4. Қорқақ пен үрек қорқып, үркіп жүргенде, неменені түсіріп алыпты?



    1. ЕСІМДЕРДІҢ ЕМЛЕСІ

    2. Жақсы біліп дұрыс жаз.

    1. Дефис (-) арқылы жазылатын сын есімдерді жазып көрсетіңдер.

    2. Бірге жазылатын күшейтпелі шырай сын есімдері қайсылар?

    3. Келбет, салтанат, дәулет сөздерінен сын есім жасап, сөйлем құрап айтыңдар.

    4. Күрделі сын есім мен күрделі сан есімдердің жазылуына байланысты қандай ортақ ереже бар?

    5. Сөзбен жазғанда дефис керек ететін сан есімдерді кірістіріп сөйлем құрап жазыңдар.

    6. Рим саны арқылы таңбаланатын сан есім мен зат есімнің арасына белгі қойыла ма?

    7. Түбіріне септік жалғауы тікелей жалғанбайтын есімдік қосарланып жұмсалғанда, қандай белгімен жазылады?

    8. Тұлғалық жағынан біріккен сөздер болып келетін есімдіктерді қолданып сөйлем құрап жазыңдар.

    9. Жартының жартысы қанша болады? Ол қалай жазылады?

    10. Сол аяқ деген тіркестегі сол сөзі есімдік болса, қалай жазылады?



    1. ЕТІСТІК

    2. МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ЕСТЕРІҢДЕ МЕ?

    3. Мына етістіктер қай мақал-мәтелдерде кездесетін еді?

    4. 1.Болсан,бол.

    5. 2.Сөкпе, төкпе.

    6. 3.Жабылса, табылады.

    7. 4.Берсең де, берме.

    8. 5.Болмай, болмас.

    9. 6.Ексең, ішерсің.

    10. 7.Ойнап, ойлап.

    11. МЫНА СЫН ЕСІМДЕРДЕН ЕТІСТІК ЖАСАУҒА БОЛА МА?

    12. Ұзын, семіз, момын, үлкен, қисық, олақ, жуас, шұнақ, шолақ.

    13. ОЙЛАП КӨРІҢДЕР

    14. Өзі істелді ме, өзіне істеді ме? (қайсысы қай етіс?)

    15. Жұмаш жуынды. Жуа жұлынды. Бұзау байланды. Омар ойланды. Сөз сөйленді. Ұн еленді.

    • Төмендегі етістіктерден өздік етіс жасала ма? Оқы, жаз, сана, бер.

    • Тек сабақты етістіктен жасалатын қай етістер?

    1. Тапсырма: Төмендегі үзіндіні оқып, іс-әрекеттін неше адам арасында болғанын айтыңдар. Барлығы да солай ма? Оны немен дәлелдеуге болады?

    1. Екі батыр екпінмен

    2. Жақсындасып қалысты...

    3. Шегінісіп екеуі

    4. Еменнен найза салысты,

    5. Етерісіп тұрысты,

    6. ат тізесін бүгісті,

    7. бүгісе-бүгісе тырысты.

    8. Біріне-бірі ұмтылып,

    9. тақымдары құрысты,

    10. он саусағы қарысты ...

    11. жаннан күдер үрісті.

    12. Қанжарменен қармасты,

    13. Семсерменен серместі,

    14. Сөйтіп ойын ойнасты,

    15. Шыбын жанды қинасты.

    16. Қанжар қалды қайысып,

    17. Семсер қалды майысып. («Қобыланды батыр» жырынан)

    1. ОЙЛАНЫП АЛЫП ЖАЗЫҢДАР

    2. Әрі ортақ етіс, әрі зат есім мағынасында қолданылатын 10 сөз, тек ортақ етіс мағынасын білдіретін 10 сөз ойлап жазыңдар.

    3. ЕСІМ БЕ, ЕТІСТІК ПЕ?

    4. Бастаушы тақтаға төмендегі сөздерді жазып есім бе, етістік пе? Жауаптарыңды сөйлем ішінде келтіріп дәлелдеңдер деп сұрайды. Дұрыс орындаған балалар бірнеше сөйлемін тақтаға жазып көрсетеді.

    5. Ас, қоныс, арна, мата, отырыс, ем, сана, алыс, ор, сайыс, ес.

    6. ЖҰМБАҚ СҰРАҚ

    1. Бір жұрнақ екі етіске ортақ. Олар қай етістер?

    2. Көп адамның қатысуымен істелетін іс қай етіске жатады?

    3. Жеке алғанда, есім сөздер, етістік құрамында келгенде – жұрнақтар.

    4. Сабақты етістік салт етістікке, салт етістік сабақты етістікке айнала ма? Ол үшін не қажет?

    5. Оң оқыса да, солға қарай оқыса да етістік. Ол қай сөз?

    6. Етістіктер септеліп, тәуелдене ме?

    7. Құс аттарымен тұлғалас етістіктерді білесіңдер ме?

    1. БОЛЫМСЫЗДЫ БОЛЫМДЫҒА АЙНАЛДЫРУ

    2. Төмендегі өлеңде болымсыз етістіктерді болымды етістікке айналдырып, өлеңді оқып көріңдер. Бұл етістіктердің болымды түрі қандай айтылады? Әр жолда неше етістік бар?

    1. Ақ, дігірдей көрінбей,

    2. Үйдің сәні келмейді.

    3. Шым ораулы болмаса,

    4. Шидың сәні келмейді.

    5. Егескен жауын мұқатпай,

    6. ердің сәні келмейді.

    7. Қара жерден қар кетпей,

    8. Көк орай шалғын шөп өспей,

    9. Жердің сәні келмейді,

    10. Үйрек ұшып, қаз қонбай,

    11. Көлдің сәні келмейді.

    12. Қызыл-жасыл киінбей,

    13. Қыздың сәні келмейді,

    14. Қыз бозбала жиылмай,

    15. Жырдың сәні келмейді.

    16. (Халық әндерінен)



    1. СӨЙЛЕМ ҚҰРАП ЖАЗЫҢДАР

    2. Төмендегі сөздерді бірде болымсыз етістік, бірде зат есім мағынасында қолданып, сөйлем құрап жазыңдар.

    3. Мазмұндама, көрме, желдірме, терме, қойма, қоспа.

    4. Каталог: 2016
      2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
      2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
      2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
      2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
      2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
      2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
      2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
      2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
      2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет