Төмендегі үзіндіде жалпы есім жасап айтуға бола ма? Қалай жасалады? Олар қалай жазылады? Мына жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдырыңдаршы: Бішкек, Ақмола, Ыбырай, Абай, Қазақстанның, Панфилов, Жабаев.
НЕШЕУІ ЖАЛҚЫ ЕСІМ НЕШЕУІ ЖАЛПЫ ЕСІМ?
Төмендегі үзіндіде қанша жалпы есім қанша жалқы есім бар? Олар қай жалғауда қолданылған? Бұл үзінді кімнің қай шығармасынан алынды?
Көкшенің кеудесіне шығып, көлемін шолғанда көзіме көп өлке ілікті.
Азат - аяқ астында,
Сырымбет – сырық сілтер жерде;
Жыланды – жанында;
Бұқба – бауырында;
Айыртау – аясында;
Имантау – иығында;
Ақан – ағайыны;
Торайғыр – тұстасы;
Көксеңгір – көршісі;
Ереймен – ерулесі;
Баян – бауыры;
Қарқаралы – құдасы;
Ақтау – аңдасы;
Ортау – одақтасы;
Ұлытау – ұйымдасы;
Қаратау – қайыны;
Зеренді – замандасы;
Шортан – шөбересі;
Алатау – ағасы;
Алтай – атасы...
ЖҰМБАҚТАН ЖҰМБАҚ
Мына жұмбақтардағы көп нүктенің орнына сөздерді қойып, оның қай жалғауда тұрғанын, қай сөз табы екенін айтыңдар:
... жатса да ... жатпайды.
... бар, - ... жоқ.
Үй ... ұсақ тас.
Төсек ... төрт бауырсақ.
Үлкен ... үлкен, ... ішінде кіші ... , кіші ... ішінде балуан ... .
Қуып едім, - ... бұрмады.
Ұстайын деп едім, - ... тұрмады.
Керекті сөздер:енекем, ел, мұрты, тоны, сақалы, шапаны, астында, үстінде, үй, үйдің, би, қолыма, мойынын.
БІР ЗАТ ЕСІМГЕ КӨП ЖҰРНАҚ, КӨП ЗАТ ЕСІМГЕ БІР ЖҰРНАҚ
-Мұндай сөздер де бар, өздерің де ойлап айтыңдар, - деп бастаушы төмендегідей сызбаны сызады. Оқушылар мысал ойлап табады.
шы
Мал ды +(лау); дікі
дай; қор (лық, лау)
дық, дан+у
трактор
ән
су, егін шы (ші)
қырман, тіл
қой, етік
ҚАЗАҚША АТТАРЫ
Тышқан
Сиыр
Барыс
Қоян
Ұлу
Жылан
Жылқы
Қой
Мешін
Тауық
Ит
Доңыз
ЗАТ ЕСІМДЕР ТІЗБЕГІ
1. Деректі зат атауы.
2. Заттық ұғымды білдіретін белгінің аты.
3. Заттық ұғымды білдіретін қимылдың аты.
4. Табиғат құбылысының аты.
5. Адамның кәсіп-мамандық атауы.
6. Дерексіз зат атауы.
7. Айуанат аты.
8. Адамның туыстық атауы.
3
2
6
7
4
8
1
5
МАЛ АТАУЛАРЫН БІЛЕСІҢДЕР МЕ?
Бастаушы тақтаға мал аттарын жазып, басқаларын ойнаушылардың өздеріне тапқызады. Әр малдың атына қысқаша түсінік айтқызады:
қой:
ешкі:
сиыр:
жылқы:
түйе:
ЕТІСТІК ТҰЛҒАЛАС ЗАТ ЕСІМДЕР
ҚАЙСЫСЫ ҚАЙ ЕСІМ?
Төмендегі қара әріппен жазылған сөздердің қайсысы негізгі есім, қайсысы көмекші есімдер екенін айтып, анықтаңдар.
Ауылдың жаны – терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп. (Абай.)
Мектеп маңы алуан түрлі гүл.
Түс ауа қала ішінен қарулы көл
Бет алып Тар кезеңге түзеген жол. (С.Бегалин.)
Болат пышақ қап түбінде жатпас. (Мақал)
КІМ ЖАҚСЫ БІЛЕДІ?
Бастаушы төмендегі септік жалғаулы сөздерді тақтаға жазып қояды. Ойынға қатысушылардың міндеті – бұлардың қандай сөзбен байланысып келетінін тауып, тұс-тұсына жазып көрсету, әрқайсысына ауызша сөйлем құрау.
Стадионның
Стадионға
Стадионды
Стадионда
Стадионнан
Стадионмен
БҰЛ ҚЫЗЫҚ
«Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» (Абай) деген сөйлемдегі сөздердің бәрі де жалғаулы сөздер екен. Олар қай жалғаулар?
ЕСТЕРІҢДЕ МЕ?
Жалғаулардан соң жалғанатын қандай жұрнақтар бар? Мысал ойлап айтыңдар.
Жасы үлкен адамдардың құрметтей айтқанда, қандай жұрнақ қолданылады?
Кішірейту, еркелету мағынасында қолданғанда, қандай жұрнақтар жалғанады?
СЫН ЕСІМ
ОЙЛАП ТАП
Сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің ылайықтысын тіркеп жазыңдар.
Өнерпаз (сөйлем)
Түйінді (шопан)
Жасанды (бала)
Басыңқы (суретші)
Әуесқой (ой)
Таңдаулы (адам)
Сөзшең (торқа)
Төмендегі зат есімдерге сол зат есімдердің бірінші дыбыстарына ұқсас дыбыстан басталатын сын есімдер ойлап тап.
Үлгі: Өнерлі өрен.
Төмендегі тіркестерде берілген сын есімдердің антонимдерін қолданып айтып бер. Ашық күн. Жаңа өмір. Ұнамды кейіпкер. Тіл алғыш бала. Жуас жылқы. Терең көл.
Мына сипат қай малға тең?
Тебеген ... .
Сүзеген ... .
Үркек ... .
Жібек жүнді ... .
Күлте жалды ... .
Тістеуік ... .
Қалың шудалы ... .
Ай мүйізді ... .
Сүтті ... .
Жүндес ...
СЫН ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕРІ
ЖАСЫРЫНҒАН СӨЗ
Төменде берілген сөздерден туынды сын есім жасап, шақпақты толтырып жазыңдар. Егер тиісті жұрнақтарын дұрыс қолданып жазып шықсаңдар, қарамен жазылған жолды тігінен оқығанда, грамматикалық бір термин атауы шығады.
2.Біреуінің құрамында 3 а, енді біреуінде 3 е келетін негізгі сын есім.
3.Төрт буыннан құралған туынды сын есімнің құрамында 4 а келеді.
4.Оңға қарай оқысаң да, солға қарай оқысаң да, сын есім болатын қай сөздер?
5.Жылқының түсін білдіретін сын есім зат есім мен тәуелдік жалғауынан құралған.
6.Екі әріптен ғана құралған қандай сын есімдер бар?
7.Бірінші сөзі сын есім болып келетін біріккен сөздегі адам аттарында қай сын есімдер қолданылады? (Заттың, малдың түсі, заттың саны, қатыстық сын есімдерге байланысты)
8.Жеті дыбыстан құралған үш буынды сын есім сөзінің бірінші, төртінші және алтыншы дыбыстары – езулік е дыбысы.
КІМ БҰРЫН?
Бастаушы төмендегі сөздермен синонимдес, сонан соң қарсы мәнді сөздер тауып, берілген үлгі бойынша екі баған сызып шығуды тапсырады. Кім бұрын, әрі дұрыс орындаса, сол жеңуші болады.
Берілген сөз
Синонимдес сөз
Қарсы мәнді сөз
семіз
ну
икемсіз
қу
жасырын
тентек
сабырлы
жомарт
мол
ақ жарқын
таза (су)
шебер
ашық ауыз
жанкүйер
АНТОНИМІН ТАУЫП ЖАЗЫҢДАР
Бос тор көзге берілген сөзбен әріп саны бірдей қарсы мәнді сөздер тауып жазыңдар.