Сұрақ және тапсырма:
Ма, ме, ба, бе, па, пе буындарына аяқталған сөздердің бәрі болымсыз етістік бола бере ме?
Болымсыз етістік пен сол тұлғалас зат есімдерді бірінен-бірін дауыс екпіні жағынан айыруға бола ма?
Жүгірме, жүгір; Сенбе, сен деген етістіктер қай мақалдарда қолданылатын еді?
Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ...» деген өленің болысыз етістіктерді көрсетіңдер.
Болымсыз етістік жұрнақсыз жасала ма? Онда қандай сөздер тіркеу арқылы жасалады?
Айт, кел, жүргіз етістіктерінен екі түрлі жолмен болымсыз етістік жасап айтыңдар.
«КЕЗЕКПЕ - КЕЗЕК»
Ойынға қатысушылар бір баланы бақылаушы етіп сайлайды. Ол ойынға екі баладан шығарып, олардың жауаптарын бақылап, соңында қорытынды жасайды. Ойынға шыққан бірінші бала болымды етістікпен келген сөйлем айтады. Екінші бала болымсыз түрге қайталап айтады. 4-5 рет қайталаған соң рөлдерін ауыстырып кезектеседі. Осы ретпен әрі қарай басқа балалар жалғастыра береді. Жауап сөзде болымсыз етістіктің екі түрі де бірдей қолданылуы қажетті шарт.
СӨЙЛЕМ ҚҰРАП ЖАЗЫҢДАР
Төмендегі сөздерді бірде болымсыз етістік, бірде зат есім мағынасында қолданып, сөйлем құрап жазыңдар.
Мазмұндама. Көрме. Желдірме. Терме. Қойма. Қоспа.
КӨСЕМШЕ
КІМ МЫСАЛ ЖАЗА АЛАДЫ?
Мөлшерлі уақыттың ішінде көсемшенің үш түрін келтіріп сөйлемдер жазыңдар.
Сұрақ және тапсырма:
Аяқталған сөйлемнің соңында келмейтін қай етістік?
Жіктік жалғауы жалғанбайтын көсемшенің түрін кірістіріп сөйлем ойлаңдар.
Көсемшенің І-түрінде айтылатын республикамыздағы қай өзеннің аты?
Ескі деген ұғым тұлғасында айтылатын көсімшені білесіңдер ме?
Көсемшенің екі, үш түрін қатар қолданып бірнеше сөйлем ойлап айтыңдар.
Барып, келіп сияқты көсемшелердің болымсыз түрі қалай айтылады? Оған неше жұрнақ жалғанады?
Күрделі етістік құрамында келген көсемшелерге жіктік жалғауы жалғана ма? Жалғанбаса себебі не?
БҰЛ ҚЫЗЫҚ
Көсемше қара сөзде аяқталған сөйлемнің соңында келмейді, ал өлеңді сөйлемдерде сөйлем соңында тұрып, ұйқас жасай алады. Мұның тамаша үлгілерін Абай өлеңдерінен табуға болады. Абайдың «Жаз», «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?» деген өлеңдерін қараңдаршы. Мұнда ұйқас жасап тұрған сөздер көсемшенің қай түрі?
19 КӨСЕМШЕ, 4 ЕСІМШЕ
«Жайнаған туың жығылмай» атты 16 жолдық өлеңінде Абай етістіктің тек көсемше, есімше түрлерін ғана қолданған. Онда 19 көсемше, 4 есімше бар екен.
ЕСІМШЕ
КІМ ТЕЗ ТАУЫП, ДӘЛЕЛДЕЙ АЛАДЫ?
Есімдерше түрленеді де, екі сөз табының қызметін атқарады. Мысалмен дәлелдеңдер.
–С жұрнағы есімшенің қай түріне жалғанады?
Опаға барған ағарар, Жосаға барған қызарар, - деген мақалда ағарар, қызарар сөздері қай сөз табы? Олардың түбірі қайсы?
І.Жансүгіровтің «Әншіге» атты өлеңінде қанша есімше, қанша көсемше бар екенін есептеп көріңдер. Бірнеше жолдары кілең көсемше болып келетінін тауып көрсетіңдер.
Есімше тұлғалас жеміс пен көкөністі атаңдар.
Төмендегі өлең жолдарындағы есімшелерді тауып, сөз бөлшегіне талдаңдар, жазылуын түсіндіріңдер. Өлеңнің авторы кім?
«Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтып қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың» Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бір шығармасының аты 3 сөзден құралған, 1-сөзі – көсемшенің болымсыз түрі, 2-сөзі – тәуелді шығыс септігіндегі зат есім, 3-сөзі – 1 жақтағы өткен шақтық есімше. Ол қай шығарма?
Біржан салдың бір әнінің аты екі сөзден тұрады. 1-сөз – атау тұлғадағы зат есім, 2-сөзі – келер шақтық есімше. Ол қандай ән?
ЖЕДЕЛ ЖАУАП
Төмендегі есімшелерге ылайықты зат есім ойлап, кім жедел жауап бере алады?
а) еңкейген ...
еңбектеген ...
жайнаған ...
масайраған ...
марқайған ...
қақиған ...
ербиген ...
селтеңдеген ...
елпектеген ...
ә) сөйлер ...
айтылар ...
келер ...
бітер ...
б) алатын ...
оқитын ...
істейтің ...
көретін ...
НЕГІЗГІ МЕ? КӨМЕКШІ МЕ?
1.Төмендегі екі қатар етістік берілген. Бұлар негізгі етістік пе, көмекші етістік пе? Ретіне қарай бірін негізгі, екіншісін көмекші етістік етіп, жұп-жұбымен айтып шығындар.
Үзіндегі көмекші етістікті талдаңдар –ше, -ші етістіктің қай түрінде жалғанады?
Мен істеді дегенше,
Мен істеді десеіші,
Мың істеді дегенше,
Ер істеді десеңші,
Ер істеді дегенше,
Ел істеді десеңші. (Б.Момышұлы)
ДӘЛЕЛДЕП АЙТЫҢДАР
Көмекші есімдер мен көмекші етістіктердің ұқсастығы және айырмашылығы қандай? Мысалмен дәлелдеңдер.
Көмекші етістік пен есімдіктен құралған сөз адамның туыстық атауын білдіреді. Ол қай сөз?
КЫЗЫҚ ТІЗБЕК
Берілген көмекші етістікті негізгі етістік етіп, төмендегідей тізбектеп жазыңдар. Мөлшерлі уақытта көп мысал келтіріңдер. Мысалы: қарап көр - көріп келе бер - бере тұр, қал - қалып қойма т.б.
ЕСЕП
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
10 дара етістік. Біріншісі – бір, екіншісі – екі, үшіншісі – үш әріптен т.т ойыншысы оң әріптен, барлығы да е әрпінен басталатын әр формадағы 10 дара етістік тауып, берілген шақпақты толтырыңдар.
Күрделі етістік жасап, шақпаққа жазыңдар.
СЕНДЕРШЕ ҚАЛАЙ?
Отыра кетті, айтып берді, келіп қалды, – деген тіркестерді отырды және кетті, айтты және берді, келді және қалды деп ұғуға бола ма, болмаса қалай?
Жатыр деген етістікке е етістігінен басқа етістіктердің бірін көмекші етіп айтуға бола ма?
КІМ КӨП МЫСАЛ АЙТА АЛАДЫ?
Қақ етістігін көмекші етістік етіп бірнеше күрделі етістіктер ойлап айтыңдар. Кім көп мысал айта алар екен? Мысалы: жампан қағу, елпең қағу, кердең қағу т.б.
НЕГІЗГІ МАҒЫНАҒА ҚАСЫСЫ ИЕ?
Ол келе жатыр. Сен ән салып бер, - деген сөйлемдерде негізгі мағынаға қай етістік ие болып тұр? Зат есімнен кейін көмекші етістік келтіріп, сөйлем құраңдар.
ЕТІСТІКТІҢ ШАҚТАРЫ
БАРЛЫҚ ШАҚҚА (жарыс ойыны)
Бастаушы тақтаға бірнеше етістіктер жазып (мысалы: жүр, біл, ақылдас, үйрен, жаса, тоқы), оларды барлық шаққа жарыса жіктеуді тапсырады. Ойынға қатысушылар екі топқа бөінеді де, екі топтан екі бала кезектеп шығып, жекеше, көпше түрде жарыса жіктейді. 1-ала жекеше түрін айтқанда, 2- бала көпше түрін айтуы керек. Әр етістікті жіктеуге екі баладан шығып жалғастыра береді. Берілген етістіктің барлығын дұрыс жаңылмай жіктеп шыққан жағы ұтады. Шақ түрлерін оқушылар жаңылмау үшін кестемен де пайдалануға болады.
ҚАЙ ШАҚТЫҢ ТҮРІ?
Бастаушы әр шақты білдіретін бірнеше етістіктерді атайды. Оны дұрыс тауып, жылдам сөйлем құрайды.
Сұрақ және тапсырма.
Шақтық мағына неше етістікпен берілуі мүмкін?
Етістік шақтары қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
Жалаң нақ осы шақтың басқа шақтардан өзгешелігі қандай?
Мақсатты келер шақтың болымсыз түрі неше етістікпен айтылады?
Ауыспалы шақтарды бірінен-бірін қалай айыруға болады?
Келер шақтың мынадай түрлері де болатынын байқадыңдар ма? Сөйлер болар, айтпас болар.
Егер жау берілмесе, оны құртар болар. (Жамбыл.)
Жайылыста жүріп, өздігінен шапқан жылқы бүйтіп тұра шаппас болар. (М.Әуезов.)
Бұл сөйлемдер қалай жасалып тұр?
Айжан партада отыр. Сен орындыққа отырдың. Айгүл, сен мұны жазып отыр, - деген сөйлемдердегі отыр етістігі қай шақта қолданылған?
«КІМ АЙТЫП ЖІБЕРГІШ БОЛАДЫ?»
Бастаушы төмендегі сұрақтарды жайлап екі рет оқиды да: «Бұларды кім біледі? Тез жауап тауып айтқан бала айтып жібергіш болады», - дейді. Жауап бергісі келген балаларортаға шығады. Толық жауап берген балалар «айтып жібергіш» болады.
Жоқ сөзі қай шақтық етістікпен тіркесе алады? Мысал келтіріңдер.
Нақ осы шақ жасайтың етістіктер жеке айтқанда неше түрлі мағына береді?
Болар, шығар, білем, керек сөздері тіркескен бірнеше етістік ойлап табыңдар. Олар қай шақтық етістік болады?
Есімшенің ауыспалы шағынан соң жіктеліп келген е етістігінің тіркесуі арқылы жасалған етістік қай шақтарды білдіреді? Оларды қалай айыруға болады? мыса келтіріп айтыңдар.
Өткен шақтың болымсыз түрі неше түрлі формада беріледі? Келер шақ ше?
КЕЛЕР ШАҚТЫҚ 15 ЕТІСТІК
Абайдың 12 жолдық бір өлеңінде келер шақтық 15 етістік қолданылған. Ол ақынның қай өлеңі? Ондағы етістіктер келер шақтың қай түрі екенін анықтаңдар.
ҚАЙ ШАҚТЫҢ ҚАЙ ТҮРІ
Төмендегі шумақтағы етістіктер қай шақтың қай түрі?
Төмендегі сөйлемдердегі етістіктердің қай райда тұрғанындәл табыңдар.
Еңбек етсең емерсің.
Көпті сөкпе, кенді төкпе.
Ақылың болса, арыңды сақта, Ар-ұят керек әр уақытта. Ақыл азбайды, Білім тозбайды. Кеңесті ел - кемімес. Бұны мен тапқан жоқ ем ... . Өзім таппасам, жетпесем соған жетуші, табушы болса деуші ем ... жолың болсын, бауырым Дәрмен! – деді. (М.Әуезов.)
Сен айтшы, сендерше не болсын? – деп Абай ашық, қатаң үнмен қайта қадалды. (М.Әуезов.)
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
(Ы.Алтынсарин.)
Бауырлар-ау, тұрсайшы!
Пәлені бетке ұрсайшы!
Ақырып қайрат қылсайшы!
Жігерін негып жасып тұр! (С.Сейфуллин.)
БҰЙРЫҚ РАЙДАҒЫ 29 ЕТІСТІК
І.Жансүгіровтің «Жалпы жасқа» атты 20 жолдық өлеңінде бұйрық райлы 29 етістік қолданылған. Ақын оны қандай мақсатпен мол қолданылған? Өлеңді келістіріп оқып шығып, сол етістіктерді табыңдар.
Сұрақ және тапсырма.
1.Барлық шаққа ие болатын қай рай?
2.І жақты айтылмайтын қай рай?
3.Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай?
4.-Са, -се жұрнағы жалғанған сөз үнемі істің шартын білдіре бере ме?
5.Күрделі етістік түрінде айтылатын райдың аты қалай?
6.Шартты райлы етістіке жұрнақ жалғана ма? Онда қандай мағына пайда болады?
Сұрақ пен тапсырма.
Қай етісітк шақсыз, жақсыз қолданылады?
У дыбысына аяқталған сөздердің бәрі тұйық етістік бола бере ме? Өлең жолдарындағы асты сызылған сөздерді қай сөз табына жатқызуға болады?
Кей құрбы бүгіт тату ертең бату,
Тілеуі, жақындығы – бәрі сату.
Көкірегінде қаяу жоқ, қиянат жоқ,
Қажымас, қайта айнымас қайран тату. (Абай.)
Жаю, тыю,түю, деген сөздер қай сөз табы? Қалай дәлелдеуге болады?
Ананың баланы сүюі деген тіркестегі сүюі сөзін бөлшегіне, сөз табына талдап, жазылуын кім түсіндіре алады?
Есімдерше тәуелденіп, септеледі, Бірақ жіктелмейді, көптеледі.
Сөйтіп барып бар ғой,
Есім мағынасында қолданыла береді.
Жеке тұрғанда зат есім, етістікке жалғанса жұрнақ. Ол қандай етістік жасайтын жұрнақ?
ЕТІСТІКТІҢ ҚАЙ ТҮРІ?
Төмендегі өлең жолдарында етістіктің қай түрі (көсемше, шақ, рай т.б) қолданылған?
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден – асаң, алдында бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
ЗАТ ЕСІМ ТҰЛҒАЛАС ЕТІСТІКТЕР
Бастаушы зат есім тұлғалас мынадай етістіктер тауып жазуды тапсырады. Мысалды көп тауып жазған балалар ұпай алады.
Ортақ етіс: табыс, ...
Болымсыз етістік анықтама, ...
Тұйық етістік тарту, ...
Келер шақтық етістік: өрмек, ...
Бұйрық рай: сана, ...
ОЙЛАН, ІЗДЕН, ТАП
Жаз деген етістіктен болжалды, мақсатты келер шақ жасап, үш жаққа жіктеңдер де жіктік жалғауының астын сызыңдар.
Сол етістіктен жедел өткен шақ және шартты рай жасап, үш жаққа жіктеңдер де, жіктік жалғауының астын сызыңдар.
Алғашқы жіктелген етістік пен соңғы етістікте жіктік жалғауы ірдей ме?