435 имплицитно: ат басындай алтын



Pdf көрінісі
бет8/53
Дата09.10.2024
өлшемі0,54 Mb.
#205976
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53
Байланысты:
Ғылымдағы ғұмыр I том

ояз
(уездный началь ник),
 ауылнай
(аульный) сияқты тұлғалық өзгерістерге душар 
болған орыс сөздерін жаткызады
13
. Төртінші кезеңге Ұлы Қазан революциясынан 
кейінгі дәуір жатқызылады. Бұл кезеңдегі орыс тілінің қазақ т. б. халықтардың 
тіліне жасап отырған әсер-ықпалы алдына арнайы тексеруді талап ететін күрделі 
мәселе.
Қазақ, орыс тілдерінің осындай қарым-қатынастарын зерттеуде тарихи 
лексикологияның да қосар үлесі мол. Бұл мәселені зерттеуші мамандар 
оны көбіне-көп синхрондық планда ғана қарастырады да, жан-жақты терең 
талдауларға, тарихи-салыстырма тәсілге сүйене отырып, тіларалық ауыс-
түйістердің заңдылықтарын ашуға бара бермейді.
Ал бұл салада неше алуан тілдік құбылыстарды көруге болады екен.
Біз солардың біреуіне ғана тоқтала кетпекшіміз. Мәселен, түркі тілдерінің, 
соның ішінде қазақ тілінің тарихи лексикологиясы үшін тек шеттен қабылданған 
сөздерді ғана емес, сонымен бірге бұл тілдерден басқа тілдерге ауысқан сөздерді 
зерттеудің де зор мәнісі бар. Мәселен, орыс тілінің сөздік қорына түркі тілдерінен 
енген он мыңнан астам кірме сөз бар екен. «Түркизмдер» деп аталатын осы кірме 
сөздерді славян тілдерінің мамандары да, түркологтар да зерттеуге праволы. 
Өйткені бұл мәселе славянистер үшін көршілес түркі халықтардың арасында 
болып келген ұзақ та тығыз қарым- қатынастарды анықтауға қажет болса, 
түркологтар үшін түркі сөздерінің өткен дәуірлердегі тұлғалық, мағыналық 
қалпын анықтау үшін қажет. Бір мысал келтірейік. Мәселен, бір кезде орыс тіліне 
еніп, әбден сіңісіп кеткен
 балық
пен
 алтын
сөздері тұлға жағынан сәйкестігін 
сақтаса да, түркі тілдеріндегі қалыптасқан номинатив мағынасынан мүлдем 
өзгеше
14
.
 Балық
түркі тілдерінде «балық» біткеннің жалпы атауы болса, орыс 
тілінде ол балықтың бір түрін ғана (кептірілген балықты) білдіреді, ал түркі 
тілдерінде асыл ме талды білдіретін
алтын
сөзі революциядан бұрынғы орыс 
тілінде ақша өлшемінің баламасы («денежная единица») ретінде қолданылған. 
Қазақ тіліне орыс тілінің әсерімен ақша мағынасында сол кезде қолданылған
 
алтын теңге
деген тіркес бүгінде көнерген болса, ал ол орыс тіліндегі «Не было 
ни гроша, вдруг алтын» деген тұрақты тіркесте қолданыс тауып келеді. Бұдан 
шығатын қорытынды: ана тіліміздің басқа тілдерде жүрген лексикалық ауыс-
түйістерін зерттеу де тарихи лексикологияның міндетіне енетіндігі. Олар сөз 
тарихын аша түсуге, әр түрлі себептермен ұмыт болған, не көнерген сөздеріміздің 
өткен дәуірлердегі қалпын, жергілікті (регионалды) ерекшеліктеріне қатыстығын, 
мағыналық, тұлғалық өзгерістерін анықтауға қажет-ақ.
13 
Мусабаев Г. Г. 
Современный казахский язык. Алма-Ата. 1959, ч. 1, с. 47–48. 
14 
Фасмер М.
Этимологический словарь русского языка. М., 1964, т. 1.


449
Түркизмдердің тілдік табиғатына түркологтардың көзімен қараудың тағы 
бір қажеттігі олардың көп сыры қабылданған тілде емес, өзі пайда болған 
тілдің топырағында айқын көрінеді. Мұны түрколог ғалым Н.К. Дмитриевтің
15
түркизмдерге арналған зерттеуі толық дәлелдей алады. Шынында да тіларалық 
қарым-қатынасқа байланысты болатын лексикалық ауыс-түйістер, бір медальдың 
екі жағы сияқты, бір тұтас құбылыстың екі тілдегі («сөз қабылданатын» және 
қабылдайтын» тілдердегі) көрінісі іспеттес.
Осыған орай орыс тіліндегі түркизмдерді қазақ тілі тұрғысынан қарап, бұл 
тілдердің арасында болған ұзақ та тығыз қарым-қатынастарды тереңірек зерттей 
түсуді біз алдағы міндеттеріміз деп есептейміз.
Славян тілдері мен түркі тіддерінің арасындағы тарихи ауыс-түйістер 
тек басы ашық жеке-дара сөздермен ғана шектелмесе керек. Тіл фактілерін 
тереңірек зерттеп қараған адамға бұл байланыстың тамыры тым алыста 
жатқан сияқты. Олай дейтін себебіміз, славян тілдері мен түркі тілдері 
арасында туынды түбір тұлғасындағы байырғы түркі сөздерімен қатар 
монғол, қытай, араб, иран тілдерінен енген кірме сөздер де көптеп кездеседі. 
Олардың бәрі славян тілдеріне түркі тілдері арқылы енгендіктен біз 
дәстүр бойынша түркизмдер («түркі тілдері элементі») деп қараймыз 
да, олардың шығу тегіне көп мән бере бермейміз. Бұл да түркизмдерді 
зерттеуге байланысты ерекше көңіл бөлетін мәселе. Славян халықтарымен 
әлімсақтан бері көршілес болып, араласа-құраласа өмір сүрген, бірге өсіп, 
біте қайнасқан халықтардың көбісі-ақ – түркі тілдес халықтар. Олар ертеде 
де, қазір де сан жағынан аз болған жоқ. Россияның ұлан-ғайыр ішкі және 
сыртқы өлкелерін мекендеп келген бұл халықтар мен ру-тайпалар, орыс 
тілінің әсер-ықпалында бола отырып, өздері де оған әр түрлі дәрежеде әсерін 
тигізіп келді. Орыс тіліндегі он мыңнан астам түркизмдер бұлардың бәріне 
ортақ бола тұрса да, оған әрбір тілдің қосқан өзіндік үлесі бар. Ол үлесті, 
мәселен, шартты түрде «қазақизмдер», «якутизмдер», «тувинизмдер», 
«алтаизмдер», «өзбекизмдер» т. б. деп атап, дыбыстық, тұлғалық және 
мағыналық ерекшеліктеріне қарай тілдік региондарға бөліп анықтауға 
болар еді. Мәселен, орыс тілі қабылдаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет