Оқытудың тиімділігін арттыру құралы тұрғысындағы денсаулықты сақтаушы технологиялар



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі409,94 Kb.
#25993
  1   2   3
Оқытудың тиімділігін арттыру құралы тұрғысындағы денсаулықты сақтаушы технологиялар
I. Кіріспе. Зерттеу жұмысының көкейкестілігі.

Адам денсаулығының жай –күйі қоғамдық дамудағы маңызды индикаторлардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы әлеуетті міндеттердің бірі саналады, мұны «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы, Президент Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы, ҚР. «Білім туралы заңы» ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құжаттары растайды. Салауатты өмір салты –мінез құлық бара барлығы арқылы денсаулықты басқару болғандықтан, бұл қызмет саласы педагогтердің кәсіптік мүделлері мен біліктілігі өресінде жатыр. Балалар денсаулығын қорғаудың маңыздылығын педагогтар зерделей жете түсініп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпалдастыруы тиіс.

Денсаулық сақтау негізін қалаушы қағидалар шын мәнінде осы заманғы тіршілік әрекеті жағдайында жүзеге аспайды және білім беру жүйесінде тиісті шамада ескерілмейді.

Өмір өзі бізге білім беру үдерісіндегі барлық субьектілердің ауыру деңгейін төмендету мен денсаулығын сақтауға бағытталған жаңа стратегия іздеу қажеттілігін нұсқап отыр.

Елбасымыздың « Қазақстан 2030 ұзақ мерзімді жолдауында қоғамымыздың болашағының айқындығы үшін мемлекетіміздің алдында тұрған міндеттерді айрықша көрсетіп даралап берді. Онда басты міндеттердің бірі еліміздің өсіп өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті, салауатты жастарды тәрбиелеу баршамыздың ортақ міндетіміз делінген.

Зерттеудің мақсаты. Қоғам алдында дені сау, шығармашылықпен нәтижелі жұмыс жасай алатын ұрпақ тәрбиелеу.

Зерттеу нысаны. Мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту барысындағы педагогикалық мәселелер.

Зерттеудің ғылыми болжамы

Денсаулық сақтау технологиясы – оқушы денсаулығын сақтауы мен өсуін, денсаулығы туралы мәліметтер мониторингі, жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалім жұмысының сапасын көрсетеді.



Зерттеу міндеттері:

  • Баланың қолайлы интелектуалдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен әрбір оқушының жеке тұлғалық өзіндік ерекшеліктерін, өзінің негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын жан-жақты дамыған мектеп ортасын жасау.;

  • Оқушының жеке тұлғасы мен мектеп ортасының дамуын бақылаушы мониторинг жүйесін дайындау;

  • Әрбір оқушының жеке тұлғасының өзін-өзі сендіру, өзін өзі көрсету т.б дербестігін көрсете алатын, жеке тұлғаның шығармашылық бейімділігін аша алатын оқушылармен бірге сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмысының жүйесін құру.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай зерттеу әдістері қолданылады.

Зерттеу әдістері. Денсаулық сақтаушы технологиялар мен психология-педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; Әңгімелесу, сауалнама, денсаулықты бағалау көрсеткіштері, тест тапсырмаларын пайдалану; мониторинг жүргізу және сандық және сапалық жағынан талдау, оның нәтижесін математикалық жолмен қорыту.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың



Зерттеу кезеңдері:

  • Бірінші кезеңде Валеологиялық білім берудің методологиялық негізі мен ұғымы сараланды. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері, болжамы анықталды.

  • Екінші кезеңде зерттеу жұмысының нәтижесінде анықталған мектептегі сабақтардың өтілу барысына талдау жасау; білім беру мәселесіне қойылатын талаптарды қанағаттандыратын оқу-әдістемелік жүйесі жасалды.

  • Үшінші кезеңде педагогикалық эксперимент жұмысының қорытындылары жасалып, нәтижелері анықталды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

- оқушылар үшін ең жоғары тәни, психикалық және әлеуметтік әлеуетін іске асыру және жеке адамгершілік сезімдерін арттыру, оқушылардың жеке басын қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді жасау;

- оқушылар арасында, оқушылар мен мектеп қызметкерлері құрамы арасында, сондай-ақ мектеп, үй және қоғам арасында қолайлы атмосфера орнату;

- денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша оң шешімдер қабылдау үшін дағдыларды қалыптастыру жөнінде білім беруді қамтамасыз ету арқылы денсаулық үшін қолайлы қоршаған ортаны құру.

Табиғи ортаны сақтауға, оқушының және барлық қоғамның денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын ұстануға, медициналық сауаттылыққа уәждемені қалыптастыруға бағытталған тұтас жүйені – мектеп медицинасы қызметін (ММҚ) дамыту.

- Мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарға арналған кешенді бағдарлама әзірлеу және енгізу;

- мектептердегі оңалту іс-шараларын өткізу мүмкіндіктеріне назар аудара отырып, медициналық кабинеттерді жарақтандыру;

- мектеп медицинасының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу;

- әр оқушының тәни, психикалық және әлеуметтік саулығын сақтау бойынша үдерісті оңтайландыру үшін оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды түрлі деңгейлік, саралап оқыту жүйесін дамыту.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы.
балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығы проблемаларына кешенді көзқарасты қамтамасыз ету

- тұтас жүйені дамыту – физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын сүруді, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметі (бұда нәрі – ММҚ)

- «тең-теңімен» қағидаты бойынша еріктілер қозғалысын одан әрі дамыту (балалардың, жасөспірімдердің, жастардың арасында жауапкершілік дағдысын, құрбыларының қысымына қарсы тұра білу, есірткіден бас тарта білу, өмір сүру дағдысын ұстану негізінде интерактивті оқу өткізу жолымен дұрыс шешім қабылдай білу);

- әдістемелік және ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу;

- спорт алаңдарын, балалар клубтарын, үйірмелерді, секцияларды, секцияларды, аула клубтарын, жазғы лагерьлерді дамыту және қолжетімділігін арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипед қозғалысы, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.) арқылы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге ықпал ету;
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ


  1. Мектептік білім беру үрдісінде дені сау адамды тәрбиелеудің өзектілігі

Денсаулық сақтаушы білім беру технологиялары оқыту мен білім берудің жүйелі тәсілі ретінде педагогтың оқушы денсаулығына зиянын келтірмеуге тырысуына негізделген. Адамдар жиі көп жұмыс істегеннен емес, жаман жұмыс істегеннен шаршап , аурып-талады. Сондықтан да балалардың бойында дұрыс жұмыс істей білуді, өз күн тәртібін (мектептегі және мектептен тыс) ұйымдастыруды метепке келген алғашқы күннен бастаған абзал. Тәуекелдің мектептегі факторларын талдау сабақта шаршау қандай болсын бір себептің ( материалдың күрделілігі немесе психологиялық ширығудың салдары ғана емес, керісінше әр түрлі ықпал етуші факторлардың белгілі бір үйлесімі, жиынтығы болып табылады. Денсаулықты сақтайтын технологияларды пайдалану осы проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Осы заманғы зертеулер мектептегі тәуекелдік факторларын олардың маңыздылығы тұрғысынан кему және балалардың денсаулығына ықпал ету күші бойынша ретке келтіруге жол ашады.

-ауыртпалық педагогика тактикасы;

-мектеп оқушыларының жасына және мүмкіндігіне әдістеменің және технологияның сәйкес келмеуі;

-ата –аналардың балалар денсаулығын сақтау мәселелерінен хабардарлығының жеткілікті болмауы (балаға көмек берілмеуі, оның шамасынан артықты талап ету, барлығына өзін емес, баланы кінәлау; оның шағымдарына көңіл аудармау) ;

-оқу үдерісін қарқындату;

-пән мұғалімдері мен сынып жетекшілердің денсаулық құндылықтары мен салауатты өмір салтын қалыптасыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізбеуі.

-оқу қызметін ұтымды ұйымдастырмау (демалыс күнінен кейін бақылау жұмысын алу). Оқу қызметі үрдісіндегі оқушылардың жұмыс істеу күйі, оймен жұмыс істеу қабілетін жоғары деңгейде ұзақ ұстап тұру және тым ерте шаршаудың алдын алу мүмкіндігі сабақтың дұрыс ұйымдастырылуына, оның ұтымдылық деңейіне көп байланысты. Денсаулықты сақтау қағидасы негізінде ұйымдастырылған сабақ оқушылардың оқытуды күшті де айқын көрінетін шаршап-жалығу түрлері көрінетіндей аяқтауға әкеп соқпауы тиіс.

Балалар мен жасөспірімдер оқушылар денсаулығының әлеуметтік мәнін атап көрсететін қоғамның репродуктивтік, интеллектуалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени резервін ұсынады.

Біздің республикамыздың әрбір бесінші тұрғыны – бұл қазіргі заманғы мектептер жағдайында өзінің балалық шағының көп бөлігін өткізетін мектеп оқушысы. Мектеп жасы – көбіне өмірлік циклдың осы фразасын айқындайтын салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін үлкен мүмкіндіктер уақыты. Бұл ретте, психоәлеуметтік факторлардың оқушылардың денсаулығына биомедициналық сияқты маңызды мәні бар.

Жүргізіліп жатқан зерттеулер оқушылардың денсаулығын сипаттайтын күрделі проблемаларды анықтады. Оқушылар арасында әртүрлі бейіндегі білім беру мекемелерінде оқу кезінде көру мүшелері, ас қорыту және несеп-жыныстық жүйесі патологиясы, нервтік-психикалық бұзылулар, сондай-ақ қауіпті мінез-құлық факторлары: алкогольді, есірткіні, темекіні тұтыну жағынан бұзылулар жиілігі өсуде. Бұл дене белсенділігінің төмендеуі мен тиімді теңестірілген тамақтанудың болмауы аясында болып отыр.

12-18 жас аралығындағы оқушыларды скринингтік тексеріп-қарау нәтижелері бойынша сырқаттанушылық құрылымында жетекші орындарды: көз және оның қосалқылары (19,5%), сүйек-бұлшық ет жүйесі (15,1%) және асқорыту мүшелері (14,2%) алып отыр. Дұрыс тамақтанбау, тамақ өнімдерінде тұздың, майдың және қанттың артық болуы асқорыту ауруларының өсуіне себепші болады (2008 жылғы 21,57% 2009 жылы 36,34%). Психикалық аурулар мен мінез-құлық бұзылулар өсуде. Бүгінгі күні осы санаттағы пациенттердің әрбір төртіншісі – мектеп жасындағы балалар.

Ұлттық зерттеудің нәтижелері бойынша (2007 жыл) 11-14 жас аралығындағы балалар арасындағы темекі шегудің таралуы 7,5%-ды құрады, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында - 11%, алкогольді 9,4% балалар және 21,3% жасөспірімдер тұтынады. Дене белсенділігінің көрсеткіші 11-14 жастағы балалар арасында 39%, 15-17 жастағы жасөспірімдер арасында 37%-ды құрады.

Маңызды проблемалардың бірі жасөспірім қыздардың ұрпақты болу денсаулығын сақтау болып табылады. ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша жыл сайын республикада осы жас тобында кемінде 10 000 жүктілік тіркеледі. Аборттардың санын төмендету кезінде босанулардың саны көтерілуде. Жүктілікті үзудің жалпы санынан 4,3% 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге сәйкес келеді, бұл ұрпақты болу жасындағы халық құрылымындағы олардың үлесіне сәйкес келеді.

Сырқаттанушылық жағдайлар, оның ішінде бала мен жасөспірімдердің өлім-жітімімен, жасөспірімдік жүктілік пен аборттармен, сондай-ақ төмендеу үрдісі байқалмайтын жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен байланысты жағдайлар осы нысаналы топтың нашар ақпараттандырылуымен және тұтасымен денсаулығын сақтау мәселелеріндегі жауаптылық мінез-құлқының қалыптаспаған дағдыларымен түсіндіріледі. Мектептегі медицина қызметшілерін балалар мен жасөспірімдердің денсаулық мәселесіндегі жеткіліксіз ақпарат, мектептің медициналық кабинеттерінің сәйкессіз материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ, мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың қатысуымен кешенді бағдарламаның болмауы оқу кезеңінің барлық мерзімінде оқушылардың денсаулығын сақтауды айтарлықтай қиындатады. Сонымен бірге, әрбір төртінші мектепте іс жүзінде спорт залдары жоқ. Мектептердің 34,7% оқу жиһаздарын ауыстыруды талап етеді.

Мұның барлығы мектеп медицинасын дамыту шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығын сақтау жөніндегі кешенді бағдарламасын әзірлеу қажеттігін білдіреді.

Меңгерілетін себептерден сырқаттанушылық және өлім-жітім себептерін, сондай-ақ балалар, жасөспірімдер мен жастардың қауіпті тәртіптерін талдау мен зерделеу жөнінде зерттеулер жүргізу;

Мектептерде оңалту іс-шараларын жүргізу мүмкіндігіне акцент жасап медицина кабинеттерін жарақтандыру және мектеп медицина кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

Медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру, соның ішінде балалар жарақаттанушылығының алдын алу бойынша ата-аналарға кеңес беру дағдыларына оқыту;

Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру;

Мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтары үшін кешендік бағдарламаны әзірлеу және енгізу;

«Алкоголизм, нашақорлық және темекі шегушіліктің профилактикасы» әдістемелік құралын енгізу;

Жастарға арналған анонимді консультациялар және денсаулық орталықтарын құру және дамыту, сенім телефондарының жұмысын жетілдіру;

Орта білім беретін оқу орындарын балалар мен жасөспірімдерді темекі, алкоголь және есірткілік тәуелділікке құмарлығын, сондай-ақ химиялық емес тәуелділікті - ойынқұмарлық, интернетке тәуелділікті ерте анықтауға компьютерлік бағдарламалармен жарақтандыру;

Білім беру мекемелерінде отбасы денсаулығын нығайтуға бағытталған алкогольге қарсы және есірткіге қарсы профилактикалық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу, қауіптерді төмендетудің тиісті технологияларын (бейнеқұралдар) енгізу;

Орта және жоғары білім беру жүйесінде ерте жүктілікті және ЖЖБА, АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша арнайы жалпы білім беретін бағдарламаларды әзірлеу және енгізу, өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне жастарды оқытуды жүргізу;

Жасөспірімдердің психологиялық денсаулық мәселелері бойынша ақпараттық кампания (бейне және аудиороликтерді шығару);

Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды және бастауыш сынып оқушылардың бір жолғы ыстық тамақтануын ұйымдастыру

Аз қамтылған отбасылар оқушыларының бір жолғы ыстық тамақтануын ұйымдастыру;

Мектеп оқушыларының жыл сайынғы скринингтерін өткізу (Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде)

Қазақстан оқушыларының арасындағы соңғы зерттеулер оқушылардың 10% жүйке ауруларымен ауыратындығын, 8% психикалық дамулары тежелгендігін, 5% энурезбен ауыратындығын, 3,1% психикалық ақаулар бар екендігін көрсетті.


Оқушылардың денсаулықтарының нашарлауының маңызды себептері болып сабақты жүргізудің дидактогендік технологиялары және оқушылардың білімдерін бағалау, оқушылардың денсаулықтарының бұзылуына әкеп соғатын оқушылардың физикалық белсенділіктерінің жеткіліксіздігі, оқушыларды күйзелу мен стресске әкеп соғатын оқу бағдарламаларын фактологиялық ақпараттармен жүктеу, көптеген педагогтардың білім беруді жаңаша ұйымдастыру жағдайында оқушылардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері мен денсаулық жағдайларын ескере отырып, оқушылармен жекелей әдістерді жүзеге асыра алмау қабілетсіздіктері табылады.

Республикада арнайы білім беру жүйесінің біртіндеп кеңейтілуіне қарамастан, мұқтаж балалардың бәрі бірдей оған қол жеткізе алмайды. Қазіргі уақытта республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 65 мыңдай бала мамандардың білікті көмегінсіз оқиды. Жалпы білім беретін мектептердің 766 арнайы сыныптарында ғана ақыл-ой кемістіктері бар және психикалық дамуы тежелген 6883 баланы оқыту үшін жағдай жасалған.


Қазақстан Республикасының бала денсаулығын сақтау саласындағы заңнамасын жетілдірумен, балалардың салауатты өмір салтын насихаттаумен және оған ынталандырумен, баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайын бақылауды қамтамасыз ету және балалар дертінің алдын алу сияқты шаралармен қамтамасыз етіледі.
Соңғы бес жылдың ішінде республикада жалпы ішкі өнімге шаққандағы денсаулық сақтау жүйесіне қарастырылған шығыстардың үлесі 2001 жылғы 1,92 %-дан 2006 жылы 2,19 %-ға дейін ұлғайды. Осыған қарамастан республикада жыл сайын 18 жасқа дейінгі балаларда 5 миллионға жуық аурулар тіркеледі. Жасөспірімдерді (12-18 жас) жыл сайынғы алдын ала медициналық тексерулердің қорытындылары бойынша диагностикадан өтетін балалардың 53%-дан астамы ас қорыту, көру органдарының, сүйек-бұлшық ет жүйесінің, тыныс алу, жүйке және эндокриндік жүйелері ауруларынан зардап шегеді.
Ұсынылған кестеден көрсетілгендей, балалар арасында аурушаңдық артуда және жасына қарай көбеюде. 15 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы аурушаңдық 19,3 % -ды құрайды, жасөспірімдерде (15-18 жас) 30,8 % - ға дейін ұлғаюда. Жылдан жылға мектеп бітірушілер арасында  денсаулығы жақсы    балалардың саны азаюда.
Аурушаңдықтың басты себептерінің бірі мектептерде санитарлық нормалар мен ережелер талаптарының бұзылуы, тамақтанудың болмауы немесе нашарлығы болып табылады. Жазатайым-оқиғалардан, жарақаттар мен уланудан болатын өлім-жітім жоғары болып отыр. Жыл сайын 14 жасқа дейінгі балалар арасында 200 мыңға жуық жазатайым оқиғалар мен жарақаттар тіркеледі, олардың 1,2 %-ы мүгедектікке алып келеді.
Балаларды емдеу-сауықтыру ұйымдарының медицина кадрларымен толық қамтылмауы және материалдық-техникалық базасының нашарлығы орын алып отыр. Осыған байланысты оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу қажет.
Балалардың әлеуметтік бағыттағы медициналық қызметтерді алу басымдылығы мына жағдаймен анықталуға тиіс: медициналық қамтамасыз ету қолда бар қаражат мөлшерімен емес, денсаулық сақтаудың қазіргі стандарттарын ескере отырып  жүзеге асырылуға тиіс.
Денсаулық сақтаушы білім беру технологияларын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасындағы білім берудің жетекші идеясы – білімді де қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу,жеке тұлғаны дамыту баланың жеке құқығын және конвенционды нормаларын сақтау болса,соның ішінде өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту жұмыстары ерекше мәнге ие.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарау талар етілуде.Қазіргі мақсат жас ұрпақты ізгілік мінез –құлық қалыптасқан дені сау ой еңбегімен,дене еңбегіне де қабілетті, дене күші жасына, ақылына сай азамат тәрбиелеу.

Қазіргі кезде оқушының іс –әрекетін ұйымдастыру әдістемесі,жеке тұлғалық қасиетке бағыттап оқытудың негізгі бағыты болып табылады.

Ал әлеуметтік-психологиялық оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы оқыту оқушылардың материалды өз беттерімен жеңіл игеруіне мүмкіндік туғызады. Таным әрекетін белсендету әдісі оқушылардың өз әрекетін белсендіру әдісі болып табылады және бала өскен сайын одан көбңрек ынта тауып отыруын көздейді.
Белсенді оқыту технологясын пайдалану қорытындысы көрсеткендей, бұл оқыту формасының әдістері мен құралдарының көмегімен бірқатар мәселені шешуге болады.

-Тек таным әрекеттерін емес,сонымен қатар кәсіби қажеттіліктер мен қызығушылықтарын қалыптастыру.

-Жүйелі ойлауға тәрбиелеу

-Кешенді ой жұмысына үйрету

-Әлеуметтік әрекеттестік дағдыларының,жеке және жалпы топта шешім қабылдай алу іскерліктерін қалыптастыру

Балаларда оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығын,оның қоршаған дүниені зерделеуде деген қызығушылығымен түсіндіреді.Оқушылар өзіндік зерттеулері олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе,өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде алмай», өз бетімен ашады.

Оқытудың денсаулық сақтау мазмұнының басты сипаттамасы ретінде интерактивті әдістемелер үлкен орын алады. Интерактивті оқыту-пікір алмасу,яғни өзара әрекет пен өзара түсіністік процестері арқылы оқыту.

Бұл жаңа үрдісті «оқыту диологы»деп атауға болады.Белсенді оқыту технологияларын денсаулықты сақтау технологиялары деп атауға болады.

Олардың ұстанымдары:

1.Тұлғаға бағытталу ұстанымы мұғаліммен оқышуға деген сенімділікті талап етеді

2.Ұжымдық әрекеттестік ұстанымы- мұғаліммен топтық әрекеттестіктегі басқару деңгейін мақсатына қарай қатаңдыөтан жұмсақтыққа дейін өзгертіп отыруды талап етеді.

3.Оқу пәнінен рольдік ұйымдастыру ұстанымы- оқытудың екі жақтылық және қосымша мақсат қоюды көздейді.

4.Басқарудағы көп салалық ұстанымы- оқу материалы қозғалысының жиілігін,өтілген материалдармен үнемі әрекеттестігін қажет етеді

5.Оқу сабақтарының құндылық ұстанымы- мұғалімнен оқыту ырғақпен және жиілікпен байытып отыруын талап етеді.



Ойын технологиясы.

Ағылшын тілі сабағы қоғамдық құбылыс ретіндеқарастырылады, яғни сынып бөлмесі – белгілі қоғамдық орта болып, ал мұғалім мен оқушылар онда қоғамдық қарым-қатынасқа түседі де, оқу үрдісі –осы қатысушылардың өзара қарым-қатынас құралын реттеуші.Оқу үрдісін жақсарту үшін рөлдік ойындар менн тілдік ойындарды тиімді қолдану қажет.Егер мұғалімнің қызығуды арттыратын мүмкіндігі көп болса, оқу үрдісі де сәтті өтеді.

Әрқашанда ойынды жаңалап, ондағы берілген материалдарды қиындатып отыру қажет.

Ағылшын тіліндегі ойын әрекеті оқушыларды ауызекі тілге дағдыландырады, сол арқылы белгілі бір мөлшерде ауқымы кеңейеді.

Осының бәрі тек қана мұғалімнің ойынды дұрыс таңдап, ұйымдастыра білуіне байланысты.

Ойын технологиясын сабақтың барлық кезеңдерінде де қолдануға болады.Кей уақыттарда сабақты 5 минуттық ойындармен бастағанды жөн көремін, әсіресе дүйсенбі күндері.Бұл олардың сабақ барысына бірден кірігіп кетуіне, есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге, жаңа тақырыпты қызыға тыңдауға көп әсерін тигізеді.

Сабақ ортасында оқушылардың сабаққа ынтасы төмендеп бара жатқанын сезген кезде ойын жүргізіп, оқушылардың назарын сабаққа тез аударту керек.

Сабақтың соңында жүргізілген ойын да көп әсерңн тигізеді.Біріншіден:өзіңіз де, оқушылар да сабақты жоғары деңгейде әрі көтеріңкі көңіл-күймен аяқтайсыздар. Екіншіден: сіздің келесі сабағыңызды оқушылар тағатсыздана күтетін болады.

Сонымен ойын технологиясын сабақтың барлық кезеңдерінде тиімді қолданып, жүргізуге болады.

Барлық ойындар әдістемелік жағынан дұрыс өткізілуі керек.Ол үшін:

-бір ойынды бірнеше рет қайталау (сөз қорын,грамматиканы, т.б. өзгерте отырып).

-Жаңа ойынды мұғалімнің бастауы керек.Содан кейін ғана жақсы меңгерген оқушыға бастаушы міндетін жүктеуге болады;

-Ойынға жарыстық сипат беру керек, сонда ойыннан белгілі бір мөлшерде әсер алады.

-Ойыншыларды әр түрлі,түрлі-түсті заттармен, құрал-жабдықтармен жабдықтау қажет;

- Ойынды ағылшын тілінде жүргізу үшін мұғалім қажетті сөздік қорды қолданады.

Оқыту барысындағы ойын түрлерінің басты мақсаты қатені түзету.Оны белгілі бір түрде өткізген дұрыс.

2-кесте сабақта денсаулық сақтаудың өлшемдері мен олардың сипаттамалары берілген.

Денсаулықты сақтаудың өлшемдері

Сипаттама

1

2

Сыныптағы ахуал мен гигиеналық жағдайлар

Тепература және ауа тазалығы, сынып пен тақтаны жарықтандыру,дыбыс тітіркендігіштері

Оқу қызметі түрлерінің саны.Қызмет түрлерін кезектестірудің орташа ұзақтығы мен жиілігі

Оқу қызметінің түрлері:сауалдама,хат,оқылым,тыңдалым, әңгіме,сұрақтарға жауап.мысалдар шығару, қарастыру. Көшіру және т.б.

Сабақ беру түрлерінің саны. Сабақ берудің түрлерін кезектестіру

Сабақ берудің түрлері:ауызша,көрнекі, өзіндік жұмыс,дыбыс –бейнелік,тәжірибелік жұмыс

Жандыруға ықпал ететін әдістердің болуы және орны

Еркін таңдау әдістері: еркін әңгімелесу,іс-қимыл тәсілін таңдау,шығармашылық бостандығы

Жандыру әдістері: оқушы мұғалім,зерттеуші;іскерлік ойын,пікірталас.өзіндік танымға және ақыл-ойды, көңіл- күйді,қарым- қатынасты, өзін- өзі бағалауды, өзара баға беруді дамытуға бағытталған әдістер



Техникалық оқыту құралдарының (бұдан әрі ТОҚ) орны мен қолдану ұзақтылығы

Мұғалімнің техникалық оқыту құралдарын пікірталастар,сұхбаттар,талқылауға арналған құрал ретінде қолдана білуі

Оқушылардың отырыс- тұрысы, оларды кезектестіру

Оқушыны дұрыс отырғызу, өалып формасын ауыстыуды қажет ететін қызмет түрлерін ауыстыру

Сабақта сауықтыру сәттерінің болуы,орны,мазмұны мен ұзақтығы

Денешынықтыру минуттары,серпілу сәттері,көзге арналған гимнастика,белсенді нүктелер массажы

Оқушыларды сабақта іс- әрекетке ынталандырудың болуы

Сыртқы уәждеме:бағалау,мақтау,қолдау,жарысу сәті.Ішкі уәждемеге ынталандыру: көп білуге ұмтылу,белсенділік қуанышы,оқып- үйренетін материалға деген қызығушылық

Сабақтағы психологиялық ахуал

Сабақтағы өзара қарым- қатынас: мұғалім- оқушы(жайлылық- қызулық, ынтымақтастық- өктемшілік,жас ерекшеліктерін есепке алу):оқушы –оқушы (ынтымақтастық- бәсекелестік,ықыластық- өшпенділік,белсенділік -сылбырлық,қызығушылық -немқұрайлық)


Сабақты дұрыс ұйымдастырудың ережелері

1-ереже.Сабақты дұрыс ұйымдастыру

Сабақты ұйымдастыру міндетті 3кезеңнен тұруы тиіс:

-мұғалім ақпаратты хабарлайды (бір мезгілде сұрақтарға себеаші болу)

-оқушылар даярлап,сұрақтарын кояды.

-Мұғалім мен оқушылар сұрақтарға жауап береді.Мұндай жағдайда сабақтың нәтижесі қалжырауды басатын өзара қызығушылық болмақ.

2-Түйсік арналарын пайдалану

3-Оқушылардың жұмыс қабілеттілігі аймағын есепке алу.

4-Ақыл –ой қызметінің қарқындылығын бөлу.

3-кесте Сабақты ұйымдастыру кезінде денсаулықты сақтау тұрғысындағы негізгі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады, олардың әрқайсысында өз ұзақтығы , жүктеме көлемі мен қызмет түрлері болады.




Сабақ бөліктері

Уақыт

Ақыл- ой қызметінің тиімділігі

Жүктелім

Қызмет

1 – кезең

«Қалыптастыру»



1-5 минут

(5минут)


-

Салыстырмалы алғанда көп емес

Өнімдіге көшетін репродуктивті.Қайталау

2 –кезең

Барынша жоғары жұмыс қабілеттілігі



5-25минут

(20минут)




80 %

15 минутта барынша төмендету

Өнімділік,шығармашылық. Жаңа материалмен танысу

3 –кезең

Соңғы екпін



25-35минут

(10инут)


60-40%

Жұмыс қабілеттілігін аздап арттыру

Репродуктивті.Өткен сабақтың маңызды тұстарын қайта пысықтау

4 –кезең

Рефлексия



35-40

(45)минут

(5-10минут)


10%

Ең төменгі

Қорытынды шығару,өз қызметін талдау.



Ынтымақтастық педагогикасы баланың ішкі күштері мен мүмкіндіктерін оятуға,олардың жеке бастың неғұрлым толық дамуына пайдалануға көмек етеді.Бұл технология түрінің маңызды сипаты- оқытудағы тәрбие асымдығы оқушының денсаулық мәдениетін сабақтастықта тәрбиелеуге жағдай жасайды.Мұнымен қоса, білім оқытудың соңғы мақсаты емес, тек даму құралы ғана деген ұғымды қалыптастырады.

Оқытудың деңгейлік жіктемелік технологиясын міндетті нәтижелер негізінде деңгейлік жіктемелік технологияны дамыту нұсқаларының бірі ретінде В.В.Фирс әзірлеген. Мақсатты бағдар –әрбір оқушыны оның жеке мүмкіндіктері мен қабілеттері деңгейінде оқыту.Күшті шәкірттер тезірек алға жылжып және тереңдете түсуге деген өз ынтасын белсенділікпен іске асырады,осалдаулары –өздерінің күштілерден қалып қалғанын аз ғана сезінеді.

Оқу тобын психологиялық сүйемелдеу технологиясын М.Ю.Громов пен Н.К.Смирнов мектеп жұмысына денсаулық психологиясы мен педагогикалық психотерапия қағидаларын енгізудің үлгісі ретінде әзірленген.Бұл үлгінің негізі-психологтардың мектептің білім еру үрдісіне белсенді қатысуы.Осы технологияны меңгерген педагогтерге жұмыс істеу жеңіл және қызықты:оқу тәртібі проблемасы жойылады және мұғалімердің азат болуы байқалады, кәсіби шығармашылыққа кеңістік ашылады.

Денсаулықты сақтаушы технологияны пайдаланған жұмыс мұғалім үшін сабаққа дайындалу және орындалған тапсырмаларды тексеру кезеңдерінде артық салмақ түсіру қалпі болары сөзсіз. Мұғалім оқушының мүмкіндігін ескере отырып,әр тақырып бойынша тапсырманың бірнеше нұсқасын әзірлейді.Сабақтағы жұмыс әр түрлі болуы қажет,ны өткізгенде түрліше әдістер мен формалар қолдануы тиіс.Сондай-ақ мұғаліммен жұмыстың әрбір кезеңіне тексеру мен талдау жасау дұрыс, бұл белгілі бір уақыт шығындауды қажет етеді,әсіресе оқушыларға тапсырманы орындау тәсілін өздігінен таңдау берілгенде.

Біздің ойымызша, оқушылардың тапсырманы орындау тәсілдеріне кейбір шектеулер қою туралы шешім, олардың еркіндігіне қатысты тұрғыдан алғанда оңтайлы болмақ.

Біз ұсынған технологияны пайдалануда бала мен мұғалім өздерін қолайлы сезінерлік ахуал орнайды,аз шаршайды,анағұрлым өнімді жұмыс жасайды.Оқушылар сыныпқа қарым –қатынасқа, білімге құштарлық, көңілмен енеді. Бұл аз шығынмен анағұрлым жоғары нәтижеге,жалпы сабақ пен оқытудың тиімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.


III. Қорытынды.

Мен өз жобамда денсаулық сақтаушы білім беру технологияларының мынадай қағидаларын болашақта басшылыққа аламын, және осы қағйдалардың маңызы жөнінде айтылуы қажет деп білемін

Денсаулық сақтаушы үрдісті үздіксіздігі жүйелілігі мен сабақтастығы; тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы; жүктелім мен демалудың жүйелі түрде кезектесуі; денсаулық сақтаушы үрдістің барабар қайтарымдылығы; кешенді толассыз тәсіл.

Оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезінде денсаулық сақтаушы, табиғи ғылым қағидаларына сүйену білімді игеру сапасын арттыруға көмектеседі, өйткені ағзаның қызметінің жақсы жүруі мектеп оқушысының жұмыс қабілетін жоғарылатып, қолайлы жағдай тудырады. Баланың психологиялық-физиологиялық табиғатына барынша бейімделген оқыту ісінің табысты болатындығын және бейімдеу «бағасының» да тиімді болатынын тәжірибе көрсетуде.

Сонымен, оқушының денсаулығын сақтау мен нығайту тұрғысынан келгенде өмірлік іс –әрекетті ұйымдастыру денсаулық мәдениетін балалар бойында жалпы мәдениеттің шынайы құрамдас бөлігі ретінде қалыптастыруға ықпал етеді, яғни баланың тұлғалық дамуындағы маңызы зор.



Ұсыныстар.

  • Денсаулық сақтаушы білім беру технологияларын басшылыққа алу арқылы оқыту мен тәрбиелеу жүйесіне көшу.

  • Мектеп оқушыларының жыл сайынғы скринингтерін өткізу

  • Оқушылар арасында әртүрлі бейіндегі білім беру мекемелерінде оқу кезінде көру мүшелері, ас қорыту және несеп-жыныстық жүйесі патологиясы, нервтік-психикалық бұзылулар, сондай-ақ қауіпті мінез-құлық факторлары бойынша алдын алу жұмыстарын жан- жақты жүргізу

  • мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың қатысуымен кешенді бағдарлама әзірлеу.

  • Спорт залдары салу және мектептерді оқу жиһаздарымен ауыстыру.


Әдебиеттер тізімі:

1.М.Ақмырзаев «Валеологиядан машықтану жұмыстары» Алматы, «Фолиант» 2008жыл

2М.Ақмырзаев «Ваоеология» Алматы, «Фолиант» 2003 ж

3Ақмырзаев М.М Сағымбаев Ә.Ү. «Валеология» Астана «Фолиант» баспасы 2007 ж

4Ақмырзаев М.М Сағымбаев Ә.Ү. «Валеология»(машықтандыру жұмыстары жинағы) Астана 2008 ж

5Ахаева А.В. Управление здоровье сберегающим образовательным процессом Өскемен 2004 ж

6 Әбиев Ж.Бабаев С. Құдиярова А. «Педагогика» Алматы «Дарын» баспасы 2004 ж

7 Жатқанбаев Ж.Ж. «Валеология» Алматы 2003 ж

8 Мұсаева С.А. Бегалиев Т. «Жас ерекшелік педагогикасы» Астана, «Фолиант» баспасы 2006 ж

9 Мұстафина А.Қ. «Валеология негіздері» Алматы 2003 ж

10 Ахметов Ж.Б. «Патологиялық анатомия» Алматы 1993 ж

11 Матюшонок М.Т «Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы» Алматы Мектеп 1986

12 Тұрыскелдина М.Т. «Дене шынықтыру оқыту әдістемесі» Алматы Атамұра 1999

13 Тель А.Т. Даленов Е.Д. Валеология 1-2 кітап 4-6 сынып 7-9 сынып Астана

2002 ж

14 Алдашев А.Әлімханов Ж. «Қазақтың халық медицинасының құпиясы» Алматы Қазақстан 1992



15 Нүсіпбеков М.Жүнісова Қ. «Педагогикалық сыр сандық» Алматы кітап

Мектеп жағдайындағы АҚТБ /ЖҚТБ алдын алу үшін оқытушылара арналғын Басшылық Л.А.Дорожкинаның редакциялауымен Алматы 2004 2006 2007

16 Педагогикалық зерттеу әдістемесі Р.Аубакирова М.Нұрбекова «Фолиант» Астана 2008

17 Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №1 49 2011

18 Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №11 47 2010

Белсенді таным мұғаліммен бірлесе отырып, олардың ынта –ықыласын белсендіруші, сабақта жайлы,жағымды психологиялық жағдай орнату педагогикалық үрдісті демократияландыруға жол ашады.Мұғалім дайын білімді бермейді,бірақ білімгерлерді белсенділігін арттырып өздігінен ізденуге бағыттайды.Оны үш жақты белсендіруге арқаратын қызметтері бар;

1-Қимыл қозғалыс яғни сергіту сәттері орындалады.

2-Осы тапсырмамен тығыз байланысты білімгерлердің қарым қатынасында (коммуникативтік,микроәлеметтік,белсенділік) болып жатқан іс -әрекетке дұрыс баға беруге тәрбиелейді.

3-Өз тарапынан ұсыныс айтып өзіндік көзқарасын білдіреді.

Интерактивтік әдістер дәстүрді алмастыра алмайды,бірақ дәрістерді терең үғынуға ықпал етеді.

Интерактивті оқытуды пайдаланып өткізілетін сабақ «тренинг» деп аталады.

« to train» (ағылшын тілінен) оқыту,жаттықтыру деген мағынаны білдіреді.Оқыту интерактивті түрде өткізілсе,оқушы ақпаратты жылдам меңгереді,атап айтқанда, ақпаратты алумен қатар оқушының түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақтар қоюға сол сияқты алынған білімін бекітуге,тәртіп дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндігі бар.

Тренинг сәтті өту үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануы керек. Олар:

-сабақ барысында түрлі көрнекіліктер мен суреттерді қолдану

-Үлкен және кіші топтарда жұмыс жасау

-Рольдік ойындар

-Ми шабуылы

-Ой толғаныс

-Жағдайатты мәсеелер

-Визиттер-мамандардың қатысуы

-Тренингтік суреттер

-Квиз (бақылау)

-Жасөспірім-жасөспірімге (тең -теңге)

-Дөңгелек үстел

-Дебат

-Пікірталас



-Рефлексия

-Құндылықты бағалау

-Алмас тоғыздық

-Жобаны жоспарды жасау

-Анкета

-Мәселені зерттеу



-Фильм

-Диктанттар

-Әр кезеңді бақылау
Модульдік оқыту технологиясы. Тұлғаны дамытатын кез келген қызмет емес, тек орындау барысында жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысу ұнап, ол ақыл-ой жұмысынан қанағаттануы тиіс. Бұл мүмкін, мұғалім жұмысының неғұрлым проблемалы міндеті шығар. Әрбір оқушының оқуға ниеттенуі, танымдық процеске жағымды көзқараста болуы үшін және оларда жағымды эмоциялар туғызу үшін не істеу керек? Бұл сауалға біржақты жауап бола қоймас, өйткені бұл психологиялық сипаттағы көптеген факторлармен байланысты.


  • Таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір ықпал етеді.

Бірлесе істеген қызмет (шағын топтарда)

А) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді шешу мүмкін емес деген сенімін жоюға;

Б) қорғану механизмдерінің шығармашылық процеске әсерін төмендетуге ықпал етеді.

В)қабілеттерді (соның ішінде танымдық) дамытуға қол жеткізу неғұрлым демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады.

Қазіргі уақытта ағылшын тілін қарым-қатынас құралы ретінде, топтық жүйеде оқыту идеясы орын алып отыр.

Мысалы; мұғалім- топ; мұғалім- оқушы;оқушы-топ;оқушы-оқушы.Осы топтық жүйе оқушылардың әрқайсысының қызығушылығынарттыруға көмегін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет