Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 235



Pdf көрінісі
Дата28.03.2020
өлшемі1,07 Mb.
#60969
Байланысты:
1440-1-2779-1-10-20151019


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 

 

235

АҚШ-та  Американ  аудармашылар  қауым- 

дастығы,  Германияда  ауызша  жəне  жазбаша 

аудармашылардың федералдық одағы жəне көр- 

кем  жəне  ғылыми  əдебиеттер  аудармашылары- 

ның  федералдық  одағы  бар.  Ресей  аудар- 

машылар  одағы 1991 жылы  құрылып, 1993  

 

 

 



 

 

 



жылы  Халықаралық  аудармашылар  федера- 

циясы құрамына кірген. 

___________________________________ 

1.  Алексеева И.С. Профессиональный тренинг пере- 

водоведения: Учебное пособие по устному и письменному 

переводу. СПб., Изд. «Союз», 2003 – 288 с. 

2.  Миньяр-Белоручев  Р.К.  Как  стать  переводчиком. 

М., 1994. 



 

 

 

 

Ə. Тарақов 

 

АУЫЗША АУДАРМА ҮДЕРІСІ 



 

 

Екі  тілді  білгеннің  бəрі  аудармашы  болып 



шықпайды.  Кəсіби  аудармашы  болу  үшін 

арнайы теориялық білім алады. Сонан соң біраз 

уақыт  тəжірибелік  тұрғыдан  шыңдалады. 

Аудармашылық  мектептер,  оқу  орындарының 

жұмысы  аудармашыны  кəсіби  маман  ретінде 

дайындауға  негізделген.  Қазіргі  заман  талабы 

аудармашылықтың  тəжірибе  жинаумен  емес, 

теориялық  мол  əзірлікпен  қалыптасатындығын 

дəлелдеп  отыр.  Бұрындары  ауызша  аударғанда 

арнайы 


теория 

қалыптаспағандықтан, 

əр 

аудармашы  өз  қабілетіне,  тілді  меңгеру  мүм- 



кіндігіне  сүйенді.  Көптеген  күрделі  аудар- 

машылық  шешімдердің  өзі теориялық тұрғыдан 

терең  талдап  түсіндіру  қиындығын  туғыз- 

ғанымен,  көп  жағдайда  аудармашының  кəсіби 

танымы  мен  шығармашылық  машығына  не- 

гізделді.  

Аударма  теориясы  ең  алдымен  аудар- 

машының  кəсіби  негіздегі  жинақталған  білімін, 

қос  тілділік  жағдайындағы  ізденісін,  жаңа  ой-

тұжырымдармен,  тəжірибелермен  толықтыруға, 

аудармашылық  машықты  жетілдіріп,  ізденісін, 

шеберлігін  ұштауға  көмектеседі.  Аударма- 

шылық  əдеп  нормаларын  сақтауға  дағдылан- 

дырады.  Аударма  теориясы  аударма  жасаудың 

түрлі  тəсілдерін  үйретеді,  жаңа  ізденістің 

үлгілерін  көрсетеді,  тəжірибе  жетілдіреді,  ау- 

дарма  ісіне  қолданылып  жүрген  жаңа  тер- 

миндермен таныстырады. 

Ауызша аударма – шығармашылық  іс емес, 

техникалық  сипаттағы  үдеріс.  Аударма  үдерісі 

мықты теориялық білім нəтижелерінсіз əрі үнемі 

ізденіп,  жаттығусыз  мүмкін  емес.  Аударма 

теориясын  жақсы  меңгеру  арқылы  болашақ 

аудармашы  тəжірибе  жинақтайды.  Ауызша 

аударма – аса  жауапты  жұмыс.  Ауызша 

аударманың жасалу технологиясы, əдістемелері,  

 

 

аударма үдерістері, аудармашы əдебі, мəдениеті 



–  кəсіби  маманданудың  басты  негіздері.  Қазіргі 

өмір тəжірибесі көрсеткендей, кəсіби теориялық 

білімсіз  аударма  жүзеге  асырылмайды.  Екі 

немесе  бірнеше  тілді  жақсы  меңгеру  аудар- 

машыға  жеткіліксіз.  Оның  кəсіби  ой-өрісін 

дамыту үшін аударма теориясы əбден қажет. Ең 

алдымен  жалпы  тіл  білімін,  теориялық  грам- 

матиканы,  лингвистиканы,  аударма  тілінің 

стилистикасын, 

салыстырмалы 

стилистика, 

лингвомəдениеттану,  лингвоелтану,  нейрофи- 

зилогия  пəндерін  жете  білу  қажет.  Ауызша 

аудармашы  шешен  де  шебер  сөйлеуге  дағды- 

ланумен  бірге,  тіл  мəдениетін  жетік  меңгеруі 

тиіс.  Ойды  дұрыс,  жинақы  жеткізу, сөзді  жедел 

есте сақтап, жылдам қайталап айту белсенділігін 

меңгеруге  логика  жəне  аударма  психология- 

сының ықпалы да бар.  

   Ауызша аудармашы  жұмыс барысында əр 

саланың  мамандарымен  жиі  араласады.  Ау- 

дармашыға  əр  кəсіп  иесімен,  мамандармен 

əңгімелесу,  яғни,  аудару  қажеттілігіне  сай  сол 

саладан  жеткілікті  хабардар  болу  маңызды.  Əр 

мамандықтың қыр-сырын білу қашан да қажет.  

Аудармашы – адамзат білімі мен қызметінің 

əр  саласынан  мəліметтер,  деректерді  бірегей 

жинаушы.  Ауызша  аударма  үдерісі  көп  жағ- 

дайда  бағдарлы  білімге  негізделеді.  Бұл  де- 

геніміз  аудармашының  сан  салалы  білімнен, 

ғылымнан  жеткілікті  хабардар  болуы.  Ол  ой-

танымын үнемі дамытумен бірге, үнемі ізденісте 

жүреді.  Ауызша  аудармашыға  жаңа  білім 

саласын  жедел  меңгеру  қажеттілігі  де  туады. 

Мəселен  ертеңгі болатын жиын атом энергиясы 

саласы болса, келесі бір (конференция) мəслихат 

қазіргі  медицина  мəселесіне  арналса,  үшінші 

кездесу  халықаралық  сауда  ұйымы  туралы 

болуы  мүмкін.  Осы  жағдайда  əр  саладан  жаңа 


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010

 

 



236

ақпараттық материал жинау, деректер алу негізгі 

тілдік  терминдермен  танысу  белсенді  түрде 

жүргізіледі:  а)  ресми  кітап  сөзі  (жазба  мəтін- 

дер),  ə)  ресми  ауызша  сөз  (ресми  қатынас),  

б)  кəсіби  жаргон  (ресми  емес  қатынас).  Есте 

сақтау  қабілетін  үнемі  машықтандырған  ау- 

дармашы  əзірлік  барысында  осынау  бай  ма- 

териалдарды  бірден  меңгеріп  кетеді.  Бұл  үшін 

қажетті  дерек  көздерін,  анықтамалықтар,  сөз- 

діктерді,  интернет  жүйесін,  мамандардың  ақыл-

кеңестерін  тиімді  пайдаланған  дұрыс.  Ауызша 

аударуға  жаттығу – кəсіби  біліктілікті  арттыру 

кепілі.  

Шет  тілін  білетін  кез-келген  адам  аударма 

жасай алмайды. Бірақ нағыз кəсіби маман болып 

қалыптасып, мамандық биігіне жету үшін соған 

бейімделу  үнемі  ізденісті  қажет  етеді.  Ауызекі 

сөйлеуге  негізделген  жағдайда  тілді  терең 

меңгерумен  бірге,  шешендігі  мен  жедел  есте 

сақтау  қабілеті  мықты  адам  ғана  ауызша  ау- 

дармашы бола алады. Сондықтан да аудармашы 

болу үшін шет тілі мен ана тілін жетік білу, сөз 

сөйлеу  ұшқырлығы,  жедел  есте  сақтау  қабілеті 

керек.  Аударма  мамандығына  оқуға  қабылдау 

кезінде  де  осы  ерекшелік  ескеріледі.  Оның 

үстіне  дауыс  анық,  ашық  үн-ырғақ,  интонация 

нақты,  айқын  болғаны  дұрыс.  Тіл  мүкістігі 

немесе жекелеген əріпті  дұрыс жеткізбеу  мүлде 

ұшыраспайды. Сонымен бірге жалпы ой-өрістің, 

дүниетанымның кеңдігі де керек.  

Шет елдегі əр оқу орындарындағы қабылдау 

сынақтары  əрқилы.  Сорбонодағы  аударма  мек- 

тебіне  түсушілер  қазіргі  өмірге  қатысты  кез-

келген  тақырыпта  негізінен  жұмыстық  шет 

тілінде  монолог  жеткізсе,  біраз  уақыттан  соң 

аталған  мəтін  үзіндісін  өз  тілінде  қайта  айтып 

шығады.  Одан  кейін  ағылшын  тілінде  мəтін 

үзіндісін  тыңдап  алып,

 

мəтіннің  толық  маз- 



мұнын ана тілінде аударып жеткізеді. Осы жəне 

басқа да бірнеше сынақтар жасалады. Бұдан əрі 

оқу  кезінде  күн  сайын  тест  жүргізіледі.  Ондағы 

нəтижелер  мына  көрсеткіштер  бойынша  анық- 

талады.  Мұның  өзі  ауызша  аудармаға  маман- 

дану негізі болып табылады.  

1.  Аудармадағы  сөз  сөйлеу  жылдамдығы, 

мөлшері; 

2.  Аударма тұтастылығы (ақпарат санының 

қаншалықты кеміп қалғаны); 

3.  Айтылған  сөздердің  бұрмаланып  кет- 

пеуінен  сақтану.  Мұнда  мəтіннің  толығымен 

жеткізілуіне зер салынады; 

4.  Сөйлеу  реттілігі  (түсініктілігі),  сөйлемді 

анық,  ұғымды  тиянақтап  аяқтау,  сөз  қайта- 

лауларға жиі жол бермеу; 

5.  Сөйлеу  дұрыстығы  (əдеби  тіл  нормасын 

сақтау, ауызекі қарапайым сөздердің қатыспауы, 

дикцияның  дұрыстығы,  дауыс  əуезділігі,  ай- 

қындылығы); 

6. 

Аудармашылық  мінез-құлық  (емеурін 



ишара,  ұстамдылық,  дауыс  көтеріңкілігі  (қат- 

тылығы),  сөз  сөйлеу  сенімділігі,  еркіндік,  са- 

бырлылық.  

   Бұл  көрсеткіштер  барлық  аударма  мек- 

тептеріне  ортақ.  Мысалы  Гейдельберг  инсти- 

тутын  бітіруші  аудармашы  бұдан  бұрын 

оқытылған  тақырып  бойынша 10-15 минут 

синхронды  аударма  жасаса,  содан  соң  белгілі 

тақырып  бойынша  жазбаша  аударма  жасау 

арқылы  (жазбаша  нотация)  ілеспе  аударма 

орындайды.  Монтеррей  институтында  синхрон- 

ды аударма жасауға 12-20 минут беріледі.  

Оқудың  аты – оқу.  Арнайы  аудармашылық 

оқу  орындарын  бітіргендердің  бəрі  де  ау- 

дармашы  болып  кете  алмайды.  Жақсы  маман 

болып  қалыптасу  үшін  өзіндік  қосымша  даяр- 

лық,  машықтану  дағдысы,  кəсіпті  тəжірибелік 

негізде  үздіксіз  жетілдіру,  іс  жүзінде  үнемі 

іздену,  жаттығу  көмекке  келеді.  Ауызша 

аударма – адамның  өз  бетінше  оқып  үйреніп, 

үзбей жаттығуын əркез талап ететін мамандық.  

 

Ілеспе аударманың қолданылуы 

 

Ілеспе  аударма – бір  тілде  сөйленген  сөзді 



тыңдау арқылы екінші бір тілге ауызша аудару. 

Барлық  мəліметтер  жеткізіліп  болғаннан  кейін 

əңгімелесушінің  айтқандары, шешеннің сөздері, 

радио  хабарлары  толық  түрде  жедел  ау- 

дарылады.  Мəтінді  тыңдағаннан  кейінгі  ауыз- 

ша  жасалатын  аударма.  Ілеспе  аударма  жаз- 

баша  аударманы  ауызша  аудару,  азат  жолдық-

сөйлемдік  аударма,  сондай-ақ  бір  жақты  ау- 

дарма  жəне  екі  жақты  аудармадан  ерекше- 

ленеді. Ілеспе ауларманы көп жағдайда аударма 

қызметінің  кəсіби  түрі  ретінде  тындау  арқылы 

жазбаша  жүргізілетін  ауызша  аударма  деп 

атайды.  Ауызша  аударма  қызметі  аударылатын 

тілдегі сөз аяқталғаннан кейін айтылған мəтінді 

аударумен  сипатталады.  Ауызша  аударма 

тындау  нəтижесінде  жасалады.  Бір  ерекшелігі 

аударма  айтылған  сөздерді  үзіп,  бөліп  жеткізу 

түрінде жүргізіледі. Сөз сөйлеушінің айтар ойын 

толық  жеткізуіне  байланысты,  оны  толық 

тындап,  жедел  есте  сақтау  арқылы  аудармашы 

уақыт айырмашылығының ұлғаюына тап келеді. 

Осынау  уақыт  ішінде  аудармашы  айтылған 

сөздерді,  барлық  ақпарат  көлемін  мұқият  есте 

сақтай  отырып,  жедел  есте  сақтау  қабілетінің 

көмегімен  ойдағы  мəтінді  түгелдей  аударып 

шығады.  Бұл  міндетті  шешуде  арнайы  жазба 



Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 

 

237

жүйесі пайдаланылады, бұл аудармашының есте 

сақтау қабілетіндегі жүктемені жеңілдетеді. Бұл 

белгілі  бір  мəтін  бірліктерін  кідіріспен  тындау 

арқылы орындалатын аударма. 

Жазбаша  жүргізілетін  ілеспе  аударма – бір 

тілден  басқа  тілге  тындау  арқылы  аударма- 

шының  аударылатын  мəтінді  жазба  жүйесімен 

ілеспе  аударма  негізінде  қабылдау  кезінде 

пайдаланылатын ауызша аударма түрі. 

Аударма  қызметінде  сөйлеу  үдерістерінің 

негізгі  белгілері  аударманы  жүзеге  асыру 

құралдары  ретінде  қатысады.  Ол  сөзді  жеткізу 

түрлері: сөйлеу, тындау, жазу, оқу.  

Аударма – əлеуметтік қажеттіліктегі қызмет 

əрі қоғамдық пайдалы еңбек. Аудармашы рөлі – 

тілдік  кедергілерді  жеңу  арқылы  тілдік  қаты- 

настарды байланыстыру, сапалы аударма жасау. 

Аударма  екі  тілдің  құралдарын  меңгеру  негі- 

зінде  ауқымды  сөз  сөйлеу  мүмкіндігін  жұптап 

пайдалануға  сүйенеді.  Яғни  тындау  жəне  қайта 

айту,  тындау  жəне  жазу  үдерістерін  қамтиды. 

Аударма екі тілдік құралдарды пайдалануға сай 

бір  тілдік  жүйеге  қарама-қарсы  қойылады.  Екі 

ауқымды сөйлеу тəсілдерін пайдалану бойынша 

аударма  диалогпен,  қайта  əңгімелеумен,  маз- 

мұндаумен  түйіндеу  жасаумен,  ойда  сұрыптап, 

реттеумен  т.б.  бірігеді.  Аударманың  маман- 

дану  ерекшелігі  айтылған  сөзді  толық  əрі  дəл 

қабылдауға  бағытталады.  Оның  тұтастылығы 

мен  дəлдігі – аударма  қызметінің  мақсатты 

талабы. 

Ілеспе  аударма – тындау  арқылы  мəтінді 

басқа  тілдің  құралдарымен  ауызша  қайта  баян- 

дап  шығу.  Айтылған  мəтінді  тындау  нəти- 

жесінде қабылдау, есте  сақтау қабілеті белсенді 

жұмыс  істеуі  тиіс.  Баяндалған  мəтіннің  ара- 

сындағы  уақыт  неғұрлым  ұзарған  сайын  есте 

сақтау  қабілетіне  үлкен  күш  түседі.  Аудар- 

машының  есте  сақтау  қабілетінің  мықтылығы, 

оның  жоғары  деңгейі  мен  машықтануы  айтар- 

лықтай  дəрежеде  ілеспе  аударманың  сапасын 

анықтайды.  Егер  де  түпнұсқа  мəтіні  ұзақ  болса 

əбден бейімделген зейіннің өзі де оны толық əрі 

қайтадан  дəл  жеткізіп  беруге  кепіл  бере 

алмайды.  Мəтіннің  көлемін  негізінде  сөйлеуші 

шешен  белгілейді,  аудармашы  міндеті  сөйлеу- 

шінің  шешендігімен,  сөйлеу  стилімен  аудар- 

маны  үйлестіре  білу.  Эдмон  Кари  өз  кітабында 

француз  дипломаты  Андре  Франсуа-Пансе- 

нің  Ұлттар  лигасында 2,5 сағатқа  созылған 

сөзіне  үздіксіз  ілеспе  аударма  жасағанын 

жазады.  Ұлттар  лигасының  мəжілісінде  екі 

жұмыс тілі ағылшын жəне француз тілдері пай- 

даланылған.  

Ілеспе  аударманың  негізін  қалап,  дамуы 

Женева университеті жанындағы аудармашылар 

мектебінен басталады. 1941 жылы құрылған бұл 

мектепте  ілеспе  аударманың  жандануы  Антуан 

Веллеман,  Жан  Эрбер,  Рабер  Канфино,  ағайын- 

ды  Каминкерлер,  Жорж  Матье  есімдерімен 

тығыз байланысты. А. Веллеман – ілеспе аудар- 

ма метебінің негізін салушы. Бұл университетте 

негізі пəн ілеспе аударма, дəлірек айтсақ, ілеспе 

аудармадағы  жазба  жүргізу  болды.  Ілеспе 

аударманы  техникалық  тұрғыдан  жазу  Батыс 

Еуропа  елдерінде  алдыңғы  орынға  қойылды. 

Халықаралық  конференциялар  ұйымдастыру- 

шылар  шешеннің  ілеспе  аударма  арқылы 

«үздіксіз» сөйлеуіне мүлде қарсы шықты. Олар- 

дың ұйғаруынша ол сөзді түгел сөйлеп шығады, 

сонан кейін ғана аударма жасалады. 

Синхронды  аударма  ІІ  дүниежүзілік  соғыс- 

тан  кейін  ғана  алдыңғы  орынға  шыға  бастады. 

Нюрнберг  сот  процесінде  алғаш  рет  енгізілген 

бұл  аударма  түрі  БҰҰ  бекіткеннен  кейін 

конгрес, конференция, симпозиумдар да жаппай 

қолданылды.  Алайда  синхронды  аударма  екі 

жұмыс  тілі  қабылданған  жерде  уақытты  үнем- 

деуге  қолайлы  болғанымен,  ілеспе  аударманы 

тұтастай  алмастыра  алмады.  Синхронды  аудар- 

ма  үшін  қымбат  техника,  арнайы  микрофон, 

жазба  аппараттары,  тыңдау  құралдары,  арнайы 

жабдықталған  кабинет  керек.  Тағы  бір  жағы 

жақсы  синхронды  аударма  ақпаратты  толық 

жеткізудің кепілдігін бере алмайды.  

Ілеспе  аударма  келіссөздер,  мемлекет  жəне 

саяси  басшылар  кездесуінде,  баспасөз  мəсли- 

хаттарында,  түрлі  комиссиялар  жұмысында, 

ресми  сапарларда,  халықаралық  жиындарда, 

форумдарда, əсіресе екі жұмыс тілі қолданылған 

жағдайда  жүргізіледі.  Өзіндік  ілеспе  аударма 

радио  мəліметтерін  немесе  шет  тіліндегі  радио 

хабарларды  жазбасымен  жеткізу  болып  табы- 

лады. Мұндай жазба үлгісін аудиотаспаға жазып 

алу  арқылы  бірнеше  рет  тыңдап  барып,  қажет 

жағдайда  қайта  жазып  шығып,  сонан  соң 

аударма  жасалады.  Бұл  аударма  түрін  жазба 

аударманың  нұсқасы  деп  қарастыруға  болады. 

Бұл – бір.  Радио  хабарларын  аудару  бірден 

магнитті таспаға немесе аудиотаспаға түсіріледі. 

Мұндай  жағдайда  аудармашы  бір  рет  қана 

тыңдау  мүмкіндігіне  ие  болады.  Мұндай 

хабарларды  аудару  үшін  аудармашыға  жылдам 

жазу қажеттілігі зор.  

Ауызша  аудармада,  баламалы  аудару  өте 

қиын.  Ауызша  аудармаға  қойылатын  басты 

талап – бастапқы  мəліметтің  негізгі  мазмұнын 

дəл  жеткізу.  Сонымен  бірге  сөйленген  сөздің 

ақпараттық  құндылығын  құрайтын  негізгі 

элементтерін  қамту.  Кейде  күрделі  жағдайда 



ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010

 

 



238

аударманы  жүйелендіруге  де  болады.  Мұндағы 

ең  бастысы – ақпаратты  жедел,  дəл,  шынайы 

жеткізу.  Ілеспе  аударма  құрылымы  мынадан 

тұрады: 

1)  ақпарат  көзі  (немесе  жіберуші  тұлға, 

сөйлеуші адам) 

2)  ақпарат (сөйленген сөз) 

3)  ақпаратты  өз  тілінен  екінші  тілге  жет- 

кізуші (бұл аудармашының аудару үдерісі) 

4)  ақпарат арнасы (сөйленген сөздің жалпы 

мазмұны) 

5)  ақпаратты  басқа  тілден  қайта  жасап 

шығарушы (аудармашының іс-əрекеті) 

6)  алынған ақпарат (аударылған мəтін) 

Ілеспе  аударма  синхронды  аударма  тəрізді 

ауызша  аудару  түрі  ретінде  мəтінді  тыңдау 

нəтижесінде  жасалады.  Синхронды  аударма 

ерекшелігі  белгілі  уақыт  аралығында  шешен 

сөзін  соңғы  мəліметтерді  зердеде  сақтап,  оймен 

тиянақтап  жеткізу  уақыттың  айтарлықтай 

кезеңімен  бір-бірінен  бөлінеді.  Ілеспе  аударма 

уақытқа  сəйкес  екі  кезеңге  бөлінеді: 1) сөз 

сөйлеп  жатқан  кезде  аудармашы  ақпаратты 

қабылдап  алып,  оның  жазбасын  жүргізуге 

əзірленеді.  Мұндағы  жоғарыда  аталғанның 

барлығы  қатысады. 2) бұл  кезеңде  аудармашы 

жазбаны  пайдаланып,  сөзді  тиісті  адамға 

жеткізеді.  Көбінесе  сөзді  толық  тыңдау 

нəтижесінде  ауызша  қайта  мазмұндау  жаса- 

лады.  

Ə.  Тəжібаев  естелігінде  москвалық  атақ- 



ты  режиссер  Г.  Рошаль  белгілі  əдебиетші  

 

 



 

 

 



 

В.  Шкловский,  жазушы  Л.Л.  Вайтоловская  

үйінде қонақта болғанда В.П. Строева (Рошаль- 

дың  əйелі)  Иса  Байзақовтың  суырып  сал- 

малылығын  сынап,  А.С.  Пушкиннің  «Египет 

түндеріндегі»  əйгілі  Клеопатра  патша  туралы 

оқиғаны  бірден  ауызша  жырлап  беруін  өтінген. 

Ақын  домбырасымен  жиырма  бес  шумақтай 

жырды табанда айтып шыққан. Оны қонақтарға 

М. Əуезов ауызша, сол мезетте аударып берген. 

Ə.Тəжібаев  естелігінде  былай  жазады: «Иса 

өзінің  бұрыннан  естіп,  осыны  жазсам  деп 

ойланып,  толғанып  жүрген  жырындай  төкті. 

Əншейінде  кібіртіктеп,  ыңылдап  бастайтын 

Мұхаң да бұл жолы  ағыл-тегіл орысшалады: ол 

жырдағы  ақын  суреттеген  адам  мүсіндерін 

айнытпай  айтады.  Сөздердің  екпін-лептерін 

аңғартады.  Əлдеқандай  нəзік  елестейтін  бояу, 

дыбыстарды, ишараттарды жеткізуге тырысады. 

Бəріміз бір кісідей тұрып, Исаға да, оның жырын 

осыншалық əсем аударған Мұхтарға да қошемет 

көрсеттік» (243 б).  Міне  бұл  М.  Əуезовтың  əрі 

поэзиялық,  əрі  ауызша  (ілеспе)  аудармаға 

шеберлігінің жарқын үлгісі.  

________________ 

1.  Тарақов  Ə.  Аударма  əлемі.  Оқу  құралы.  Қазақ 

университеті, 2007 – 247 б.  

2.  Миньяр-Белоручев  Р.К.  Как  стать  переводчиком. 

М., 1994 

3.  Миньяр-Белоручев  Р.К.  Пособие  по  устному 

переводу  (записи  в  последовательном  переводе)  для 

институтов  и  факультетов  иностранных  языков.  Москва. 

Высшая школа, 1969 – 202 с. 

4.  Əуезов  М.  Абай  жолы.  Роман-эпопея.  Алматы: 

Жазушы, 1990. – Бірінші

 

кітап. Абай: 608 б. 



 

 

 



 

Р. О. Туксаитова 

 

СТРАТЕГИЯ ПИСАТЕЛЯ-БИЛИНГВА В ФОРМИРОВАНИИ  

ТОЛЕРАНТНОГО МЕЖКУЛЬТУРНОГО ДИАЛОГА 

 

 

Билингвистическая  художественная  проза 

ориентирована  на  разные  типы  читателей, 

имеющих  разный  фонд  культурно-фоновых 

знаний.  Писатель-билингв  вводит  новые  знания 

в  художественный  текст.  В  каждом  своем 

сегменте  сверхтекста  содержатся  новые  знания 

не  только  для  русского,  но  и  казахского 

читателя. Новые знания отражают точку зрения 

автора  и/или  героя.  Авторская  точка  зрения 

задает оценочное осмысление  связанных с осве- 

щением  темы  новых  знаний.  Автор-билингв  

 

 

мотивирует выбор той, а не иной оценки вводимых 



им же новых знаний. Есть основания говорить о 

возможных  вариантах  внедрения  новых  знаний 

и их оценок осмысления в сознании читателей.  

1а.  Новые  знания,  отсутствующие  ранее  в 

культурной  памяти  читателя,  воспринимаются 

им  как  особые  инонациональные  культурные 

факты.  Последнее  способствует  расширению 

культурно-фоновой  эрудиции  читателя,  высту- 

пающей как условие понимания  другой / чужой 

культуры. 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет