Оқу
ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан
қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес
түрін анықтауға мүмкіндік берді:
1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде
. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып
табылады (негізгі міндет – «көп білу»).
2. Оқу есте сақтау ретінде.
Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді
ақпарат.
3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде.
Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда
қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде.
Мұның нәтижесі –
оқушының пәннің құрамдас бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды
анықтай алуы.
5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде.
Нәтижесі –
әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
1-3-тұжырымдамалар оқуды оқушыға қатысты сыртқы фактор ретінде қарастырады.
Бұл сыныпта болып жататын немесе мұғалімдердің оқушыларға қатысты жүзеге асыратын
іс-әрекеті болуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген оқыту үдерісінің бастапқы үш
тұжырымдамасы бір кезеңде білім немесе ақпарат алу үшін «дүкенге баруға» ұқсайтын
сипаттаманы білдіреді. Тізімде көрсетілген 4 және 5-тұжырымдамалардың қол жеткізген
нәтиженің бастапқы үш санатынан сапалық айырмашылығын атап көрсету маңызды. 4
және 5-тұжырымдамалар анағұрлым күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл
ретте оқу деген ұғымның аясы оқушының ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда
кең. Бұл тұжырымдамалар оқудың «ішкі» немесе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған,
яғни оқу оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмектесетін айрықша құбылыс ретінде
қарастырылады. Оқыту туралы осындай заманауи көзқарастар Бағдарлама аясында іске
асырылатын оқытудағы жаңа тәсілдердің негізін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: