Көптеген елдерде мектеп жасына дейінгі балалардың жетістіктерін бағалау
әдістемесі сарапшылар қауымдастығында кеңінен талқыланады. Әлемнің 13
елінде
(Австралия, Канада, Англия, Нидерланды және т.б.) Early Development Index әдістемесі
қолданылады. Бағалау құралы баланың мектепке дайындық
деңгейін бес сала бойынша
анықтайды:
-
баланың денсаулығы және физикалық дамуы;
-
әлеуметтік құзыреттіліктері;
-
эмоционалдық жетілуі;
-
тілді білуі және танымдық дамуы;
-
қарым-қатынас дағдылары.
Дарема университетінің бағалау және мониторинг орталығы әзірлеген (Англия)
iPIPS (The International Performance Indicators in Primary Schools) әдістемесі балалардың
бастауыш мектепте
оқуға дайындығын және
бірінші сыныпты бітіргеннен кейінгі оқу
деңгейін бағалайды. Зерттеу нысаны ретінде балалардың
танымдық және тұлғааралық
дағдылары қарастырылады. Бағалау құралы 5 негізгі құрамдас бөліктен тұрады:
- танымдық даму;
- тұлғалық даму;
- әлеуметтік және эмоционалдық даму;
- физикалық даму;
- мінез-құлық және мәнмәтіндік ақпарат.
ЭЫДҰ құрамындағы 16 елде бағалаудың негізгі құралы ретінде –
Достарыңызбен бөлісу: