Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет64/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2
ГЛОССАРИЙ 
Термин 
Мағынасы 
Белсенді оқу
Шынайы өмірден алынған және ойдан шығарылған жағдайларды 
қолдана отырып, балаларды ойлануға және күрделі мәселелерді 
шешуге жетелейді. Оқу бағдарламасының барлық салаларын барлық 
сатыларда белсенді оқу тәсілдерімен толықтырып, кеңейтуге 
болады. Белсенді оқу білім, дағды және көзқарас деп аталатын 
оқудың негізгі үш саласын қамтиды, оқудың бұл таксономиясын 
«оқу үдерісінің мақсаты» (Блум, 1956) деп санауға болады. 
Алгоритмдік ойлау
Тапсырмаларды орындауға бағытталған ойлау әрекеттері мен 
тәсілдерінің жиынтығы, оның нәтижесінде адам іс-әрекетінің ерекше 
өнімі болып табылатын алгоритмдер құрылады. Ойлаудың мұндай 
тәсілі ресмилігімен, қисындылығымен, анықтығымен, кез келген 
абстарктілі идеяны бірізді нұсқауға айналдыра алатындығымен 
ерекшеленеді, осы нұсқауларды қадамдап орындау идеяны іске 
асыруға жол ашады. 
Ассоциация 
Ойлау үдерісінде психика элементтерінің арасында туындайтын 
байланыс, оның нәтижесінде бір элементтің пайда болуы белгілі бір 
жағдайларда сонымен байланысты басқа элементтің бейнесін 
туындатады. 
Диалогтік оқыту
 
Мұғалімнің оқу материалын балаларға түсіндіріп, балалардың сол 
оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың 
және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін 
ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Балаларды мәселені 
(проблеманы) анықтап, оны шешуге жетелейді және олардың 
оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді, балалардың қарым-қатынас 
дағдылары мен өз бетінше жұмыс істей алу дағдыларын дамытуды 
көздейді.
Саралап оқыту
Әрбір баланың жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар мен 
нұсқауларды, материалдар мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолдану 
үдерісі, балаларды оқуға ынталандыруға, шығармашылық және сын 
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға септігін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет