Сабақ барысында балалардың тілін дамытуда әр сабақта жаңа сөздерді тек, жай жаттау емес,сол сөздердің мағынасын сапалы ұғындырып, сөз ішінде дұрыс дағдыландыруға үйрету



бет1/12
Дата01.06.2017
өлшемі5,61 Mb.
#17461
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда, таным – білім арттыруда мнемотехниканы қолдану

(әдістемелік құрал)



Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

С.Торайғыров.
Тәрбие-баланың дүниеге келген кезеңінен басталады. Мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беріп,ертеңгі еліміздің жан-жақты ұрпағы етіп тәрбиелеу барлық ұстаздың міндеті. Егеменді алған еліміз енді аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда мектепалды балалары өзінің елін, тілін, туған халқын,салт-дәстүрін сыйлайтын ұрпағы етіп, өсіру үшін балаға алдымен өз ана тілінде таза, айқын сөйлеуге үйрету керек.

Мектепалды балаларының тілін дамытуда атқарылатын жұмыстар:



  • Балаларды қазақ тілінде ауызша сөйлеуге үйрету.

  • Грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуге баулу.

  • Сөзді дыбысталу жағынан дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

  • Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру.

  • Сабақ барысында балалардың тілін дамытуда әр сабақта жаңа сөздерді тек, жай жаттау емес,сол сөздердің мағынасын сапалы ұғындырып, сөз ішінде дұрыс дағдыландыруға үйрету.

Жаңа сөздерді көпке дейін есте сақтауға үйретуде төмендегідей жұмыстар жүргізілуі керек, сонда балалардың сабаққа деген қызығушылығы артып,баланыстыра сөйлеуі қалыптасады,құлшынысы жоғарылайды:

  • Жаңа сөздер жайлы мағлұмат беру.

  • Хормен қайталату.

  • Сол сөздерді қолданып, сурет, тірек - сызба арқылы әңгімелету.

  • Затты көру,бақылау.

  • Карточкалармен жұмыс жасау.

  • Тәрбиеші көздеген мақсаттарға жету үшін мынадай талаптарға сүйену керек:

  • Ұстаз сабақ кезінде шешілетін мәселелерді, оқу міндеттерін, мақсатты анық қоя білу.

  • Шығарманы мәнерлеп жатқа айтып, есте қалу үшін сызбалар қолдану.

  • Шығармадағы әрбір дыбысты дұрыс айту керек, сөз тіркестерін анықтап түсіндіру.

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол» - деп, адамның ұлы болу үшін кісіге нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек керектігін ұлы Абай атамыз да өсиет етті. Ең алдымен ұлтжандылық, отансүйгіштік ұғымдары сол заманның ақиқаты наным-сенімнен туындайды. Жалпы «Патриотизм» деген сөз ерекше «патриотес» – отандас, «патрис» - Отан, туған жер деген сөзден шыққан. Отанға деген сүйіспеншілік,бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау.Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған. Ол көздің қарашығындай сақтап келген жерді қорғау, елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу. Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады. Әсіресе көркем әдебиет арқылы балаларды сөз өнеріне баули отырып, Қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеуді мақсат етеді.

  • Ана тіліне деген сүйіспеншілік, туған тілін білу, өз ана тілінде сөйлеу және оқу, ана тіліндегі көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын тудыру.

  • Туған елге деген сүйіспеншілік.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл өзіні-өзі сенімді азамат етіп жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың алға қойған басты міндеті. Балабақша өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып,рухани дүниесін ашуына себеп болады.Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-балабақша болып табылады. Халқымыз әрқашанда ұстаздың мәртебесін көтеріп, аса жоғары бағалап отырған.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз бекер айтпаған. «Шәкірті кімге жақын тұрса, сол адамнан үлгі алады»,- деген Абай атамыз. Бала ертеңіміздің-болашағы. Ендеше, баланы кішкентайынан бастап тәрбиелеу бастаса нұр үстіне болар еді. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіріп, жаңа технологияларды меңгеріп, жалпы бүлдіршіндердің дамуын қамтамасыз ету керек.Ұстаздың міндеті-іздену, жаңа технологияларды қолданып, әрбір сабақты қызықты өткізу. «Ұйымдастыру» әдіс-тәсілдерін түрлендіріп қолдану үшін ұстаздың шеберлігі қажет. Міне, сондықтан да, адал да парасатты, мейірімді, жан-жақты ұстаз болу керек.

Технология-білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер жүйесі. Ол «шеберлік, іскерлік» деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқытудың көздейтін мақсаты-әдеби-ғылыми негізде балаларға дүние туралы түсінік беру технологиясын пайдалану балалардың жалпы дамуын,шығармашылығын дамытады. Дүниетануға деген көзқарасының қалыптасуын, ойлауын, сөйлеуін қамтамасыз етеді.Ұстаз бір бағытты ұстануы керек. Балалардың тіл дамытуға деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу белсенділігін дамыту, өтілетін тақырыпқа байланысты өз бетінше мазмұндауға үйрету.

К.Д.Ушинский: «Балаға таныс емес бес сөзді үйретсең-бекер қиналады, ал,егерде сурет арқылы үйретсең-бәрін тез ұғып алады»-деген.

Озық технологияларды қолдану қазіргі кезде әрбір ұстаздың міндеті. Жас ұрпақтың өз ана тіліне деген қызығушылығы, жағымды көзқарасы қалыптасады. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымы, санасы, зердесі, тілінің дамуына қазіргі білім беру саласындағы озық технологияларды меңгерген ұстаз болуы шарт.

«Ұстаздың жан-жақты дамуына, кәсіптік, интеллектуалдық, адамгершілік сияқты қасиеттерінің дамуына көмектеседі», -деп Селевко айтқандай, баланың тілін дамыту, сөздік қорын молайту күнделікті өмірде тығыз байланыстыру баланың тілінің таза, көру, есту, тыңдау, қайталау, жаттау қабілеттері жетіледі. Балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолданған дұрыс.

«Мнемотехника» -бұл әдіс-тәсілдер жүйесі, табиғаттың құбылыстары жайлы, қоршаған орта жайлы әңгімені есте сақтау және жаңғырту. Кез-келген әдіс-тәсілдер сияқты мнемотехника әдісі де жеңілден-ауырға қарай болады. Жұмысты қарапайым мнемошаршыдан бастаған жөн. Содан кейін-мнемоалаша, ал содан соң, мнемосызбамен жұмысты жүргізу керек.

«Мнемосызбалар»-бұл ертегілердегі кейіпкерлердің графикалық бейнелері, басқа да іс-әрекеттер. Суретті дайындағанда аса көркем салу керек емес, басты мәселе кез-келген ұстаздың өзіне сай символикалық бейнені сала білуі. Шығарма баланың жас ерекшілігіне сай болуы керек. Бала сонда тез ұғады, ертегі желісін жылдам айтып береді. Сызба үлгісі көркем шығарманы жаттағанда қолданылады. Іс-әрекеттің бұл түрі баланың тек қана зейінін дамытып қоймай, көру, есту, зерттеу зейінін де дамытады қалыптасады. Бала көз алдындағы суретті елестеді де, содан соң естеріне түсіреді.Т.В.Большева-коллаж, Л.И.Ефименко-ертегі құру сызбасын құрған. Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауды жеңілдету. Суреттік-графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді. Баланың тіліне жеңіл, шағын шығарма балалардың тілін дамытады, байланыстыра сөйлеу тілін арттырады. Әңгімені түсініп алуға,көпке дейін есте сақтауға көмектеседі. Ойын толық жеткізуге, ауызекі сөйлеуге үйренеді. Жаңа әңгімені үйреткенде алдымен ұстаз көркем шығармада кездесетін жаңа сөздерге талдау жасап алады.



Осындай сызба-үлгілер арқылы балалардың тілдері ғана емес, шығармашылығы да дамиды. Дүниетанымы, зердесі, сөзге деген қызығушылығы артады. Әңгіме құруға үйренеді, әңгімені ретімен әңгімелеуге, лексика- грамматикалық әңгімелеуге үйренеді. Сызба-үлгіні қолдану мәтінді есте сақтау үрдісін жеделдетеді, есте сақтау, әдіс-тәсілдерді меңгеруін қалыптастырады. Бұл әрекетте есте сақтау қабілеті ғана емес, көру анализаторы да дамиды. Көркем шығармамен таныстырғанда мнемотехниканы қолданамын. Балалармен бірге мәтін бойынша әңгімелесеміз, суреттерді қараймыз, сызбалардың біртінділіктерін зерттейміз. Ересек, даярлық топтарда сызбаның керекті элементтерін таңдайды, бірліктерін орналастыру, әдеби шығармаларды әңгімелеп беру үшін қажет. Бастапқы бөлімде балаларға дайын сызбаларды көрсету керек, одан әрі әртүрлі жағжаяттарын талқылайды. Баланың біртіндеп шығармашылы артады. Дамыту сабақтарда мнемосызбаларды қолдану, ертегі желісін негізгі принциптері бойынша символикалық бейнелерге қарап құру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет