Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет24/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН 
ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ
«Оқу
– жаңа білім алу немесе бар білімді, дағдыларды, мінез-құлықты, 
құндылықтарды немесе артықшылықтарды жаңғырту және ол әртүрлі ақпаратты 
жинақтап кіріктіруді қамтиды» деп саналады 
(Ормрод, 2010).
Білім, дағдылар, түсінік және пікір
Балалардың қалай оқып-үйренетінін және дамитынын білу мектепке дейінгі мекеме 
педагогтері үшін маңызды кәсіби білім болып табылады. Мектепке дейінгі мекемедегі 
балалар туралы білімі мен түсінігі мекемедегі жағдай, ересектердің тәжірибесі мен рөлі 
туралы тұжырым жасауда көмектеседі.
Адам миын зерттеу туралы деректерден үзінді
Невролог ғалымдар адам миы қалай дамитынын және жұмыс істейтінін, 
адамның ақыл-ойы қалай қалыптасатынын зерттеп-зерделеген. Олардың зерттеулері 
бойынша, бөбек кезінен өзіне қамқорлық жасайтындарға зейінмен қарауынан бастап, 
«Сіз менімен ойнауға келесіз бе?» деп сұрайтын сенімді балаға дейінгі аралықтағы 
өте ынталы, ақылды, айналасындағы адамдармен өзара әрекеттестікке түсетін 
белсенді оқушылар екендігін көрсетеді. Балалар туа біткен зерттеушілік қабілетке ие 
және олар құралдар мен ресурстарды зерттеу және меңгеру, өз дағдылары мен 
білімдерін, дүниені түсінуді дамыту үшін барлық сезімдерін іске қосады. 
Ресурстарды өз қалауынша әртүрлі құрастыру еркіндігі балалардың ойлау, оқу 
тәсілдерін қалыптастыруына және әртүрлі салалар арасында байланыс орнатуына 
мүмкіндік бере отырып, икемді және танымдық тұрғыдан даму үшін өте маңызды. 
Оқу және даму теориялары мидың қызметін зерттеу аспектілерімен өзара 
байланысты, ал оқу әрі дербес, әрі әлеуметтік сипатқа ие. Кішкентай балалар енжар 
оқушы болмайды – оларға белсенді және «ми арқылы іске асырылатын» ойындарға 
қатысқан ұнайды. Олар өздерінің таңдауы мен қызығушылығына, өздері қоятын 
сұрақтары мен меңгеруге тырысатын біліміне және сауаттылығын арттыруға ұмтылысы 
арқылы оқу мен дамуға белсенді қатысады. Балалардың таңдауы мен қызығушылығы 
білімді, дағдылар мен түсініктерді қалыптастыру үшін қозғалтқыш күш болып табылады: 
басқа адамдармен жұмыс істеу және ойнау арқылы олар өзі туралы, өзінің әлеуметтік 
және мәдени әлемі туралы түсінігін үнемі кеңейтіп отырады. Балалар басқа адамдармен 
бірлесе отырып, қамқорлыққа негізделген қарым-қатынастар арқасында табысқа жетуге 
ұмтылып, төзімділігін, «шеберлігін» немесе «қабілетін» дамыта отырып, дербес тұлға 
ретіндегі қабілеттерін қалыптастырады. Мектепке дейінгі білім берудің сапалы деңгейде 
болуы балалардың өмірге жағымды көзқарасын қалыптастыруға ықпал етіп, табысты 
оқушы болудың негізін қалайды.
Педагогтер оқу үшін қолайлы орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Ересектер ең алдымен балалардың өздерін әрдайым қорғалатын және қамқорлық 
аясындағы адам, яғни құнды тұлға ретінде сезінуін қамтамасыз етеді. Оқыту барысында 
балалардың өз даму қарқынын сақтап, оларды асықтырмай, әр бала үшін қолайлы әдіс-
тәсілдермен қолдау көрсетілгені орынды. Балалардың уақыты олардың іс-әрекетке 
белсенді қатысуға және өз идеяларын іске асыруға мүмкіндігі болатындай, сондай-ақ өз 
зерттеулеріне немесе шығармашалық жұмыстарына қайта орала алатындай етіп 
басқарылу керек. Ересектер ұйымдастырылатын жұмыстардың қарқынын басқара 
отырып, балаларға өз жұмысын қайта қарастыруға, жалғастыруға, өзінің шебер 
орындауына сүйсінуге мүмкіндік бере отырып, алуан түрлі жаңа тәжірибелік 
жұмыстарды жоспарлау арқылы оларды ынталандыра білуі тиіс. 


Оқу қызметін ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылау үшін қолданылатын 
әртүрлі әдістер мен құралдарды педагогтер іріктеп таңдайды. Білім беру мазмұнын 
жаңарту аясында оқыту үдерісі оқушылардың өздерінің белсенді әрекетімен 
сипатталатынына назар аудару аса маңызды. Бұл жағдайда педагог оқушылардың 
танымдық қызметін ұйымдастырушы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет