Пәндік-кеңістіктік дамытушы орта Бірқатар зерттеулер педагогтің басты объектісі ретінде баланың өзі емес, оның
тұлғалық қасиеттері мен қабілеттері емес, тіпті оның мінез-құлқы да емес, баланың өмір
сүру жағдайы қарастырылуы тиіс екендігін дәйекті түрде әрі жан-жақты дәлелдеген. Бұл
жағдайларға төмендегілер жатады:
- жағдайдың сыртқы факторлары – яғни, ашық кеңістікте, таза ауада оқыту.
Қабырғалармен шектелмеген кеңістік баланың барлық қажеттілігін қамтитын –
когнитивті, коммуникативті, эмоционалдық, әлеуметтік және физикалық оқытудың
біртұтас ортасы болып табылады (Билтон, 2010);
- жағдайдың ішкі факторлары – өзіне тиесілі, өзінің қатысы бар ортада немесе
бөлме ішінде оқыту. Гринманның (2008) тұжырымдауы бойынша үй-жайда немесе бөлме
ішінде оқыту ортасы нақты жағдайда дамудың барлық салаларын қамту арқылы
тексерілетін мол әлеуметтік, коммуникативтік, когнитивті тәжірибе береді, сонымен
қатар тұрақты әрі үнемі бақылауда болады;
- жағдайдың эмоционалдық факторлары – жақсы көңіл-күй факторы физикалық
кеңістіктен анағұрлым маңыздырақ болып табылады. Ол осы ортадағы адамдардың
сезім-күй эмоцияларын қамтиды және «сезінудің» көзге көрінбейтін өлшемі болып
табылады (2-сурет).
4-сурет . Оқыту ортасы
Глисон және Нарвес: «Балаларды оқыту ортасының әртүрлі аспектісі бойынша
дамыту сапалы тәжірибе мен оқу ортасының қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай
факторларға уақыт, оқытатын орын және қарым-қатынас жатады» деп пайымдайды
(Builing Futures, 2004).
Тиімді ата-ана Тиімді ата-ана, яғни тиімді отбасы әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде
күрделі құрылымнан тұрады және өзара әрекеттестіктегі барлық субъектілердің (ата-
аналар мен балалардың) қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың психологиялық