болып табылады. Ойын жағдайында балалар ересектердің іс-әрекетін және олардың
арасындағы қарым-қатынастарды көрсетеді. Осылайша, ана, әке, ғарышкер, педагог,
дәрігер сияқты бейнелерді таңдай отырып, бала олардың өмірдегі әрекеттерін
қайталайды. Ойынның бейнелі сипаты аса маңызды болғандықтан, онсыз ойын болуы
мүмкін емес.
Ойында өмір эмоцияларға толы әртүрлі көрініс түрінде өтеді, бұл бала үшін
шынайы өмірге айналмақ. Д. Элькониннің пікірінше, «Мектепке дейінгі жастағы бала
үшін аффект белгілі бір заттан немесе көру арқылы алған әсерден адамға ауыстырылады,
сондықтан ересек адам мен оның іс-әрекеттері бала үшін тек объективті ғана емес,
субъективті үлгі болады» (Эльконин Д. Б. Ойын психологиясы. М., 1999).
Әрбір бала ерекше тұлға болғандықтан, оның қабілеті мен дарындылығын тани
білу, тиісті тәрбие мен оқыту тәсілдерін тиімді қолдана білу педагогтің алдына
қойылатын маңызды міндет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: