Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Оқу мақсаттары және нәтижелері



Pdf көрінісі
бет47/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Оқу мақсаттары және нәтижелері
Оқу мақсаттары педагогтің балаларға нені үйретуге ұмтылатынымен анықталады. 
Осыған орай тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарын тұжырымдауда төмендегі сұрақтар 
айқындаушы маңызға ие: 
1. Сіздің ойыңызша, балалар қандай білім мен дағдыларды игеруі керек? 
2. Балалар қандай негізгі идеяларды түсінуі керек? 
3. Мектеп жасына дейінгі балалар қандай мәселелерді зерделеуі және талдауы керек? 
Оқыту нәтижелері педагогке баланың сабақта қойылған оқу мақсаттарына қол 
жеткізуде қаншалықты табысқа жеткендігі туралы ақпарат береді: 
- балаға бағдарланған болуы тиіс; 
- белгілі бір дағдыны сипаттайтын етістік формасында баяндалуы керек; 
- балаларды тәрбиелеу мен оқыту нәтижелеріне сәйкес болуы тиіс. 
Топқа арналған
 
перспективалық жоспарды
 
бірдей жастағы балалар тобымен 
жұмыс істейтін екі педагог әзірлейді. Жоғарыда ұсынылған шарттардың орындалуы 
балаларға бірдей бірдей талаптар қоюды және бірдей көзқараспен қарауды қамтамасыз 
етеді, әрбір педагогтің жоспар мен бағдарламаны орындаудағы жауапкершілігін 
арттырады. Кезекпен ауысып жұмыс істейтін тәрбиешілер жұмыс барысында бір-бірімен 
күнделікті байланыста болуы керек, олар балаларды бақылау нәтижелері бойынша үнемі 
бір-бірімен пікір алмасып отыруы қажет: балалар бағдарлама материалын қалай игереді, 
өз міндеттерін қалай орындайды, олардың мәдени дағдылары қалай қалыптасуда, кім 
кіммен және қалай ойнайды, т.с.с. Осы арқылы жоспардың негізгі бөлігін екі тәрбиеші 
бірігіп белгілейді, ал жекелеген бөліктерін әр тәрбиеші дербес қарастырады. Тәрбиеші өз 
тобындағы балаларды жақсы білуі керек, әрбір баланы оның даму барысы арқылы 
зерттеуі керек. Білім беру үдерісін тақырыптық қағидатқа сай ұйымдастыру аймақтық 
және мәдени компоненттерді оңтайлы енгізуге, мектепке дейінгі білім беру ұйымының 
ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді (4-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет