Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты қалай өлшейміз? Қатысқандар: Қатыспағандар



бет1/5
Дата18.12.2019
өлшемі0,8 Mb.
#53743
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
матем

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Сынып:1

Мектеп: №7МГ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бегалина Ж.С.

Сабақтың тақырыбы:Ұзындықты қалай өлшейміз?

Қатысқандар:


Қатыспағандар :

Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.1.3.1- ұзындық өлшеуге арналған әдістерді,құралдарды таңдау,өлшемдерді жүргізу

1.1.3.2 - өлшем бірліктерді см өлшем бірлігін қолдану арқылы шамаларды өлшеу


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сызғыштың көмегімен ұзындықты өлшейді

Оқушылардың басым бөлігі:Логикалық тапсырмаларды орындай алады

Кейбір оқушылар:ұзындық (см)/масса (кг)/көлем (сыйымдылық (л)) өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.


Бағалау критерийлері

-Ұзындық шамаларын ажыратады

-Ұзындықты өлшейді және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазады.

-Ұзындық (см), масса (кг) , сыйымдылық (л) өлшем бірліктерін салыстырады.


Тілдік мақсат

Өлшеуіш; сантиметр.

Құндылықтарды дарыту


Мәңгілік –Ел . Өзара сыйластыққа,басқаларды естуге және тыңдауға дағдыландыру

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Өлшеуіш құралдарды пайдаланған кезде мұқият болу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Слайд, сызғыш

Алдыңғы меңгерілген білім


Ұзындықтарына,биіктіктеріне қарап салыстыруға арналған тапсырмаларды орындау.Тақырыппен байланстыра және заттарды ұзындығы бойынша салыстыруды есте сақтау.


Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


Психологиялық ахуалды тудырып,сабақ мақсатын ашу үшін “Өз орныңды тап ”ойынын өткізу(бойының, шашының ұзындығына сәйкес өз орнын дыбыссыз табу).

(Ұ.)Оқу мақсатын ашу,ақпарат жинақтау және өз идеяларын одан әрі жалғастыру мақсатында «Бес сұрақ» әдісін пайдалану.

— Заттарды ұзындықтарына қарап қалай салыстыру керек? (Ненің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)

— Заттарды биіктіктеріне қарап қалай салыстыру керек? (Ненің биік немесе аласа екенін білу керек.)

— Адамдарды бойларына қарап қалай салыстыру керек? (Кімнің ұзын немесе қысқа екенін білу керек.)

— Неге биіктік бой ұзындыққа жатады? Сендер қалай ойлайсыңдар?

— Ұзындықты әртүрлі өлшемдермен өлшеуге болады. Барлығы үшін ортақ стандартты өлшем бірліктері керек пе? Қалай ойлайсыңдар? Неліктен керек?



(ҚБ)





Сабақ ортасы



Оқулықтағы өлшеуіш құралдардың суретімен танысуды ұсынамын. Егер осы өлшеуіш құралдармен таныс балалар болса, ол жайында айтып беруін сұраймын.

(Ж.)“Орындап көр”әдісі

Бұл айдардағы тапсырманы сабақтың басында “өлшеуіш” ұғымын енгізу үшін орындатамын.

1.Кесіндінің ұзындығын өлшеңіз және нәтижесін тиісті өлшем бірлігімен жазыңыз.



Дескриптор:

- кесіндінің ұзындығын өлшейді және сәйкес өлшем

бірлігімен жазады. (ҚБ)

2.Логикалық тапсырма: ойлан

Қызыл жіп көк жіптен ұзын,көк жіп жасыл жіптен ұзын.Қай жіп ұзын: жасыл ма әлде қызыл ма?



(ҚБ)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет