Сабақтың тақырыбы Шамалар. Масса



бет1/3
Дата08.11.2023
өлшемі146,47 Kb.
#190060
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Шамалар. Масса. 1 сынып


Пән: математика




Күні: 19. 12. 2018 ж

Мұғалімнің аты-жөні: Чуйкебаева С.Е.

Сынып: 1 а

Қатысқандар саны: 18
Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Шамалар. Масса

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 Масса шамаларын ажыратады; оларды өлшеу үшін өлшемдер мен құралдарды таңдау, өлшеу.
1.2.3.3 Масса мәндерін, яғни кг, г өлшем бірліктерін салыстырады және амалдар орындайды.



Тірек сөздер

таразы.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді, білімді өмірде қолдана алады

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, сауат ашу

АКТ қолдану дағдылары




Тілдік құзыреттілік

Таразы, весы, weight

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
3 минут

Күннің көзі терезеден
Бізге, міне, қарап тұр
Сондай жақсы көңіл-күймен
Білімді ортаға саламыз,
«Бестік» баға аламыз.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.




Сабақтың ортасы
14 минут

Ой қозғау
- Бұл не? (Таразы.)
- Ол не үшін керек? (Массаны өлшеу үшін керек.)
Кіріспе тапсырма.
Екі қораптың көзбен массасын салыстырады, қолмен ұстау арқылы анықтайды, таразымен өлшейді.
-Көрдіңіз бе, балалар, көзбен массасы туралы айтқанымыз дұрыс болмауы мүмкін, сондықтан нақты білу үшін таразымен өлшейді.
Масса — ол шама. Кез келген шаманы өлшеуге болады. Заттың массасын өлшеу үшін таразыны және негізгі өлшем бірлік ретінде килограмды пайдаланады. Таразы — заттың массасын анықтайтын құрал.
-Сендер таразыны қайдан кездестірдіңдер? (Оқушы жауаптарын тыңдаңыз.)
Таразының бірнеше түрі көрсетіледі, олармен жұмыс жасау тәсілі сұралады, түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет