Сабақтың басы
|
«Капитан» ойыны арқылы психологиялық ахуалды жақсартамыз (пол жуушы, құтқарушы, ескек есу, тамақтану деген сөздер айтылғанда оқушылар рөлдік ойын ойнайды. 2, 3, 4, 5-ден ойнайды. Үлгерми жұп табалмай қалған оқушы ойыннан шыға береді. Соңында екі оқушы жеңімпаз болып қалады).(5 минут)
Топқа бөліну(қайталау сұрақтары арқылы).
1-3-ке дейін сандар жазылған бейджиктерге қыстырылып тұрған сұрақтарға жауап беріп бейджикті алып төсіне тағып топтпрға бөлініп отырады.
(5 минут)
«Пайыз» тақырыбын жазып, күрделі жағдай тудырамыз.Оқушылардан берілген сөзді қашан және қайда кездестіргені жайлы сұраймыз. Тауар бағасына қатысты жеңілдіктер, банктегі пайыздар, сүт өнімдерінің майлылық пайызы және т.б аналогиялар келтіріңіз. Оқушыларды көрсетілген пайыздар бүтін санның бөлігі болатынын түсінуіне бағыттаймыз. Оқушыларға пайыз ұғымын тұжырымдауды ұсынамыз. Анықтаманы тұжырымдаңыз: «Пайыз деп санның жүзден бір бөлігін атайды», «%» белгісімен белгілейді.
Оқушыларға пайыздың анықтамасына сүйеніп, 3% ды жай бөлшек түрінде, яғни 3% = ; сол сияқты 19% = , 51% = жазуды ұсынамыз.
Оқушылармен пайызды бөлшек түрінде көрсету ережесін тұжырымдаймыз:
«Пайызды бөлшек түрінде жазу үшін, пайыз санын 100-ге бөлу керек».
Бөлшекті пайызбен жазу кері амал болып табылады, яғни«Бөлшекті пайыз түрінде жазу үшін, оны 100%-ға көбейту керек».
Бөлшектерді пайызға айналдыру және кері өрнектеу дағдысын қалыптастыру үшін, «тізбек» бойынша келесі жұмысты ұйымдастырамыз.
Мысалы:
Бір оқушы кез-келген сыныптасына өз қалауымен пайызды атайды. Ал сұрақ қойылған оқушы пайызды бөлшекке айналдырып, келесі сыныптасына өзі таңдаған пайызды айтады.
Жұмыс барлық оқушылар қамтылғаншажалғасады.
Жұмыстың екінші кезеңі біріншідегі сияқты жүргізіледі, бірақ оқушылар бөлшекті пайыз түрінде көрсетеді.
«Миға шабуыл» әдісі бойынша проблемалық сұрақ қойып жаңа сабақтың мағынасын ашамыз.(5минут).
Балалар бүгін сабаққа 100 пайыз қатысып отырмызба?
Оқушылардың жартысы жоқ болса қанша пайыз қатысып отырмыз?
Оқушылардың ширегі жоқ болса қанша пайыз қатысып отырмыз?
Оқушылардың 1/5 , 2/5, 3/5, 4/5 бөлігі жоқ болса қанша пайыз қатысып отырмыз?
Оқушылардың ¾ бөлігі болса қанша пайыз қатысып отырмыз?
«Суретпен жұмыс» әдісі арқылы әр топ суреттердің қанша бөлігі боялған деген сұраққа бірлесіп жұмыс істеп жауап береді(6 минут)
I-топ
II-топ
III-топ
Бағалау критерилері:
|
Дискрипторлары:
|
Пайыз ұғымын меңгере алады
|
Пайыздың анықтамасын біледі;
Пайыздың жазылуын біледі;
|
Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыра отырып өздігінен есеп шығара алады
|
Бөлшекті пайызға айналдырады;
Пайызды бөлшекке айналдырады;
Бұл ережені есептер шығаруға тиімді қолданады;
|
|
Бей-джик,
Пла-кат
|