МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІ
Оқытудың екінші кезеңінде (
мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе)
Бағдарламаның негізгі идеялары тәжірибе жүзінде іске асырылатын болады.
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе кезеңінің мақсаты педагогтің
ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлай және жүргізе алатынын көрсету болып
табылады:
а) оқыту және тәрбиелеу үдерісінде 4К моделін қолдану;
б) «біртұтас тұлғаны» және «Бала үнін» қалыптастыру;
б) педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін, құрылымдалған және еркін ойын
түрлерін қолдану;
в) Үлгілік оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге
сәйкес жоспарлау.
Мектепке дейінгі ұйымдағы тәжірибе кезеңінде орындауға арналған
тапсырмаларды орындау мақсатында педагогтер Бағдарламаның негізгі бағыттары мен
мазмұнына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның жағдайын ескере отырып, өзінің күнделікті
жұмыс тәжірибесінде жаңа тәсілдерді қолданады. Педагог мектепке дейінгі ұйымдағы
тәжірибе кезінде өзінің жұмыс тәжірибесіне енгізген өзгерістерін өзі жүйелі түрде
бағамдап отырады.
Педагогтің тәрбиелеу мен оқытуға өз тәжірибесінде өзгеріс енгізуіне білім беру
порталындағы форум, мобильді құрылғылардағы мессенджерлер (WhatsApp, Telegram,
Skype және т.б.) чаттары арқылы тренер және басқа әріптестері тарапынан қолдау
(асинхронды оқу) көрсетіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: