Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Жыныстық зорлық-зомбылыққа көрген балалардың психологиялық белгілері



Pdf көрінісі
бет129/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

 
Жыныстық зорлық-зомбылыққа көрген балалардың психологиялық белгілері 
Баланың жасы 
Ортақ белгілері 
Мектеп жасына дейінгі 
балалар 
Мазасыздық, Жаман түс көрулер 
Психологиялық зақымданудан кейінгі жалпы күйзеліс 
жағдайы 
Қашу мінезі 
Үйден кетіп қалу 
Депрессия 
Жасқаншақтық
Эмоционалды және психикалық дамудың кешуілдеуі 
Шамадан тыс бақылау 
Агрессия, анти-әлеуметтік, бақыланбайтын мінез 
Сексуалданған мінез-құлық 
Бастауыш сынып 
оқушылары 
Қорқыныш 
Нейротикалық және жалпы психикалық аурулар 
Агрессия 
Ұйқысыздық 
Мектеп мәселелері 
Жоғары белсенділік 
Регрессивті мінез 
Жасөспірімдер 
Депрессия 
Үйден кету 


98 
Өзін-өзі өлтіру және өзін-өзі зақымдау мінезі 
Соматикалық шағымдар 
Заңсыз әрекеттер 
Үйден қашып кету 
Кіріптар мінез 
Жезөкшелік
Зорлық-зомбылық пен қатал қарау қауіпінің тобына келесі кәмелетке толмағандарды 
жатқызуға болады: 
• ата-анасының наркологиялық, психопатологиялық ауыртпалықтары, отбасы 
мүшелерінің азғындық немесе қылмыстық мінез-құлықтары бар әлеуметтік, тұрмысы төмен 
отбасыларда тұратын балалар; 
• ата-аналық құқықтан айырылуына байланысты бір немесе екі ата-анасының да 
қамқорынсыз қалған және мемлекеттік интернаттың қарамағында қалған немесе балалардың 
физикалық, психо-әлеуметтік жағдайда өмірлік қажеттіліктерін толық қанағаттандыра 
алмайтын адамдардың асырап алған балалар (әлеуметтік жетімдер); 
• қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және мәжбүрлі тәрбие шараларын қажет 
ететін әлеуметтік (қылмыстық) мінез-құлықтары бар балалар; 
• ерекше қиын жағдайларда тұратын балалар (босқындардың отбасыларында, жер 
аударылған адамдарда, жұмыссыздарда, кәмелетке толмаған аналар қолында). 
Тұлғаның әлеуметтенуі орын алатын қарым-қатынастың басқа бір саласы интернат 
мекемелерінде білім алу болып табылады. Осы саланың келесі ерекшеліктерін ажыратуға
болады: оның салдарынан бала эмоционалдық бас тарту, психологиялық және физикалық 
зорлық-зомбылық қаупіне ұшырайды. 
Психикалық және физикалық кемшіліктері бар балалар әлеуметтік ортаға қосылған 
кезде тікелей кемсітуге ұшырайды. Оқыту мен тәрбиелеудің ерекше жағдайлары олардың 
көпшілігі үшін әлеуметтік және психологиялық оқшаулау мен «шеттету» нысанына 
айналады. 
Бағдарламалардың саралануын және білім берудің элиталық түрлерін енгізуді бастан 
кешіп жатқан орта мектеп, әртүрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қақтығыс аймақтарын 
тудырады. Бұл тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі агрессиялықты арттырады. 
Әлеуметтік жетімдіктің өсуі қолайсыз отбасылардан балалардың көшеге тасталуымен, 
бос уақыттың қысқаруымен, «зорлық-зомбылық қөрсету арқылы жетістікке жету» жолымен 
басым жағдай жасаумен бірге жүреді. Балалардың үлкен тобы қылмыстық ортада. Ол топ 
қылмыстық әрекеттермен айналысады, сөйтіп зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлеріне 
жолықтырады. 
Осылайша, зорлық қауіпін едәуір арттыратын факторлар көбеюде. 
Зорлық-зомбылық қарым-қатынастың бір бөлігі болуы мүмкін. Бұл мүлдем таныс емес 
және ұзақ уақыт бірге өмір сүретін адамдар арасында болуы мүмкін. Балаларға зорлық-
зомбылық жасау жағдайында көбінесе кінәлі адам – ол бала жақсы білетін және оған сенетін 
адам. Сарапшылардың пікірінше, балаларға зорлық көрсеткен кінәлілердің 25%-дан 75%-ға 
дейінгісі – олардың туыстары болып табылады. Көбінесе олар балаға өзінің күшін өткізуде 
пара беруді, бопсалауды, қорқытуды, физикалық жәбір көрсетуді қоладанады. Отбасындағы 
зорлық-зомбылық жағдайында бала қауіпті және қорқынышты сезінбейді, жиі көмекке 
жүгінбейді, зорлық-зомбылықтың өзінен және жақындарының сатқындығынан зардап 
шегеді. 
Зорлық-зомбылық құрбаны – зорлық, қысым, алдау арқылы қатысатын кез-келген адам. 
Дегенмен, статистика деректері зорлық-зомбылықтың ең көп мөлшері балалар мен жастарға 
жасалатындығын көрсетеді. Бұл жасөспірімдердің физиологиялық және әлеуметтік-
психологиялық сипаттамасымен түсіндіріледі: ересек адамға қарағанда физикалық күші аз, 
психологиялық осалдығы, әлеуметтік және моральдық тәуелділігі. 
«Жәбірленушілер комплексін» қалыптастыруда белгілі бір рольді мыналар ойнайды: 


99 
әлеуметтік оқшаулау, әлеуметтік қорғансыздық және ортадағы тұрақсыздық жағдайында 
болашағынан қорқу. Туа біткен жәбірленушілер болмайды, бірақ адамның жеке, психикалық 
және әлеуметтік қасиеттері мен сапалары (пассивтілік, қорқыныш, иланушылық, 
тұрақсыздық, немқұрайдылық мінез, қорқақтық, өз-өзіне сенімсіздік және т.б.) адамды 
қылмыстың құрбаны етуі мүмкін. 
Көп жағдайда зорлық-зомбылық жасаған адам басқаларға үстемдік жасау қажеттілігімен 
ерекшеленеді, ал өзіне біреуді бағындыру әдісі қатыгездікке жатады. Ол өз қажеттілігін 
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін іс-әрекеттерге бейсаналы түрде ұмтылады. 
Зорлаушылардың аз ғана бөлігі психикалық ауратын адамдар. Әсіресе мінез-құлық 
акцентуациясы бар адамдар көп кездеседі. Сарапшылардың деректері бойынша, 
зорлаушылар арасында психопаттар 49,7%, маскүнемдер - 50,8%, олигофрендер – 36%, 
орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары бар адамдар - 63% болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет