Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет142/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Әдістемелік тәсілдер 
Медиацияның ең қарапайым және қолжетімді анықтамасы – ережелер бойынша 
келіссөздер. Медиация (делдалдық) – қақтығыстарды шешудің өркениетті тәсілдерінің бірі. 
Қазіргі уақытта медиация әртүрлі теориялық-әдіснамалық платформалармен негізделген 
әртүрлі әдіснамалық тәсілдерден тұрады. Мектеп медиациясында қолданылатын тәсілдердің 
өзектілігі мен қажеттілігі тұрғысынан мыналарды көрсетуге болады: трансформативті, 
нарративті, экожүйелік, түсінуге негізделген тәсіл және т. б. 
Трансформативті тәсіл
. Осы тәсіл шеңберінде қатысушылар медиацияның күн тәртібін 
іс жүзінде дербес анықтайды, ал медиаторға екінші дәрежелі рөл беріледі. Басты назар – 
тараптардың қарым-қатынасы, оларға болып жатқан жағдайға жаңаша қарауға және 
жағдайды шешуге мүмкіндік беру. Келіссөздер процесіне қатысушылар тек қана тыңдалып 
қана қоймай, бір-бірін естуі керек. 
Медиатор өзінде басуы тиіс негізгі ішкі импульс – директивтілік, яғни келіссөздер 
барысын белгілі бір арнаға бағыттау ниеті. Ол оған дұрыс болып көрінетін арнада келіссөз 
жүргізбей, қатысушылардың пікірін ұстануға тиіс (мысалы, медиацияның басқа үлгілерінде 
рұқсат етілген "парасатты" болуға мәжбүрлемеуге тиіс). Бұл әдіс педагогтар үшін өте 
пайдалы, себебі қарым-қатынастың директивалық стилі ерекшеліктен гөрі норма болып 
табылады (Н. Гордийчук.В.). 
Нарративті тәсіл
(нарративті медиация) медиатор қақтығыстың жаңа тарихын 
қалыптастыруға ықпал ететін процесс ретінде құрылады. Бұған дейін қақтығысушылардың 
көзқарасынан тыс қалған фактілер қатысушылардың жағдайға деген көзқарасын түбегейлі 
өзгертуі мүмкін. Мысалы, келіссөзге қатысушылардың қайсысы бұрын өз проблемалары мен 
наразылық немесе агрессия тудырған нақты себептері туралы айтуға қорыққан, медиатордың 
көмегімен оларды дауыстап айтуға жігер табады. 
Экожүйелік медиация 
ажырасқаннан кейін ерлі-зайыптылар арасындағы қалыпты, 
өркениетті қатынастарды сақтау мақсатында отбасылық дауларды реттеу үшін қолданылады. 
Бұл тәсіл мәдениетаралық қақтығыстар мен түрлі ұрпақтардың арасындағы дауларға да 
қолданылады. Экожүйелік медиация пәнаралық білімді, шиеленісті түсінуді және басқаруды 


107 
ұштастырады. Отбасы мүшелеріне олардың одан әрі қарым-қатынастарын жоспарлауға және 
олардың практикалық мәселелерін шешуге, сондай-ақ, егер мұндай қажеттілік болса, қол 
жеткізілген уағдаластықтарды заңдық ресімдеуге көмек көрсетіледі. 
Медиацияның басты мақсаты медиативтік рәсімге қатысушылардың перспективаға, 
басымдықтарға және мүдделерге назар аударуының арқасында даулы мәселелерді шешу 
болып табылады. Осы тәсіл шеңберінде олар қабылдайтын шешімдер үшін тараптардың 
дербес жауапкершілігіне басты мән беріледі. Бұл тәсілдің философиясы медиаторлардың 
емес, қатысушылардың өздері даудың мәнін толық түсінеді және өз билігінде дұрыс шешім 
қабылдау бойынша оңтайлы мүмкіндіктері бар (Д. С. Кулапов) (Е. В. Гребенкин) 
Сонымен, қазіргі психологияда қақтығыстың бірқатар негізгі элементтері бар: қақтығыс 
тараптары (қатысушылар, субъектілер); қақтығыстың өту шарттары; қақтығыс жағдайының 
бейнелері; қақтығысқа қатысушылардың ықтимал әрекеттері. 
Қақтығыс бір тарап екіншісінің талабы өзінікімен үйлеспейді деп шешкен сәттен 
басталады. Бұл қабылданатын үйлеспеушілігі бар баламалардың бірінші және екінші 
тараптың талап-тілектерін қандай дәрежеде қанағаттандыра алатынына байланысты. Егер 
бар баламалар екі тараптың талаптарымен үйлесімді болса, қақтығыс таралмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет