4
КІРІСПЕ
1.
Білім беру ұйымдары психологтерінің біліктілігін арттыру курсының білім беру
бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) негізінде әзірленген
білім беру ұйымдарының
психологтеріне (бұдан әрі – тыңдаушылар) курста және курстан кейінгі кезеңде білім беру
ұйымдарындағы психологиялық қызметте қолдануға арналған тәжірибелік нұсқаулық (бұдан
әрі – Нұсқаулық) болып табылады.
Біліктілікті арттыру курсының ең басты мақсаты тыңдаушылардың білім беру
ұйымдарында психологиялық қызметті
ұйымдастыру жөніндегі білім, білік, дағдыларын
жетілдіру болып табылады.
Нұсқаулық Бағдарламамен бірге қолданылуы тиіс. Нұсқаулықта
бала психикасының
табиғатын, психологиялық қорғау механизімін түсінуге бағытталған заманауи
психологиялық
тәсілдер, тұжырымдамалар,
білім алушыларға, ата-аналарға және
педагогтерге
психологиялық кеңес беру, когнитивті,
эмоционалды, әлеуметтік және мінез-
құлық ауытқушылықтарының алдын алу
бойынша практикалық ұсынымдар, сондай-ақ
жүйелі супервизия мен өзіндік терапия және мектеп медитациясын жүргізу үшін
қажет
кәсіби психологиялық рефлексия дағдыны дамыту туралы туралы ақпараттар берілген.
Достарыңызбен бөлісу: