6
Мектеп психологиясының дамуына және құрылымына ХХ ғасырдың екінші жартысында
қабылданған заңнамалық саладағы өзгерістер үлкен әсер етті. Білім беру туралы заңға жаңа
ережелер енгізу және мақсатты қаржыландырудың көмегімен АҚШ психологтері үшін
қазіргі уақытта жұмыс істеудің жаңаша жағдайлары құрылды. Жаңа заңнамада көрсетілген
психологтерге берілетін артықшылықтар олардың жұмысына
қойылатын талаптарды
күшейтті. Атап айтқанда, психолог қызметінің дәстүрлі әдістеріне балалармен жұмыс
жүргізудің жаңа үлгілері енгізілді. Психологтер жұмысының осы жаңа бағыттарының
арасында балалармен
жұмыс істеу процесіне емес, нәтижеге бағытталған дамыту
бағдарламалары негізгі орын алады. Бұл өзгерістер психологтің мәртебесін өзгертуге алып
келді.
АҚШ мектептеріндегі психологиялық қызмет көбінесе 6 бағыт бойынша жұмыс істейді:
1)
Арнайы назар аударуды қажет ететін оқушыларды жеке тестілеу. Эмоционалдық,
әлеуметтік, лингвистикалық және танымдық даму деңгейлері бағаланады.
Құрал ретінде
білім беру және психологиялық тестілеу қолданылады.
2)
Тікелей араласу: эмоционалдық, әлеуметтік және танымдық дамытуға тікелей ықпал
ету. Психологиялық қызмет және қолдау көрсету барысында оқыту, тренинг, каунселинг
және терапияның көптеген түрлері қолданылады.
3)
Жанама араласу: мұғалімдермен, педагогика саласындағы басқа да мамандармен, ата-
аналармен жұмыс. Әдетте жанама араласуға тестілеу, топтық оқытуға қатысу, каунселинг,
кеңес беру және ынтымақтастық кіреді.
4)
Зерттеушілік және ғылыми қызмет.
5)
Супервизия және әкімшілік жұмыс: мектептегі психологиялық
қызметтің жұмыс
жоспарын құру және әзірлеу, жұмысқа қабылдау және супервизия, мектеп психологтерінің
біліктілігін арттыру, басқа да әлеуметтік және психологиялық қызмет орындарымен бірлесе
жұмыс жүргізу.
6)
Мінез-құлық ауытқуларының түрлі жағымсыз салдарларының алдын алу және азайту.
Негізінен бұл бағдарламалар девиантты мінез-құлықты жеткіншектерге арналған (есірткіге
және алкогольге (ішімдік) тәуелділік, суицид, мектепті тастап кету, мектептегі зорлық-
зомбылық, әлімжеттік, ерте жүктілік).
Достарыңызбен бөлісу: