64
«Эмоцияларды зерттеуші» жаттығуы
Балаға кез келген эмоцияны зерттеуге, оның дененің қай бөлігінде тұрғанын және
қандай бейнеде көрінетінін анықтауға көмектесіңіз.
Баламен жаттығуды орындау алгоритмі:
1. Балаға эмоцияны еске түсіруін сұраңыз
2. Баладан осы эмоция пайда болған сәттегі жағдайды еске түсіруін сұраңыз
3. Баладан бұл эмоцияның бейнесін елестетіп, айтып беруді сұраңыз: ол қандай түсті,
дененің қай жерінде орналасқанын – баста, иықта, мойында, кеудеде, іште, дененің басқа
бөліктерінде.
4. Бала эмоцияның орналасқан жерін анықтағаннан кейін, оны суреттегі эмоцияны
осы сәтте пайдаланғысы келетін түспен көрсетуді сұраңыз
5. Баламен бірге осы эмоцияның пайда болу белгілерін сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: