Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Балаға қатыгездікпен қарым-қатынас танытудың анықтамасы



Pdf көрінісі
бет116/170
Дата07.02.2022
өлшемі2,25 Mb.
#94221
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   170
Байланысты:
Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз

Балаға қатыгездікпен қарым-қатынас танытудың анықтамасы 
Балаға қатыгездік қарым-қатынас таныту– дегеніміз
балалардың қамын ойлап, оларға 
қамқорлық жасауға міндетті ересектердің баланың дене және психикалық денсаулығына
оның дамуына зиян келтіретін әдейі және әдейі емес әрекеттердің / әрекетсіздіктердің алуан 
түрлілігі. 
Бұл құбылысты белгілеу үшін ағылшын тіліндегі терминологияда Child Abuse and 
Neglect (CAN) сияқты ұғым бұрыннан қалыптасқан. 
Балаға қатыгездік қарым – қатынасты анықтау баланың өзекті жай – күйін 
қарастырады. Сондай ақ, қазіргі уақытта балаға келтірілген зиянды, өмір сүру жағдайы мен 
оның денсаулығына, дамуына және әлеуметтік бейімделуіне әсер етуі мүмкін қарым-
қатынас қалпын да ескереді. 
Қатыгездік қарым-қатынас жағдайларына тек нақты әрекеттер ғана емес (ұрып-соғу, 
зорлау және т.б.), сонымен қатар балаға зиян келтіретін ересектердің тарапынан әрекеттердің 
көптүрлілігі (не әрекетсіздіктері) жатады. Бұл өте кішкентай баланы үйде немесе көшеде 
қараусыз қалдыру, бірнеше сағат бойы бұрышта тұруға мәжбүрлеу, үнемі "топас" деп 
қорлау, тыр жалаңаш шешіндіріп жыныстық мүшелерңн сипалау, порнографиялық 
фильмдерді көрсету, нашар тамақтандырып, жұпыны, кір-қожалақ киіндіру, оқуына жағдай 
жасамау, жоғары талап қойып кейін оған сәйкес келмегені үшін жазалау.Бұл жағдайлардың 
жалпы салдары бір. Отбасындағы баланы жарақаттайтын, оның дамуына кері әсер ететін
"нашар"," қатал"," бұрыс" қарым-қатынас. 


83 
Мұндай қарым-қатынас саналы да, санасыз да болуы мүмкін, сыртқы факторлармен 
де, ата-аналар мен баланың ерекшеліктерімен де байланысты болуы мүмкін, ересек адамның 
қандай да бір әрекеттерімен немесе керісінше оның әрекетсіздігімен (мысалы, қауіпсіздікті 
қамтамасыз етпеу) анықталуы мүмкін.
Ата-аналар мен балалар арасындағы даулы жағдайларда өзара іс-қимылдың барлық 
түрлерінен бастап, баланың өміріне қауіп төндіретін жағдайларға дейін бағалаудағы 
объективтілік мәселесі күрделі болып табылады. 
Балалармен қатал қарым-қатынас феноменін (CAN синдромын) түсінуді және дәл 
сипаттауды қиындататын себептер: 
1
. Қоғамда ата-аналардың балаларға қолайлы және қолайсыз (немесе қауіпті) әсер ету 
формаларының аражігі туралы нақты түсініктің болмауы; 
2
) Балаға әсер етудің ықтимал қаупі немесе оның зиянды салдарын анықтауға арнайы 
әзірленген критерийлердің болмауы;
3)
Б
аланың жасына, жынысына, әрекетіне, этикалық мәдениеті мен мәнмәтіндік 
(контекстуалды) факторларына байланысты баламен болған оқиғаның мәні айтарлықтай 
өзгеру фактісі. Қатал қарым-қатынасты анықтау немен негізделуі тиіс түсініксіздігі: 
ересектердің іс-әрекеттеріне ме, әлде олардың жеке ерекшеліктеріне ме? Бала үшін қатал 
қарым-қатынастың салдарына ма, әлде ортаның ерекшеліктеріне ме? Мүмкін осы 
факторлардың кейбір комбинацияларына шығар? 
Балаларға көрсетілетін қатыгездік қарым-қатынасты тану кезінде ескерілуі қажет 
айнымалылар: 
1. 
Әсері мен салдарының ауырлығы; 
2. 
Әсер ету жиілігі мен ұзақтығы; 
3. 
Баланың жасы мен даму деңгейі; 
4. 
Этикалық және мәдени нормалар мен дәстүрлер. 
Халықаралық кәсіби қоғамдастық зорлық-зомбылық ұғымына физикалық, жыныстық, 
психологиялық (психикалық, эмоциялық), экономикалық, медициналық түрлерін жатқызады. 
Соңғы жылдары:

"харрасмент" (вербальды және вербальды емес дәмелену және шектен тыс 
жыныстық қысым көрсету, мысалы педофилияны) ұғымы; 

институционалдық зорлық — зомбылық (педагогикалық: мектептегі, сәбилер 
мен балалар үйіндегі және т. б.; кәмелетке толмағандарды өз қалауына 
қарамастан, оларға қамқорлық жасау; жасөспірімдерді ұсақ құқық 
бұзушылықтар жасағаны үшін полицияға есепке қою және т. б.) түрі жиі 
кездеседі (Л.С.Алексеева, 2016).
Дәстүрлі түсінікте балаларға жасалатын қатал қарым-қатынастын төрт жалпы санаты бар: 
1)
физикалық зорлық-зомбылық; 
2)
жыныстық зорлық-зомбылық; 
3)
баланың мұқтаждықтарын елемеу; 
4)
эмоциялық (психологиялық) зорлық-зомбылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   170




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет